Химия пәні бойынша 8 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
Сабақтың нөмірі: 59
Сабақтың тақырыбы: Тұздардың қасиеттері. №9 зертханалық тәжірибе «Тұздардың қасиеттері және алынуы»
Оқу мақсаттары:
8.3.4.11-тұздардың қасиеттерін, жіктелуін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).
Тұздардың химиялық қасиеттері
1.Металдармен әрекеттесу үшін бос күйіндегі металл тұздың құрамына кіретін металдан белсенді болуы шарт.
Zn + Hg(NO3)2 = Zn(NO3)2 + Hg
2.Тұздардың өзара бір – бірімен әрекеттеседі.
СаСl2 + Na2CO3 = СаCO3↓+ 2NaСl
3.Қышқылдармен әрекеттеседі.
СuSO4+ H2S = СuS↓+ H2SO4
4.Кейбір тұздар қыздырғанда айырылады.
СаCO3= СаO +СО2↑
5.Cілтілермен әрекеттеседі.
СuСl2 + 2NaОН = Сu(OH)2↓+ 2NaСl
1-тапсырма
1. Атаулары берiлген тұздардың химиялық формуласын жазыңдар: магний фосфаты, натрий сульфаты, кальций силикаты, магний карбонаты, темiр (II) сульфидi, темiр (III) хлоридi, кальций нитраты. Бұл тұздардың қайсысы суда еридi, қайсысы ерiмейдi?
2-тапсырма.
Zn + CuSO 4 →
CaCO3 + HCl →
BaCl2 + H2SO4 →
Ba(NO3)2 + K2SO4 →
NaCl + AgNO3 →
AlCl3 + NaOH →
3-тапсырма. Оқулық .8 сынып. 176 бет. №1
Достарыңызбен бөлісу: |