«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет16/17
Дата25.10.2023
өлшемі362 Kb.
#188252
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
« аза тілі» п нінен (о ыту аза тілінде) то санды жиынты ба

Оқылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, оның қандай стильде жазылғанын анықтаңыз және ерекше сөз қолданыстарынан мысалдар келтіріңіз.
[10]

Адамзат бүгінгі таңда әлеуметтік шиеленісті өршітетін қоғамдық індеттердің бұғауынан құрық үзіп, құтыла алмай отыр, бірақ көңілге үміт ұялатар мүмкіндіктер де жоқ емес. ХІХ–ХХ ғасырларда адам баласы ғылым мен техникалық прогресте бұрын-соңды болмаған ғаламат жетістіктерге қол жеткізді. Нағыз ғылым дегеніміз – ғалам мен ондағы құбылыстардың астарына үңіліп, шынайы мәнін ұғыну және оның арқасындағы Ұлы Құдіреттің мұратын сезіну. Табиғатты өзіне бағындырарлықтай мүмкіндікте жаратылған адам баласы ғаламды танып-білуге, білгендерін көкейінде түюге тиісті. Көңілге түйіп, көкейге тоқығандары арқылы табиғатты құрық атып бас білдірген тайыншадай дегеніне көндіріп, ықпал жасаудың жолдарын қарастырады. Бұл табиғаттың адамға аманат етілуі, ал адамның Жаратушының әмірлеріне мойынсұнып, құл екенін сезінуі дегенге саяды.


Қазіргі жағдайға ой жүгіртсек, физика, химия, астрономия, медицина, т.б. ғылым салалары уақыт озған сайын адам баласының игілігі үшін түрлі жетістіктерін алға тартуда. Осыған қарап ғылым мен технология адам баласының игілігі үшін екендігін пайымдаймыз. Бұдан үрейленудің де жөні жоқ. Басқа келер қатерді ғылым-білімнен немесе ғылым-біліммен қаруланған дүниеден іздеу бос әурешілік, нағыз қатер надандықта, санасыздықта және жауапкершіліктен жалтарған табансыздықта.
Кейде ғылым-білімге сүйеніп, он ойланып, тоғыз толғанған іс-әрекеттеріміздің өзі оңды нәтиже бермей жататындығы белгілі. Бұған түсіністікпен қараған жөн. Ал бірақ білімсіздіктің, жоспарсыздықтың әрдайым тұйыққа тірейтіндігін ұмытпау қажет.



Мәтін не туралы?




Мәтін қандай стильде жазылған?




Оған дәлел ретінде сөз қолданыстарынан мысалдар келтіріңіз.







  1. Мәтіннің негізгі ойына қатысты және негізгі, қосымша ақпараттарға байланысты 1 сұрақтан құрастырыңыз.




Жалпы негізгі ойына қатысты 1 сұрақ






Негізгі ақпаратқа қатысты 1 сұрақ






Қосымша ақпаратқа қатысты 1 сұрақ






Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, тыныс белгілердің орынды қойылуына назар аударыңыз.
[10]



  1. Ғылым мен технология дами келе адамзаттың орнын басады деген пікірге келісу-келіспеу себептерін көрсетіп жазыңыз.

  2. Қазіргі кезде қазақтың салт-дәстүрлерін өзгертіп жатады, бұл дұрыс па? Көтерілген мәселе бойынша келісу, келіспеу пікіріңізді білдіріп, нақты мысалдармен дәлелдей жазыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет