«Қазақ тілі» пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары (3 сынып)
Тыңдалым. Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Шын дос
Мұқан есебін шығара алмай отырған. Ойына Сәкен түсті. Жүгіріп Сәкенге келді. Ол есебін шығарып қойыпты. Мұқан есепті көшіріп алғысы келді. Бірақ Сәкен дәптерін бермеді . Мұқан досына ренжіп қалды. Ол есікке қарай беттеді. Сәкен досын тоқтатты. Олар ұзақ отырып есеп шығарды. Мұқан досына риза
болып, үйіне қайтты.
Мәтіннің кейіпкерлерін жаз__________________________________________
Саған қай кейіпкер ұнады? Неліктен? _________________________________________
Мұқан мен Сәкенді «шын достар» деуге бола ма? Ойыңды дәлелде.
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
[5]
Оқылым. Тапсырма
Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Шындық бәрінен қымбат
Асан ойнап отырып қымбат кесені сындырып алды. Оны ешкім көрген
жоқ. Анасы жұмыстан келді. Ол:
Кесені кім сындырды?, - деп сұрады.
Мен, - деді Асан ақырын ғана.
Шыныңды айтқаның үшін рақмет!, - деді анасы.
Анасы баласына не үшін алғыс айтты? ________________________________________
Саған баланың іс- әрекеті ұнады ма? Неліктен? _________________________________
Асан қандай бала деп ойлайсың? ________________________________________
Асаннан қандай үлгі алуға болады? ________________________________________
Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың? ________________________
[5]
Жазылым
Берілген керекті сөздермен шағын мәтін жаз. Керекті сөздер: әдепті, ақылды, ұқыпты, жалқау, еріншек, көмектесу, бос орын, аялдама, үй жинау, ана, әке
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [5]
Достарыңызбен бөлісу: |