«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата14.03.2020
өлшемі0,54 Mb.
#60156
1   2   3   4   5
Байланысты:
TZhB9 1178 AZA 1178 TILI vk zbbtb8


 

Жазылым  

Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым 

жұмысында  жанры  мен  стильдік  ерекшеліктерін  ескеріңіз.  Көркемдегіш  құралдарды, 

ығайлас,  себеп-салдар,  қарсылықты  салалас  құрмалас  сөйлемдерді  орынды  қолданып, 

орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз. 

[10] 


 

1.   «ЭКСПО  Халықаралық  көрмесі:  маңыздылығы,  тиімділігі  және  келешекке 

көзқарас»  тақырыбында  жинақы  мәтін  (тезис)  жазыңыз.  Жазба  жұмысын  орындауда 

жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескеріңіз. 

2.  Мектепте  үзіліс  кезінде  Мақсат  Қайраттың  кітабын  ұрлап  алды.  Қайрат  кітабының 

жоғалғанын  сынып  жетекшісіне  айтты,  ол  кімнің  ұрлағанын  анықтады.  Сіздің 

ойыңызша, Мақсат қандай жаза тартуы керек? Өз ойыңызды дәлелдеп, аргументативті 

эссе жазыңыз.  



 

 

 

 

21 


 

Балл қою кестесі 

 

Тыңдалым және айтылым 



 

Балл 

Грамматика мен лексиканы 

дұрыс қолдануы 

Балл 

Сұрақты түсіну мен толық жауап 

беру қабілеті 

Грамматикалық 



және 

лексикалық  құрылымдардың 

қолдану  аясын  өте  жақсы 

түсінеді.  

Сөз  саптауы  дұрыс,  анда-

санда  мардымсыз  қателерді 

жібереді 

Тақырыпты өте жақсы түсінеді.  



Күтпеген  сұрақтарға  жауабы  тез  әрі 

орынды.  

Талқылау  кезінде  өз  ойын  толық 

жеткізе алады.  

Грамматикалық 



және 

лексикалық  құрылымдардың 

қолдану 

аясын 


жақсы 

түсінеді.  

Сөз  саптауы  дұрыс,  анда-

санда қателер жібереді 

Тақырыпты жақсы түсінеді.  



Күтпеген 

сұрақтарға 

жауабын 

ойланып, әрі орынды жеткізеді.  

Талқылау  кезінде  өз  ойын  түсінікті 

жеткізе  алады,  бірақ  кейде  сырттан 

қолдауды қажет етеді.  

Грамматикалық 



және 

лексикалық 

құрылымдарды 

қолдану 


аясын 

орташа 


түсінеді.  

Сөз  саптауы  дұрыс,  қателері 

байқалғанмен, 

түсінуге 

кедергі тудырмайды.  

Тақырыптың 



негізгі 

тараптарын 

түсінеді,  бірақ  күрделі  сұрақтарды 

талдауда едәуір қиналады.  

Күтпеген  сұрақтарға  жауап  беруде 

қиналады.  

Талқылау  кезінде  қолдауды  қажет 

етеді, 


жауаптарын 

алдын 


ала 

дайындап келгендей көрінеді.  

Грамматикалық 



және 

лексикалық  құрылымдардың 

қолдану аясын аздап түсінеді.  

Сөз  саптауы  нақты  емес, 

түсініспеушілікті тудырады.  

Тақырыпты түсінуде қиналады.  



Күтпеген  сұрақтарға  жауап  беруде 

қиналады, тақырыпты ашуды дамыта 

алмайды.  

Талқылау  кезінде  жақсы  қолдаусыз 

өзін көрсете алмайды.  

Грамматикалық 



және 

лексикалық  құрылымдардың 

қолдану аясын өте аз түсінеді.  

Түсініспеушілікті  тудыратын, 

қайталанып  келетін  қателер 

жиі кездеседі.  

Тақырыпты 



түсінуде 

қатты 


қиналады.  

Күтпеген  сұрақтарға  жауап  беруде 

қиналады, тіпті жауап бере алмайды.  

Талқылауға өте аз қатысады.  



 

 

 

 

22 


 

Оқылым және мәтінді талдауға арналған балл қою кестесі 

 

Тапсырма

 

Жауабы 

Балл 

Мәселенің 2 оң жағын көрсетеді



Мәселенің 2 мүмкіндігін жазады; 

Мәселенің оң жағына комментарий жасайды; 

Мәселенің мүмкіндіктеріне комментарий жасайды 





Пікірін жүйелі білдіреді 

Авторына сілтеме жасай отырып, мәтіннен дәлелдер 

келтіреді. 



Барлығы 

 

10 



 

Жазылым 

 

Балл  

Сипаттамасы 

9-10  


 

Жанры  мен  стильдік  ерекшеліктеріне  сай  құрылымы  мен  тілдік 

құралдарды орынды қолданады. 

Салалас  құрмалас  сөйлемдерді  жүйелі  қолданады,  орфографиялық, 

пунктуациялық нормаға сай жазады  

7-8  


 

Жанры  мен  стильдік  ерекшеліктеріне  сай  құрылымы  мен  тілдік 

құралдарды қолдануда мардымсыз қателер жібереді. 

Салалас  құрмалас  сөйлемдерді  жүйелі  қолдануда,  орфографиялық, 

пунктуациялық  нормаға  сай  жазуда  жіберген  қателері  түсінуді 

қиындатпайды. 

5-6 

 Жанры  мен  стильдік  ерекшеліктеріне  сай  құрылымы  мен  тілдік 



құралдарды қолдануға тырысады. 

Салалас құрмалас сөйлемдерді қолдануда қателіктер жібереді 

 Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер 

(мәтіндегі  сөздердің  байланысу  түрлерінің  дұрыс  қолданылмауы, 

шақтардың,  бастауыш  пен  етістіктердің  ұйқаспауы,  орфографиялық 

қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.  

3-4 

Жанры мен стиліне сай құрылымы жүйесіз немесе анық емес. 



Салалас  құрмалас  сөйлемдерді  қолдануда  жіберген  қателері  ақпаратты 

түсінуге кедергі келтіреді.  

Сөз  саптауы  нақты  болғанымен,  жүйесіздік  байқалады,  жиі  техникалық 

қателер  (сөздердің  байланысу  түрлерінің  дұрыс  қолданылмауы, 

шақтардың,  бастауыш  пен  етістіктердің  ұйқаспауы,  орфографиялық 

қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.  

1-2 

Стилі  мен  жанрына  сай  көркем  тіл  құралдарын,  салалас  құрмалас 



сөйлемдерді аз қолданады немесе мүлдем қолданбайды.  

Сөздері  кейде  анық  емес,  техникалық  және  құрылымдық  қателер 

(сөздердің  байланысу  түрлерінің  дұрыс  қолданылмауы,  шақтардың, 

бастауыш  пен  етістіктердің  ұйқаспауы,  орфографиялық  қателер, 

пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.  

 

 



 

 

23 


 

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 

 

Жиынтық бағалауға шолу 



Ұзақтығы: 40 минут  

Оқылым – 15 минут  

Жазылым – 25 минут  

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі 



Балл саны: 30 

 

Тапсырмалар түрлері 

КТБ – көп таңдауды қажет ететін сұрақтар 

ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар 

ТЖ – толық жауапты қажет ететін сұрақтар 

 

Жиынтық бағалаудың құрылымы 

Тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  нұсқасы  3  компоненттен  тұрады:  Біріншісі  – 

тыңдалым,  айтылым  және  әдеби  тіл  нормаларын,  екіншісі  –  оқылым  және  әдеби  тіл 

нормаларын, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.  



 

24 


 

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы 

 

*Тапсырма  

Қамтылатын мақсаттар 

Тапсырмал

ар түрлері 

*Тапсырмалар сипаттамасы 

 

*Орындау 



уақыты, мин 

Балл 

 



 

 

9.1.3.1  тыңдалған  мәтіндегі  ақпаратты  өмірлік 



мәселелермен байланыстыра білу; 

9.1.4.1  мәтіннің  мақсаты  арқылы  негізгі  ойды 

анықтау; 

 

9.1.2.1 



қоғамдық-саяси, 

әлеуметтік-

экономикалық, 

ғылыми 


тақырыптарға 

байланысты  әртүрлі  жанрдағы  кең  көлемді 

мәтіндердегі 

(пікірталас, 

дәріс) 

мақсатты 



аудитория  мен  көркемдегіш  құралдардың  рөлін 

талдау; 


9.1.5.1  мәтіндегі  айтылған  ойға  өз  көзқарасын 

білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту. 

 

Толық 


жауапты 

қажет ететін 

сұрақтар 

Тапсырма 

жұппен 

орындалады. 



Оқушыларға  150-200  сөзден  тұратын 

тақырыпқа  қатысты  мәтіндер  беріледі, 

оқушы  жеке  отырып  оқиды  (немесе 

аудио арқылы тыңдатуға болады).  

Оқушылар  мәтінді  тыңдау  немесе  оқу 

барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, 

негізгі  ойды  анықтайды,  шынайы 

өмірмен  байланыстырады,  мақсатты 

аудитория 

мен 


көркемдегіш 

құралдардың рөлін талдайды, мәтіндегі 

айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, 

сыни тұрғыдан баға беріп айтады. 

Тыңдаушы  жұбы  мәтін  мазмұны 

бойынша  сұрақтар  қояды,  көтерілген 

мәселені талдайды. Дәл осылай екінші 

оқушы 


тапсырманы 

қайталайды. 

Бағалау 

әр 


оқушыға 

жеке-жеке 

қойылады. 

Тыңдалым мен 

айтылым 

сабақтан тыс, 

қосымша 

уақытта 


өткізіледі (әр 

білім алушыға 

3-5 минут 

беріледі) 

 

10 


 

 


 

25 


 

9.2.1.1  тұтас  емес  (кесте,  диаграмма,  сызба, 



сурет)  мәтіндердегі  мәліметтерді  салыстыру, 

өңдеу; 


9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, 

қызметін, 

құрылымын, 

тілдік 


ерекшелігін 

салыстыра талдау; 

9.2.6.1  белгілі  бір  мақсат  үшін  оқылым 

стратегияларын тиімді қолдана білу. 

9.4.4.2 


салалас 

құрмалас 

сөйлемдердің 

мағыналық  түрлерін  ажырата  білу,  түрлендіріп 

қолдану. 

Толық 


жауапты 

қажет ететін 

сұрақтар 

Оқушыларға  2  тұтас  емес  мәтін 

беріледі.  Мәтіндердегі  мәліметтердің 

тақырыбын, 

қызметін 

салыстыра 

талдайды, 

мәтінге 


қатысты 

өз 


көзқарасын  білдіруде  мәліметтерді 

өңдеп  жазады.  Мәтіндерді  талдау 

барысында 

салалас 


құрмалас 

(түсіндірмелі, 

талғаулы, 

кезектес) 

сөйлемдерді түрлендіріп қолданады. 

 

15 



10 

9.3.2.1  мақсатты  аудиторияның  қызығушылығын 



ынталандыру  үшін  әртүрлі  жанрда  мәтіндер 

құрастыру; 

9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, 

көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді 

немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау 

жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті 

эссе); 

9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің 



мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп 

қолдану. 

Жазбаша 

толық 


жауапты 

қажет ететін 

сұрақтар 

Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың 

бірін 

таңдап, 


жазба 

жұмысын 


орындайды.  Бірінші,  екінші  жұмыста 

мақсатты 

аудиторияның 

қызығушылығын 

ынталандыра 

отырып,  жанрлық  және  стильдік 

ерекшеліктеріне  сай  жазба  жұмысын 

жазады. Үшінші  жазылым жұмысында 

құрылымын сақтай отырып, көтерілген 

мәселе  бойынша  екіжақты  пікірдің 

немесе  жағдаяттың  біреуін  таңдап,  өз 

ойын  дәлелдеп,  тілдік  бірліктерді 

орфографиялық  нормаға  сай  жазады. 

Сабақтас 

құрмалас 

сөйлемдерді 

орынды қолданады. 

25 


10 

Барлығы 

40  

30 

 

26 


 

«Қазақ тілі » пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 

«Отбасы және демографиялық өзгеріс», «Биотехнология және гендік инженерия 

келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша 

 

Тыңдалым мен айтылым 

Тапсырма 

1. Мәтінді оқып, негізгі ойын шынайы өмірмен байланыстырыңыз. Мәтіннің мақсатты 

аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың рөлін анықтап, айтылған ойға сыни тұрғыдан өз 

көзқарасыңызды  білдіріңіз.  Өз  көзқарасыңызды  жан-жақты  тұжырымдап,  мысалдармен 

дәлелдей сөйлеңіз.  

2.  Өз  жұбыңды  мұқият  тыңдап,  мазмұны  бойынша  маңызды  деп  санайтын  2  сұрақ 

қойыңыз. Талқылауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. 

[10]  


 

Транскрипт 

1-мәтін 

Соңғы  санақ  нәтижесі  Қазақстанда  адам  санының  өсімі  бар  екенін  көрсетті.  Алайда 

кейінгі  жылдардағы  елдің  демографиялық  ахуалының  нашарлап  бара  жатқанын  ресми 

деректер  де  жоққа  шығармайды.  Осы  өзекті  мәселеге  арналған  Азаттық  радиосының 

дөңгелек үстеліне ресми орындар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. 

24  желтоқсанда  Алматыда  өткен  республикалық  конференцияда  сөйлеген  сөзінде 

мәжіліс  депутаты  Айткүл  Самақова  «өткен  жылдың  қаңтарынан  қыркүйек  айына  дейін 

алдыңғы  жылдың  дәл  осындай  кезеңімен  салыстырғанда  1339  сәби  кем  туды»,  –  деп 

мәлімдеді.  Алайда  депутат  2009  жылы  нақты  қанша  сәбидің  дүниеге  келгені  туралы  тіс 

жармады.  

Оған  қоса  ерлер  мен  әйелдердің  санындағы  айырмашылықтың  алшақтай  түскені 

байқалды.  Айткүл  Самақованың  атап  көрсетуінше,  ерлер  мен  әйелдер  санындағы 

айырмашылық 30 жастан басталып, зейнетке шығатын уақытқа қарай 100 ер кісіге 140 әйел 

адам келеді. Оның ішінде бала тәрбиелейтін жастағы ерлердің саны айтарлықтай кем болып 

отыр. 

Мәжіліс  депутатының  мәліметіне  сәйкес,  ерлер  мен  әйелдердің  жас  ұзақтығында  да 



айтарлықтай айырмашылық бар. Мысалы, 2008 жылы ерлердің орташа жасы әйелдерден 10,5 

жылға кем болған.  

 

2-мәтін 

Қазақстандағы  демографиялық  көрсеткіштердің  айтарлықтай  нашарлағанын  ресми 

билік мойындады. Ал олардың нашарлауына нақты қандай факторлар себеп болды? 

Гаухар Нұрахметова: 

2001  жылдан  бастап  демографиялық  ахуал  жақсарғанымен  әр  жанұяда  баланың  туу 

деңгейі  төмендеп  кетті  деп  айтуға  болады.  Мысалы,  әрбір  отбасында  қазір  1-2  бала  ғана 

тұрақтанады.  Бұл  –  үлкен  мәселе.  Ауруға  байланысты  айтар  болсақ  бұл  жерде  жүрек 

дертінен қаза табатындардың саны бірінші орында тұр. Сонымен қатар Семей полигонының 

зардабын  шеккендердің  әртүрлі  деңгейдегі  онкологиялық  ауруға  ұшырап,  дүние  салуы 

жоғарғы қалпында қалып отыр.  

Әзімбай Ғали: 

Жалпы туу үрдістерінің әлеуметтік, демографиялық заңдылықтары бар. Соңғы санақ 

деректерін  қарасақ,  Қазақстан  жұртшылығының  саны  37  пайызға  өскен  екен.  Егер  де 

санақтың  деректері  рас  болса,  бұл  –  өте  жоғары  көрсеткіш.  Қазақстан  жұртшылығының 

санының өсуі – оралмандар есебінен болды. Тек қана соңғы он жылдың ішінде Қазақстанға 1 

миллионнан  астам  оралман  келді.  Сол  санның  арқасында  Қазақстан  жұртшылығы  16 

миллион 400 мыңнан асты. Егер санақ деректері дұрыс болып шықса. 

 

 


 

27 


 

Бақтылы Түменова: 

Сапалы өмір деген адамның өзін-өзі сезінуі. Ертеңгі күнде бәрі жақсы болады, үкімет 

тарапынан айтылған анау болады, мынау болады деген уәделерге деген сенім. Алайда қазір 

сенім де азайып барады. 



Әзімбай Ғали:  

–  Мен  миграциялық  мәселелерге  назар  аударайын  деп  отырмын.  Біріншіден, 

Қазақстаннан орыс, украин, татар жұртшылығы көшіп жатыр. Оларды тоқтатуға болмайды. 

Өйткені  дүниежүзілік  адам  құқын  бұзамыз.  Сондықтан  кететін  адамдар  өздері  кетуге 

құқылы. Ол халықаралық демократиялық норма.  

Екіншіден, қазақтарды жинау және Қазақстан жұртшылығының санын кемітпеу – үлкен 

бір мәселе. 

 

1-мәтін 

Гендік  инженерияда  гендерді  тасымалдау  арқылы  түраралық  кедергілерді  жойып, 

қажетті тұқым қуалайтын белгілерді бір организмнен екіншісіне беру іске асырылады. 

Инженерия  түсінігінің  өзі  «құрастыру»  деген  мағынаны  береді.  Олай  болса,  гендік 

инженерия организмнің жағымды белгілерін сақтай отырып, оған арнайы мақсатта қосымша 

жаңа қасиет беріп, генотипін қалаған бағытта өзгерту болып табылады. Гендік инженерияны 

ауыл  шаруашылығында,  медицинада  пайдалану  арқылы  өсімдіктер,  жануарлар  мен 

микроорганизмдердің қажетті гендерінің қызметін басқаруға мүмкіндік туды. 

Соңғы  жылдары  гендік  инженерияның  көмегімен  бактериялық  клеткадан  вирустық 

ауруларды  емдеуге  қолданылатын  интерферон  және  өсу  гормоны  –  соматотропин 

нәруыздарын  алуға  қол  жетті.  Қант  диабеті  ауруын  емдеуге  қолданылатын  инсулин 

гормонын  алудың  арзан  жолы  табылды.  Бұрын  инсулин  жануарлардың  ұйқы  безінен  өте 

қымбатқа  түсетін  жолмен  алынатын  еді.  Қазіргі  кезде  гендік  инженерия  әдісімен  ішек 

таяқшасы бактериясынан бөлініп алынатын болды. 

Жануарлар  селекциясында  гендік  инженерияға  байланысты  аустралиялық  ғалымдар 

гендер құрамына өсу гормонының генін енгізе отырып, кәдімгі шошқаға қарағанда екі еседей 

жылдам өсетін шошқаның жаңа қолтұқымын шығарды. 

Ағылшын  ғалымдары  геномына  қанның  ұюын  тездететін  ген  енгізілген  қой  алды. 

Мұндай  қойдан  бөліп  алынған  арзанға  түсетін  препаратты  гемофилия  ауруын  емдеуде 

қолданады. 

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесінде ауадағы азотты тұтатын қасиеті бар 

түйнек  бактериялары  селбесіп  тіршілік  ететіні  белгілі.  Олар  топырақты  азотты 

қосылыстармен  байытады.  Қазіргі  кезде  осы  бактериялардағы  азотты  тұтатын  генді  астық 

тұқымдастар геномына енгізу жұмыстары жүргізілуде. 



 

2-мәтін 

Гендік инженерияның табысты саласы болып саналатын гендік түрлендірілген өнімдер 

туралы әлі күнге нақты көзқарас пен саяси шешім қалыптаса қойған жоқ. Оның басты себебі 

–  адамның  адам  ағзасына  қаншалықты  әсер  ететіндігі  әлі  толық  зерттелмегенінде.  Осыған 

қатысты пікір қайшылығы өте көп.  

Александр  Панчин,  биолог-ғалым:  –  Табиғи  тағамның  бәрі  пайдалы,  ал  пайдалысы 

міндетті түрде табиғи болуы шарт емес. Мысалы, шешек деген  – нағыз табиғи патоген. Ол 

адам  ағзасына  өте  қауіпті.  Осы  ауруды  жеңу  үшін  оған  қарсы  вакцина  ойлап  табылды. 

Мұндай  жасанды  екпе  болмаса,  не  істер  едік?!  Сол  сияқты  талай  адам  табиғи  патогендер 

туындатқан  неше  түрлі  инфекциялық  аурулардан  көз  жұмып  жатыр.  ГМО-дан  өлді  деген 

бірде-бір жағдайды естіген жоқпыз. 



Евгений Климов, эколог-биолог: – Гендік модификацияланған өнімдер зиянды деген 

пікірмен  келісемін.  Трансгендік  өнімдерді  жан-жақты  зерделей  келе,  мұның  шынымен  де 

өзекті мәселе екеніне көз жеткіздік. Модификацияланған өнімдерді тұтыну тұрмақ, осындай 

азық-түлікті  өсіріп  шығаратын  елдерде  қуықалды  безі  мен  сүт  бездерінің  қатерлі  ісігі 



 

28 


 

басқалардан  төрт  есеге  көп  болатыны  анықталған.  ГМО  енді  жетіліп  келе  жатқан  ағзаға 

қауіпті. Сондай-ақ мұндай өнімдер бала туу жасындағы әйелдерге де зиянды. Белгілі ғалым 

Ирина Ермакованың зерттеулері соны меңзейді. ГМО туу көрсеткішін кемітіп, жер бетіндегі 

адамдар санын азайту үшін ойлап табылған деген пікірдің жаны бар. Асқа асылық айтпаймыз 

десек те, көзге көрінгенді жей берген де дұрыс емес екенін есте ұстаған жөн. 



 

1-мәтін 

«Цифрлы дәуірдегі бұқаралық медиа: өлше де, үстем бол» тақырыбындағы 



пікірталастан үзінді 

Телеарна көрермені азайып бара жатыр. Мұны мойындау керек. Былтыр көрермендер 

аз да болса бар еді, биыл тек футбол көру үшін ғана теледидардың алдына келетін секілді. Ол 

үшін  жарнама  берушілерге  шығуға  тура  келеді.  Алдымен  25-40  жас  аралығындағы 

аудиторияны  алайықшы.  Олар  кредит  алғысы  келеді,  қымбат  машина,  ұялы  телефонға 

қызығады.  Егер  көрермендердің  орта  жасын  алатын  болсақ,  орыстілді  телевизия  үшін  –  40 

болса,  қазақтілді  телевизия  көрермендерінің  орта  жасы  шамамен  28-29  жас,  –  дейді 

саясаттанушы Айдос Сарым 



Қазақтілді газеттерді тек тілді, тарихты, салт-дәстүрді ғана жазатын, соның жоқшысы 

ретінде  қарайтын  қалыптасқан  ұғым  бар.  Осы  мемлекетке  ат  беріп  отырған  қазақ  ұлтының 

кешегісі, бүгіні, ертеңі, салт-санасы, тарихы, ұлтқа қатысты кез келген жаңалық біз үшін әр 

кез  маңызды  деп  айтар  едім.  Тағы  бір  жайт  –  уақыт  қазақ  тілді  аудиторияның  үстемдік 

алуына мүмкіндік беріп келе жатыр. Әрине, бір уақытта беделді газеттердің біржолата сайтқа 

айналып кеткен үрдістері де болды. Дегенмен негізгі айтатын жағдай – қазақтілді буынның 

әртүрлі  саладағы  көрсеткіші  қазақ  ұлтының  пайдасына  шешіліп  жатқанын  айғақтайды.  Біз 

дәнекер  болып  қана  отырмыз.  Бұл  жетістік  –  өсіп  келе  жатқан  тәуелсіз  ұрпақтың  тегеуріні 

деп айтар едім, – деді бірінші болып сөз алған Нұртөре Жүсіп. 



 

2-мәтін 

Қазақстанда  BBC  мен  CNN  сынды  ағылшын  тіліндегі  телеарналар  ашу  ұсынылды. 

Мұндай депутаттық сауалды мәжілісмен Жұматай Әлиев премьер-министрге жолдады, - деп 

хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан  шетелдік  компаниялар  үшін  қызықты  бола  бастады,  ол  біздің  елге  келіп 

жатқан  шетелдік  инвестицияның  күн  сайын  өсіп  жатқанын  және  мемлекеттің  тұрақты 

саясатын көрсетеді. Бұл жетістіктің барлығы жарыққа шығуды талап етеді. Мысалы, Ресейде 

Russia Today телеарнасы бар, ол әлемнің көптеген еліне тарайды. Russia Today America мен 

Russia  Today  United  Kingdom  телеарналары  Вашингтон  мен  Лондондағы  жеке  студиялары 

арқылы  эфирге  шығады.  Russia  Today  телеарнасының  тәулік  бойы  әлем  бойынша  700 

миллион көрермен үшін қолжетімді екені белгілі",  - дейді Әлиев. Оның айтуынша, әлемнің 

көптеген  елінде  имидждік  саясатқа  едәуір  қаржы  бөлінеді.  "Қазақстанның  позитивтік 

имиджі,  оның  отандық  және  шетелдік  қоғамдық-саяси  және  іскерлік  шеңбердегі  беделі 

әлемдік  аренада  ұлттық  мүддені  ілгері  бастыруға  негіз  болатын  фактор  және  серіктестік 

қарым-қатынасты дұрыстауда маңызды ресурс бола алады", - деді ол.  

"Осыған  байланысты  Russia  Today,  BBC  және  CNN  сынды  қосымша  телевизиялық 

ағылшын тіліндегі телеарналар ашуды; шетел аумағындағы біздің радиохабарларды дамыту 

жоспарларын  жетілдіруді;  шетелге  біздің  елдің  жетістіктерін  жазып  тарататын  The  Times, 

Die  Welt,  Daily  Telegraph  сынды  қазақстандық  басылымдарды  ашуды  ұсынамыз",  -  дейді 

мәжілісмен  өзінің  сауалында.  Сонымен  қатар  депутат  бұл  жобаларды  іске  асыру  үшін 

мемлекеттік-жеке серіктестікті пайдаланып инвесторларды тарту керегін айтты. 

Депутаттың  ойынша,  Қазақстанның  позитивті  имиджі  жаңа  инвестицияларды  тарту 

арқылы  әлеуметтік-экономикалық  дамуды  тездететін  және  туризмді  дамытатын  алғышарт 

болады. 


 

 


 

29 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет