5-күн, 2-сабақ
1-үлестірме материал
Ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту тәсілдері
Болжау және аналитикалық қабілеттерді дамыту тәсілдері:
«Сіз қаншалықты сенесіз?» тәсілі
Мұнда дұрыс және дұрыс емес тұжырымдар, түйінді сөздер беріледі.
Әдісті кез келген мәтіндік ақпаратпен жұмыс істегенде қолдануға болады.
Денотатты графика әдісі
1.
Ақпараттағы негізгі ұғым түйінді сөз арқылы белгіленеді.
2.
Түйінді сөзді және оның қасиеттерін, белгілерін,
ерекшеліктерін сипаттайтын
етістіктер анықталады.
3.
Бастапқы түйінді сөз тармақтарға жіктеледі.
4.
Тармақтар мен түйінді сөз сәйкестендіріледі.
«Борт журналы»
Тақырып бойынша оқушылар келесі мазмұнды кестені толтырады: «Берілген
тақырып бойынша бұрыннан білетінім», «Мәтінді оқып жаңадан білгенім», «Болжамдар»,
«Тың ақпараттар»
РАФТ тәсілі
Оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін кеңінен қолданатын құралдардың бірі –
РАФТ тәсілі
(RAFT
стратегиясы
). Ол қарастыратын тақырыпты (мәселені) оқушыларға
әртүрлі қырынан жан-жақты талдап қарастыруға және жазу дағдыларын дамытуға
мүмкіндік береді.
РАФТ кестесі (Рөл, Аудитория, Форма, Тақырып)
Рөл
Мәтіннің
кімнің
атынан
жазылатыны
Аудитория
Мәтіннің кімге
арнап
жазылатыны
Форма
Мәтін қандай түрде
жазылатыны, жанры
(хат, арыз, өтініш,
алғыс, түсініктеме хат,
өлең, т.б.)
Тақырып
Мәтін не туралы
болады?
Мәтінге арқау
болатын тақырып
РАФТ тәсілін қолдану қадамдары:
1.
Өзекті тақырыпты белгілеу
2.
РАФТ кестесін қабырғаға ілу (немесе тақтаға жазу)
3.
Осы тақырыпқа қатысы бар рөлдерді анықтау (
миға шабуыл
арқылы )
және оларды
кестенің 1-ші
бағанына жазу
4.
Мәтін кімге немесе қандай да бір ұйымдарға арналып жазылуына мысал болатын
аудиторияны анықтап (
миға шабуыл
арқылы), кестенің екінші бағанына жазу
5.
Анықталған рөлдер мен аудиторияға қолдануға болатын жанрларды анықтап, кестенің
3-ші бағанына жазу
6.
Мәтінге арқау болатын тақырыптарды анықтап, кестенің 4-ші бағанына жазу
7.
Оқушыларға ұсыныс жасау: кестеден
қандай да бір рөлді таңдап, соның атынан
кестедегі бір тақырып бойынша (4-ші баған) нақты бір аудиторияға арнап ыңғайлы
жанрда мәтін дайындау.
8.
Дайын жұмыстарды тыңдау.
Егер тапсырма
шағын топтарда орындалса, әрбір топ үздік бір жұмысты таңдап,
топтың атынан ұсынуы мүмкін.