Мақсаты: 1. Ботаникалық сипатын анықтау 2. Емдік қасиетін анықтау 3. Дәріні қолдану тәсілін анықтау
Ботаникалық сипаты
Биіктігі 15-20 см-ге жетеді. Сабығының іші қуыс, сырты қырлы, түрі жасыл. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, екі-үш салалы, қауырсын тәрізді, екі бөлімді. Гүлдерінің түсі қызыл, гүл сабақтары қысқа, бұтақтарының ұшында масақ тәрізденіп шоғырланып тұрады.
Гүл жапырақшалары төртеу, олар гүл тостағаншасының бөліктерінен 3 есе ұзын болып келеді. Мамыр айынан бастап күзге дейін гүлдейді. Ол арамшөптер тәрізді мәдени дақылдардың арасында, бұталары көп жерлерде, бақтардың ішінде кездесе береді.
Әйелдердің ақ етеккірі келгенде, өт қабынғанда және іш өткенде қолданылған жағдайларда шытырадан жасалған дәрілер аса шипалы болып табылады. Бұл өсімдіктің қақырық түсіреті қасиеті бар. Осыған байланысты бронх қабынғанда да қолдануға болады. Асқазанға жара түскенде, іш желденгенде емдеу үшін пайдаланады.
Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін гүлдеген кезінде жинап алады. Құрамында фумарин, критокрпин, ауротепсин, ащы заттар бар. Халық медицинасында шытыраны кеңінен пайдаланады: Сулы тұнбасын геморрой түйіндерін, бауыр ауруларын, өкпе туберкулезі мен шемен аурруын және сары ауруды емдеу үшін қоланады.
Ұнтақталған 15 грамм өсімдікті 300 мл қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан 3 мезгіл ішеді. Спиртті тұнба: өсімдіктің ұнтақталған 25 грамын 100 мл спиртке салып, 8-10 күн тұндырады да, 30 тамшыдан 1 мезгіл ішеді.
Асқазанның қышқылы кемігенде өсімдіктің ұнтақталған 3 шай қасығын 2,5 стақан қайнап тұрған сыраға қосып 10 минут тұндырады да, жарты стақаннан күніне 5 рет ішеді.