в) Өз пәндеріңіз бойынша сабақтарыңызда саралауды қолданудың маңыздылығы неде?
г)Сіз өз тәжірибеңізде саралап оқытудың қандай стратегияларын қолданасыз? Мысал келтіріңіз
Сіздің жауабыңыз: а) Қашықтан оқу форматында саралау өте маңызды. Саралап оқыту әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырма мен нұсқауларды, материал мен әдіс-тәсілдерді іріктеп қолдану процесі, оқушыларды оқуға ынталандыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Мұғалім әр оқушының қабілетіне байланысты әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды қолдану арқылы сабақты ұйымдастыра алады және бірдей оқу материалын беруде әр түрлі оқу стратегияларын қолдана алады. Саралап оқыту – тұлғаның ерекшеліктерін ескеріп ұйымдастырылған оқу процесі.
б)_СЫРТҚЫ САРАЛАУ және ІШКІ САРАЛАУ
Сыртқы саралау - Оқушылардың белгілі бір сипаттамаларына (қабілеттеріне, қызығушылықтарына және т.б.) сәйкес білім беру мазмұны, оқыту әдістері және ұйымдастырушылық формалары әртүрлі болатын тұрақты топтарға немесе бейіндік сыныптарға бөлінуі.
Ішкі саралау - Кездейсоқ белгілермен құрылған тұрақты топта (сыныпта) оқыту барысында балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру
в) Мұғалімдер оқушылардың өз потенциалын мейлінше көбірек пайдалануына көмектесуі керек.Оқушының қалай оқитынынын түсінуі керек.
Мұғалімдер қабілетті оқушылардың (дарынды және талантты оқушылар) қажеттілігін жақсы түсінуі тиіс.
Ерекше қажеттілігі бар (оқуда кедергілері бар) оқушылардың қажеттілігін түсінуі керек.Мұғалім әрбір жеке оқушыға қолайлы оқу ортасын қалай қамтамасыз ету керектігін білуі тиіс.
г) Өз тәжірибемде көбіне саралап оқытудың оқу ортасы бойынша саралауды алар едім. Оптималды оқу жағдайы физикалық және психологиялық элементтерден тұрады.
Оқу ортасын ұйымдастырудың икемді жолдарының бірі жеке және топтық жұмыстарды жүргізуге ыңғайлы мектеп жабдықтарымен қамтамасыз ету.
психологиялық тұрғыдан айтқанда мұғалімдер сыныпта қауіпсіз және қолайлы оқу ортасын қамтамасыз ететіндей оқу процесін ұйымдастыруы қажет.