-
Бастапқы ерітінді- жұмыс ерітіндісінің титрін және нормальдылығын анықтайтын ерітінді.
-
Гидрозоль – аз шамаға өзгеретін ертінді ортасы су болатын коллоидты жүйе.
-
Гидролиз – зат суда ерігенде сумен алмасу реакциясына түсіп рН өзгерте ыдырауы.
-
Гидролиз дәрежесі – гидролизденген молекулалар саны мен ертіндідегі жалпы молекулалар санының ара қатынасы.
-
Гидролиз константасы – гидролиз процесінің жүру тереңдігін көрсететін шама.
-
Ерітінді – бірнеше компоненттерден тұратын жүйе.
-
Ерігіштік – заттың суда немесе басқа бір ерігіште еруі.
-
Ерігіштік көбейтінді – тұрақты температурада алынған аз еритін заттың қанық ертіндісіндегі иондардың ертіндісіндегі иондардың концентрациясының көбейтіндісі.
-
Ертіндінің иондық күші – ертіндіге барлық ионның сарасындағы электростатистикалық әрекеттесу мәні болатын шама.
-
Талдау – бөлшектеу, ыдырату, бөлу.
-
Топтық реагент – күрделі қоспадағы бір топ иондарына әсер ететін реактив.
-
Титр- 1 мл ерітіндідегі еріген заттың грамм мөлшері.
-
Титрлеу-концентрациясы белгілі ерітіндіні концентрациясы белгісіз ерітіндіге ( немесе керісінше) қосу.
-
Тұнбалану (тұндыру) формасы- анықталатын компоненттің еріндіден аз еритін қоспаға түскен тұнбасы.
-
Тұндыргыш- анықтайтын затты тұнбаға түсіретін реагент.
-
Тұнбаның пісіп жетілуі- тұнбаны біраз уақыт қойғанда ұсақ кристаллдардын еріп, ірі кристалдарға айналуы.
-
Тигель-затты, жоғарғы температурада қыздыруға, күйдіруге арналған фарфор ыдыс.
-
Титрленген жұмыс ерітіндісі (титрант)- концентрациясы нақты белгілі ерітінділер.
-
Титрі тағайындалған ерітінді- титрі белгілі ерітіндімен титрлеу арқылы анықталған ерітінді.
-
Титрлеу көрсеткіші - берілген индикатормен, титрлеу аяқталғандағы рН мәні.
-
Титрлеудің индикаторлық қатесі-* қолданылған индикатордың титрлеу корсеткішінің, эквивалент нүктесінде рН мәнімен сәйкес келмеуі.
-
Титрлеудің негіздік қатесі- титрлеуді аяқтағаннан кейін ерітіндіде әлсіз негіздің нейтраль молекуларының болуы.
-
Титрлеудің қышқылдық қатесі- ерітіндіде әлсіз қышқылдың нейтраль молекуларының болуы.
-
Титрлеу қисығы- қышқыл мен негіздің нейтральдану мөлшері бойынша ерітіндінің рН-ының өзгеруін карсететін сызба.
-
Тұздану эффект – аз еритін тұздардың ертіндісіне, басқа күшті электролит қосқан уақытта ерігіштігінің артуы.
-
Флуорисценттік әдіс – талдайтын затқа ультракүлгін сәулесін түсіргенде кейбір қосылыстарды өзіне тән жарқырауы арқылы анықтау.
-
Фаза – физиялық құрамымен қасиеті бір, жүйенің басқа бөлшкетерінен
-
Фильтрат – тұнбадан бөлінген сұйық.
-
Фиксанал (стандар-титр) - химиялық таза қатты заттардан массасы дәл өлшеп алынған зат немесе 1 л (көбінесе) 0,1 н ерітінді дайындау үшін ерітінділерінен дәл өлшеп алынған ерітінді қөлемі.
-
Хромофорлар - органикалық қосылыстардын түс өзгерісі тікелей байланысты болатын молекуларындағы ерекше атом топтары.
-
Центрифуга – ерітіндіден тұнбаны бөлетін құрал.
-
Центрифугат – тұнбадан бөлінген ертінді.
-
Шекті концентрация – анықталатын ион массасының сондай бірлікпен алынған ең көп еріткіш массасына қатысты.
-
Шекті сұйылты – анықталатын ионның 1г сулы ертіндінің қанша мөлшерінде екені көрсетіледі.
-
Эквивалент жүктесі- тирлеу барысында тирленетін ерітіндінің түсінің өзгеруіне (немесе басқа да өзгерістерге) байланысты реакцияның аяқталу моменті.