5В080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
мамандығының күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған
Зертханалық жұмыстарды орындауға
ӘДІСТЕМЕЛІК ұсыныстар мен нұсқаулықтары
Павлодар
Зертханалық сабақ № 1. Ұрықтандыру уақытын анықтау және ұрықтандыру
Мақсат: Аналықты ұрықтандыру уақытын білу;
Аналықты ұрықтандыру тәсілдерін үйрену.
Материалдар мен жабдықтар: аналықтың жыныстық көріністерін мен күйітін анықтауға арналған схема, сурет және кестелер.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:
Зертханалық сабақ материалдарын оқытушы айтып түсіндіреді;
Студенттер күйітті және ұрықтандыру уақытын анықтау тәсілдерін
үйренеді.
Мазмұны: Аналықтың жыныс айналымының қозу сатысындағы шырыш ағу, жыныстық қозу, күйіт келуді сыртқы көріністер арқылы анықтау тәсілдері. Күйіт анықтау негізгі тәсілдер. Сиырды ректо-цервикалдық, саулықты визо-цервикалдық тәсілмен ұрықтандыру.
Зертханалық сабақ № 2. Әртүрлі жануарлар аналықтарын егіздету.
Мақсат: Аналықтарды жасанды егіздету тәсілін білу;
Қолданылатын гормондарды және олардың мөлшерлерімен танысу.
Материалдар мен жабдықтар: аналықтарды егіздету үшін қолданылатын гормондар: КДҚГ, Простагландин, ББҚС.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:
Оқытушы материалдарды айтып түсіндіреді және препараттарды
көрсету;
Қолданылатын гормоналдық дәрі-дәрмектердің түрлері және
мөлшерлерін студенттер жазып алады.
Мазмұны. Буаз бие қан сарысуын (ББҚС) дайындау және зарарсыздандыру. Әртүрлі жануарлардың аналықтарын гормондармен егіздету техникасы. Ірі қара мал мен саулықты егіздету үшін ББҚС қолдану және оның мөлшері.
Тапсырма:
Жануарлардың егіздеуінің маңыздылығы;
Бұл биотехнологияның артықшылығы мен кемшілік тұстары;
Жасынды егіздетуді қолдану мүмкіндіктері.
Бақылау сұрақтары: Мал жануарлар егіздеуінің табиғатта кездесетін түрлері?
Бұл биотехнологияны мал шаруашылғына қолдануға бола ма?
Аналықтарды жасанды егіздету әдістерін білесіз бе?
Мазмұны. Прогестеронды қолдану тәсілдері: азыққа қосу, имплантация, тері асты және бұлшық етке егу, қынапқа енгізіп қою. Пессарилер и придтер. Простагландин дәрі-дәрмектері. Простагландинді қолдану: 11 тәуліктік қайталап қолдану және таңдап егу.
Тапсырма:
Аналықтардың күйітін сәйкестіру деген не?
Синхронизация үшін қандай препараттарды қандай жолдрмен
қолданады?
Бақылау сұрақтары:
Синхронизация малшаруашылығы үшін қандай маңызға ие
Күйіт сәйкестіруді қандай - қандай мақсатпен қолданады?
Аналықтардың күйітін қандай тәсілдермен сәйкестіруге болады?
Зертханалық сабақ № 4. Донор-аналыққа суперовуляция тудыру.
Материалдар мен жабдықтар: донор – аналыққа суперовуляция тудыру үшінқолданылатын гормондар: КДҚГ, Простагландин, ББҚСГ.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:
Оқытушы сабақ материалдарын түсіндіреді және суперовуляцияға
қажет препараттарды көрсетеді, донорды ұрықтандыруға қажет шәует мөлшерін, ұрықтандырудың қайталануын айтып ұқтырады;
Студенттер қолданылатын препараттардың түрлерін, мөлшерін
жазып алады және донорды ұрықтандыру тәсілін белгілеп алады.
Мазмұны. Гормондық препараттарды қосып қолдану тәсілі. Простагландинді қолдану тәсілдерін және оның қорытындысы. Донор-аналықты ұрықтандыру тәсілі мен оған керек шәует мөлшері. Ұрықтандырудың қайталанылуы.
Тапсырма:
Донор және реципиент аналықтардың күйітін сәйкестірудің маңызы;
Суперовуляциядан кейін донор-сиырды ұрықтандыру
ерекшеліктері.
Бақылау сұрақтары:
Не үшін донор және реципиент аналықтардың күйітін сәйкестіреді ?
Бұл процедураны қалай өткізеді?
Донор-сиырды қандай мөлшер шәуетпен және қанша рет
Мақсат: Донор-аналықтан ұрық шайып алу әсілдерін білу;
Ұрық алатын құрал, жабдықтармен танысу.
Материалдар және жабдықтар: Көлемі әртүрлі силикон бөтелкелер, раствор Дюълбекко ерітіндісі, Фоллей катетері, шайынды сұйықтың көлемін азайтуға арналған резинка түтіктер т.б.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:
Оқытушы сабақтың мазмұнын түсіндіріп айтады және
материалдамен, құрал жабдықтармен таныстырады;
Студенттер сиырдан ұрық шайып алу әдісін конспектіге жазып
алады.
Мазмұны. Ұрық алуға арналған құралдар мен жабдықтар. Румпон қолдану немесе анестезия жасау. Тік ішектегі тезек массасын сыртқа шығару. Катетерді жатыр мойын арығынан өткізіп, мүйіздің ұшына дейін жеткізіп орналастыру. Жатыр мүйізін шайю және қажетті ерітінді. Жатырдан шыққан шайынды сұйықты жинау. Келесі жатыр мүйізін шаю техникасы.
Тапсырма:
Донор-аналықтың жатырынан ұрық шайып алатын тәсілдерді білу;
Ірі қара малдың ұрығын алатын бейхирургиялық тәсілді үйрену;
Бұл тәсілдің хирургиялық тәсілмен салыстырғанда қандай
қолданылады?
Донор-сиырдың ұрығын шайып алу тәсілін айтыңыз?
Зертханалық сабақ№ 7. Ұрықтарды шайындыдан іздеп табу және бағалау.
Мақсат: Донор-аналықтың жатырын шайып шығарған шайынды ерітіндінің
көлемін азайту тәсілін білу;
Донордан алған ұрықтардың сапасын анықтау тәсілін үйрену;
Материалдар және жабдықтар: Петр тостағаншасы, минипипеткілер, сағат шынысы немесе Петридің кіші тостағаншасы, стереомикроскоп, ұрықтың даму сатыларын көрсеткен суреттер және ұрықты шайып алуға арналаған ерітінділер т.б.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:
Оқытушы сабақтың мазмұнын түсіндіріп айтады және
материалдамен, құрал жабдықтармен таныстырады;
2) Студенттерге ұрық бағалау тәсілдерін суреттен көрсетіп айтады.
3) Студенттер берілген фотосуреттердегі морула, бластоцисталарды
морфологиялық көрсеткіштері бойынша ажырата танып, жазып алады.
Мазмұны. Шайынды ерітіндінің көлемін азайту. Шайынды ішінен табылған ұрықтарды ерітіндімен бірге Петри тостағаншасына ауыстырып ортналастыру. Микроскоппен ұрықтарды іздеп табу. Петри тостағншасына жинаған ұрықтарды сапасын бағалау үшін қайтадан басқа Петридің кіші тостағаншасына топтастырып жинау. Ұрықтардың сапасын даму сатысы және морфологиялық көрсеткіштері бойынша ьағалау: морула, бластоциста және т.б.
Тапсырма:
Донордан шайып алған шайынды ерітінді ішнен ұрықтарды іздеп
табу тәсілін білу;
Ұрықтарды қандай-қандай морфологиялық көрсеткіштері бойынша
бағалайды;
Моруланың бластоцистадан қандай айқын ерекшеліктері бар.
Бақылау сұрақтары:
Шайынды ерітінді ішінен ұрықтарды қалай іздеп табады?
Морула деген не және олардың қандай түрлері болады?
Бластоциста деген не және олардың қандай түрлері болады?
Сапасын анықтау үшін ұрықтың қандай көрсеткіштері ерекше қажет
деп табылады?
Зертханалық сабақ№ 8. Ұрықты терең мұздатып сақтау тәсілдері.
Мақсаты: Жануарлардың ұрығын ұзақ сақтау тәсілдерін білу;
Материалдар және жабдықтар: Минипайеттер, эмбриондарды сақтауға арналған ерітінділер, минипипеткалар, мұздатқыш машина, сұйық азот, термометр т.б.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:
Оқытушы сабақтың мазмұнын айтып түсіндіреді, қажетті
ерітінділерді көрсетеді және ұрық мұздатып сақтау тәсілдеріне ерекше тоқталады;
Студенттер минипайетке ұрықты енгізіп орналастыру тәсілін
үйренеді, сұйық азотта ұрықтарды мұздату тәсілдерін жазып алады.
Мазмұны. Тура мұздатып сақтау тәсілі (витрификация): пайетке сахароза, ауа, эмбрион салынған глицерин, ауа, сахароза. Минипайеттің ұштары екі жағынан арнайы тығындармен бітеледі. Эквилибрация өткізіледі, алдымен сұйық азоттың буына белгілі уақытқа дейін ұстайп, одан соң сұйық азот құйылған контейнерге салып сақтайды.
Тапсырма:
Мал, жануарлар селекциясында ұрықты терең мұздатып ұзақ уақыт
сақтаудың маңызы;
Ұрық мұздатып сақтау тәсілдерінің артықшылғы мен кемшіліктерін
ажырата білу;
Ұрықтарды тура мұздатып сақтау тәсілі;
Мұздату алдында ұрықтарды эквилибирациялаудың маңызы.
Бақылау сұрақтары:
Эмбриондарды қандай мақсатпен сақтайды?