«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата15.12.2019
өлшемі0,58 Mb.
#53623
  1   2   3   4
Байланысты:
1 ОШ СОЧ Казахский язык ЕМН 10 класс каз


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақ тілі» пәнінен 

(оқыту қазақ тілінде) 

 

тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 

 

10-сынып 

(жаратылыстану-математикалық бағыт) 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нұр – Сұлтан, 2019 

 




МАЗМҰНЫ 

1.

 



Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты .................................................................... 3

 

2.



 

Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар .......................... 3

 

3.

 



Күтілетін нәтижелер ................................................................................................................... 3

 

4.



 

Ойлау дағдыларының деңгейі ................................................................................................... 4

 

5.

 



Жиынтық бағалауды өткізу ережесі ......................................................................................... 5

 

6.



 

Модерация және балл қою ......................................................................................................... 5

 

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ......................... 6



 

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ....................... 15

 

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ....................... 23



 

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ....................... 34

 

 

 



 



1.  Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  оқу  бағдарламасы  мен  оқу  жоспарының  мазмұнына 

сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға 

бағытталған.  

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  оқу  жоспарындағы  тоқсан  ішінде  меңгеруге  тиісті  оқу 

мақсаттарына жету деңгейін тексереді.  



2.  Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 

Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  10-11-

сыныптарына  арналған  «Қазақ  тілі»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу 

бағдарламасы  



3.  Күтілетін нәтижелер 

Тыңдалым және айтылым: 

білім  алушы  қарым-қатынастың  әлеуметтік-тұрмыстық,  әлеуметтік-мәдени,  оқу-

кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сөйлесу тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық 

түрде  берілген  нысандарын  таниды;  әртүрлі  өмірлік  жағдаяттарда  ауызша  тілдік  қарым-

қатынасты жүзеге асырады; тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын 

іске асыру үшін түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады 

және  диалогты  қолдайды;  проблемалық  сипаттағы  ақпаратты  жинақтай  отырып,  монолог 

құрастырады;  өз  пікірін    қорғайды  және  дәлелдейді;  өз  пікірін  білдіре  отырып,  әңгіме 

нысанасына  қатысты  сөйлеушінің  көзқарасын  бағалайды;  тақырыбы/басы/соңы  бойынша 

мәтін  мазмұнын  болжайды;  өз  сөздерін  ресімдеу  кезінде  грамматикалық,  стилистикалық 

нормаларды сақтайды. 

Оқылым: 

білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей-

тегжейлі  ақпаратты  (мәтіндік,  сандық,  графикалық)  түсінеді  және  өзінше  түсіндіреді; 

мәтіннің  астарлы  мағынасын  түсінеді;  зерттеп,  шолып,  таңдап,  белгілеп  оқуды,  арнайы 

ақпарат  алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, белгілі  бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу 

стратегияларын пайдаланады; әр түрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды 

талдайды  және  жинақтайды;  қарым-қатынастың  әлеуметтік-тұрмыстық,  әлеуметтік-мәдени 

және  оқу-танымдық  аяларына  қатысты  мәтіндердің  құрылымдық,  лингвистикалық  және 

стилистикалық  ерекшеліктерін  салыстырады;  дәлелдер  мен  фактілерді  ажырата  отырып, 

ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды. 

Жазылым:  

білім  алушы  естіген  және  оқыған  ақпараттарын  жинақтай  отырып,  әртүрлі  типтегі, 

жанрдағы  және  стильдегі  мәтіндерді  жазады;  ақпаратты  ұсынудың  әртүрлі  нысандарын 

пайдалана  отырып,  мәтін  құрастырады  (оның  ішінде,  баспа);  ұсынылған  ақпаратты  талдау 

және бағалау қабілетін көрсете отырып,  өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, 

хат  және т.б.) жазады; әртүрлі  типтегі, жанрдағы және стильдегі  мәтіндердің құрылымдық-

композициялық,  тілдік  ерекшеліктерін  салыстырады;  анықтамалық  материалды  пайдалана 

отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, 

күрделі  және  жан-жақты  жоспар  жасайды;  орфографиялық,  грамматикалық  және 

стилистикалық нормаларды сақтайды. 

 

 




4.  Ойлау дағдыларының деңгейі 

Дағдылар 

тобы 

Ойлау 

дағдылары 

ның деңгейі 

Сипаттама 

Сұрақтар 

түрі  

Тыңдалым 

мен 

айтылым 


Білу және 

түсіну 


 

 

Қолдану 



 

 

Жоғары деңгей 



дағдылары 

 

- тақырыптық мәтіндерді түсінеді;  



- сөйлесу ерекшеліктерін таниды;  

-  ауызша  тілдік  қарым-қатынасты  жүзеге 

асырады;  

- тілдік құралдарды пайдаланады;  

- әңгімеге, диалогке қатысады;  

- ақпаратты жинақтайды;  

монолог  құрастырады,  өз  пікірін  



қорғайды және дәлелдейді;  

- сөйлеушінің көзқарасын бағалайды;  

- мәтін мазмұнына болжау жасайды;  

грамматикалық, 



стилистикалық 

нормаларды сақтайды. 

Ауызша 

толық 


жауапты 

қажет ететін 

сұрақтар 

 

Оқылым 



және әдеби 

тіл 


нормалары 

Білу және 

түсіну 

 

 



 

 

 



Қолдану 

 

 



Жоғары деңгей 

дағдылары 

 

-  мәтіннің  типін,  жанры  мен  стилін 



түсінеді; 

- мәтіндерден ақпаратты (мәтіндік, сандық, 

графикалық) анықтайды;  

- мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді;  

- зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп, арнайы 

ақпарат алу үшін оқуды біледі; 

- оқу стратегияларын пайдаланады;  

әртүрлі 



дереккөздерден 

қажетті 


ақпараттарды  алады,  оларды  талдайды 

және жинақтайды;  

әлеуметтік-тұрмыстық, 



әлеуметтік-

мәдени  және  оқу-танымдық  мәтіндердің 

құрылымдық, 

лингвистикалық 

және 

стилистикалық 



ерекшеліктерін 

салыстырады;  

- дәлелдер мен фактілерді ажыратады;  

-  ақпараттың  өзектілігі  мен  құндылығы 

тұрғысынан мәтінді бағалайды. 

Жазбаша 


толық 

жауапты 


қажет ететін 

сұрақтар 

Жазылым 

және әдеби 

тіл 

нормалары 



Білу және 

түсіну 


Қолдану 

 

 



Жоғары деңгей 

дағдылары 

 

- ақпараттарды жинақтайды;  



-әртүрлі  типтегі,  жанрдағы  және  стильдегі 

мәтіндерді жазады;  

-  ақпаратты  пайдалана  отырып,  мәтін 

құрастырады;  

-  ақпаратты  талдау  және  бағалау  қабілетін 

көрсетеді;  

-  проблемалық  сипаттағы  мәтінді  (мақала, 

эссе, хат және т.б.) жазады;  

- әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі 

мәтіндердің  құрылымдық-композициялық, 

тілдік ерекшеліктерін салыстырады;  

- анықтамалық материалды пайдаланады;  

- мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; 

- белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, 

Жазбаша 

толық 


жауапты 

қажет ететін 

сұрақтар 


күрделі  және жан-жақты жоспар жасайды; 

-  орфографиялық,  грамматикалық  және 

стилистикалық нормаларды сақтайды. 



5.  Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 

Тоқсан  бойынша  жиынтық  бағалау  кезінде  кабинетіңіздегі  көмек  ретінде  қолдануға 

мүмкін  болатын  кез  келген  көрнекі  құралдарды  (диаграммалар,  кестелер,  постерлер, 

плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.  

Тоқсан  бойынша  жиынтық  бағалау  басталмас  бұрын  алғашқы  бетінде  жазылған 

нұсқауды  оқып,  білім  алушыларға  жұмыстың  орындалу  ұзақтығын  хабарлаңыз.  Білім 

алушыларға  жұмыс  барысында  бір-бірімен  сөйлесулеріне  болмайтындығын  ескертіңіз. 

Нұсқаулықпен  таныстырып  болғаннан  кейін  білім  алушыларға  тоқсан  бойынша  жиынтық 

бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.   

Білім  алушылардың  жұмысты  өздігінен  орындап  жатқандығына,  жұмысты  орындау 

барысында  көмек  беретін  қосымша  ресурстарды,  мысалы:  сөздіктер  немесе  калькуляторлар 

(спецификацияда  рұқсат  берілген  жағдайлардан  басқа  уақытта)  пайдалануларына 

мүмкіндіктерінің  жоқ  екендігіне  көз  жеткізіңіз.  Олардың  жұмыс  уақытында  бір-біріне 

көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.  

Білім  алушыларға  дұрыс  емес  жауапты  өшіргішпен  өшірудің  орнына,  қарындашпен 

сызып қоюды ұсыныңыз. 

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар 

тарапынан  қойылған  сұрақтарға  жауап  беруге  болады.  Жекелеген  білім  алушыларға  көмек 

беруге  негізделген  кез  келген  ақпаратты  оқуға,  айтуға,  өзгертіп  айтуға  немесе  көрсетуге  

тыйым салынады.  

Тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  аяқталуына  5  минут  уақыт  қалғандығын  үнемі 

хабарлап отырыңыз.  

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  аяқталғаннан  кейін  білім  алушылардан  жұмыстарын 

тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз. 



6.  Модерация және балл қою 

Барлық  мұғалімдер  балл  қою  кестесінің  бірдей  нұсқасын  қолданады.  Модерация 

үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін 

балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет. 

 




1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ  

Жиынтық бағалауға шолу 

 

Ұзақтығы: 40 минут  

Оқылым – 15 минут  

Жазылым – 25 минут  

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі 



Балл саны: 30 

 

Тапсырмалар түрлері 

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар  

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар 

 

Жиынтық бағалаудың құрылымы 

Тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  нұсқасы  3  компоненттен  тұрады:  Біріншісі  – 

тыңдалым,  айтылым  және  әдеби  тіл  нормаларын,  екіншісі  –  оқылым  және  әдеби  тіл 

нормаларын, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.  





Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы 

 

*Тапсырма   Қамтылатын мақсаттар 



Тапсырмал

ар түрлері 

*Тапсырмалар сипаттамасы 

 

*Орындау 



уақыты, мин 

Балл 

10.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық  – 



саяси) талдай отырып, негізі  ойды анықтау  және 

ғаламдық мәселелермен байланыстыру; 

 

11.4.2.1 



сөйлеу  ағымындағы  интонацияның 

құрамдас  бөліктері:  әуен,  әуез,  тембр,  қарқын, 

кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану. 

 

Толық 



жауапты 

қажет ететін 

сұрақтар 

Тапсырма 

жұппен 

орындалады. 



Оқушыларға  180-220  сөзден  тұратын 

тақырыпқа  қатысты  мәтіндер  беріледі, 

оқушы  жеке  отырып  оқиды  (немесе 

аудио арқылы тыңдатуға болады).  

Оқушылар  мәтінді  тыңдау  немесе  оқу 

барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, 

көтерілген  мәселені  талдайды,  негізгі 

ойды  анықтайды,  ойын  ғаламдық 

мәселелермен  байланыстырып  айтады. 

Тыңдаушы  жұбы  мәтін  мазмұны 

бойынша  сұрақтар  қояды,  көтерілген 

мәселені талдайды. Дәл осылай екінші 

оқушы 

тапсырманы 



қайталайды. 

Бағалау 


екі 

оқушыға 


жеке-жеке 

қойылады.  Әуен,  әуез,  тембр,  қарқын, 

кідірісті  сөйлеу  мәнеріне  сай  орынды 

қолдануы бағаланады. 

Тыңдалым мен 

айтылым 


сабақтан тыс, 

қосымша 


уақытта 

өткізіледі (әр 

білім алушыға 

3-5 минут 

беріледі) 

 

10 



2-4 

10.2.2.1 ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар 

арқылы  тану  (терминдер,  тілдік  оралымдар,  өзге 

стиль элементтері). 

 

Көп 


таңдауы 

бар, қысқа 

және толық 

жауапты 


қажет ететін 

сұрақтар 

180-220  сөзге  жуық  мәтін  беріледі. 

Мәтінді  оқып,  мазмұны  негізінде 

берілген сұрақтарға жауап береді және 

мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын 

білдіріп  жазады.  Ғылыми-көпшілік 

стиль  ерекшеліктерін  қолданылған 

тілдік  құралдар    арқылы  таниды. 

Мәтіннен 

терминдерді, 

тілдік 


оралымдарды, өзге стиль элементтерін 

анықтайды. 

15 

10 


10.  3.3.1  қажетті  клишелер  мен  лексикалық 

құрылымдарды  қолданып,  көтерілген  мәселе 

Жазбаша 


толық 

Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың 

бірін  таңдап,  150-180  сөзден  тұратын 

25 


10 

бойынша  өз  ойын  дәлелдеп  эссе  жазу  («келісу, 

келіспеу» эссесі); 

10.4.1.1-  мәнмәтін  бойынша  тілдік  бірліктерді 

орфографиялық нормаға сай жазу. 

жауапты 


қажет  ететін 

сұрақтар 

эссе  жұмысын  орындайды.  Жазылым 

жұмысында  қажетті  клишелер  мен 

лексикалық  құрылымдарды  қолданып, 

көтерілген  мәселе  бойынша  өз  ойын 

дәлелдеп,    келісу-келіспеу  себептерін 

айқын  көрсетіп,  тілдік  бірліктерді 

орфографиялық  нормаға  сай  жазуы 

бағаланады.  



Барлығы 

40 минут 

30 



1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 

«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» бөлімі  

 

Тыңдалым және айтылым 

Тапсырма  

1.  Мәтінді  оқып  шығыңыз.  Мәтінде  көтерілген  мәселені  талдай  отырып,  негізгі  ойды 

анықтаңыз және ғаламдық мәселелермен байланыстырып айтыңыз. Сөйлеу барысында әуен, 

әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдануды ескеріңіз. 

2.  Өз  жұбыңызды  мұқият  тыңдауға  тырысыңыз.  Оның  мәтіні  бойынша  маңызды  деп 

санайтын  2  сұрақ  қойыңыз.  Оның  мәтінінің  басты  идеясын  анықтауға  белсенді  қатысып, 

пікіріңізді білдіріңіз. 

[10] 


 

1-мәтін 

Құндылық деген не? 

Дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы  адамгершілік,  тұлғалық  немесе  кісілік  құндылықтардың 

өзіндік ерекшеліктері болды. Адам мен адамгершілік мәселелері қазақтың ақын-жырауларын 

да, би-шешендерін де, абыз-әулиелерін де, қараша халықтан бастап ханға дейінгі ақсүйек игі 

жақсыларын  тегіс  толғандырған.  Батыстағыдай  кәсіби  философия  болмаса  да,  қазақты 

тумысынан философ-халық деп бағалауға болады. Оның философиясындағы негізгі тақырып 

–  адам  философиясы,  кісілік  қалыптың  өлшемі,  не  жақсы  не  жаман  төңірегіндегі  этикалық 

мәселелер. Сондықтан қалт айтпайтын халық «жақсылардың кеудесі алтын сандық», «білімді 

туған  жақсылар  аз  да  болса,  көппен  тең»,  «жақсыменен  өткізген  бір  күнім,  мың  күніме 

татиды»  деп  жырлайды.  Қазақтың  кім  екені  оның  философиясы  мен  дүниетанымынан,  тілі 

мен  дінінен,  ділі  мен  дәстүрінен,  мәдениеті  мен  өнерінен,  күнделікті  өмірқамы  мен  әдет-

ғұрпынан, мінген аты мен тартқан домбырасынан көрінеді. 

Бүгінгі  біздің  қоғамда  ата-бабаларымыз  берік  ұстанған  бұл  кісілік  құндылықтардың 

көмескілене  бастағаны  байқалады.  Оны  күнделікті  отбасының  тұрмысынан  да,  қоғам 

өмірінен де аңғарып жүрміз. Батыстық бұқаралық мәдениеттің тегеурінді ықпалы интернетте 

де, теледидарда да, басқа ақпарат құралдардарында да қарқынды жүргізілуде. Әрине, поэзия 

мен  ән-күй  өнерінде  қазақы  қоңыр  үн  мен  ырғақ,  бояу  мен  нақыш  сақталып  отыр,  оған  да 

шүкір  дейсің,  әйтпесе  дүниеге  келген  нәрестеге  не  тыңдатып,  не  көргізеріңді  білмей  дал 

боласың.  Дегенмен,  жалаң  еліктеушілік,  «өзгенің  асылын  малшылау»  басым,  оған 

тоғышарлық,  көзбояушылық,  науқаншылдық,  ұраншылдық,  әсіреқұмарлық,  шенқұмарлық, 

даңғазалық,  мақтаншақтық  сияқты  антиқұндылықтар  қосылып  отыр.  Ол  күнделікті 

тіршіліктен  де,  ғылым,  әдебиет,  өнер  тәрізді  «рухани»  мәдениет  салаларынан  да  анық 

байқалады. Мұндай келеңсіз құбылыстарда құндылық қайдан болсын, рух қайдан болсын? 

 

2-мәтін 

Қазіргі заман ғылым мен технологияның қарыштап дамып, өте жоғары деңгейге жеткен 

шағы десек болады. Соған сай сана өркениеті өрістеп, биіктеп барады. Бір анығы,  адамның 

санасы, дүниетанымы жоғарылаған сайын қоғам да өзгереді. Мысалы, интернет жүйесі 1969 

жылы 2 қыркүйекте пайда болып, қоғамға енгенде оны ең жас пайдаланушылар жасы 20-25 

жастан асқан, ересек адамдар болса, қазіргі таңда интернетке 5-6 жастағы бала да әуес. Бұл 

ақпараттық технологияның тым кеңінен қанат жаюының да салдары болар. Алайда осындай 

құбылыстар  орын  алған    қоғамымызда    ұстанатын  тек  екі  қағида  бар:  бірі  –  жан-дүниенің  

рухани тазалығы болса, бірі – сананың  сергектігі. Біріншісіне жүрек, екіншісіне ақыл керек. 

Осыларды  ұғып,  білуге  қайрат  керек.  Әйгілі  жазушы  Мұхтар  Әуезовтің  «Ел  болам  десең, 

бесігіңді түзе» деген сөзінде сан алуан астар бар. Кемеңгеріміздің бұл жерде «бесігіңді түзе» 

деген  сөзді  «ұрпағыңды  түзе»  деген  сөздің  баламасы  ретінде  қолданып  отыр.  Демек 

ұрпақтың  дүниетанымы  мен  рухани  байлығы  үлкен  жауапкершіліктің  жүгі  екені  айқын. 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  халыққа  Жолдауында:  «Біз  Қазақстанның  барлық 



10 

азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп 

атап  өткен  болатын.  Жалпы  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың 

Мемлекеттік  бағдарламасының  негізгі  міндеттерінің  бірі  қазақстандық  патриотизмге, 

төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу 

болып  табылады.  Қазіргі  күндегі  Қазақстанның  дербестікке  жетуі  халықтардың  ұлттық 

дүниетанымының  өсуіне  жағдай  жасады.  Бұл  бүгінде  байсалдылық,  табандылық, 

батылдылық,  батырлық,  қайсарлық  туралы  білім  ғана  емес,  өнегелік,  тәрбиелік  көрсету 

қажет болып отырған уақытта аса маңызды. 

 

Оқылым  



Тапсырма 

Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

[10] 


 

Отбасы – Отанымыздың ошағы 

Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа 

ұғымдармен  арақатынасын  қарастырып  көреміз.  Осы  сипатта  біздің  зердемізге  бірінші 

түсетін  ұғым  —  өркениет.  Өркениет  (цивилизация)  семантикалық  жағынан  алғанда  (латын 

тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл үғымды «варварлықтар» 

деп  өздері  атаған,  басқа  халықтар  мен  мемлекеттерден  айырмашылықтарын  көрсету 

мақсатында  қолданған.  Яғни  «өркениет»  олардың  түсініктері  бойынша  азаматтық  қоғамы, 

қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін 

білдіреді.  Ғасырлар  бойы  қалыптасқан  осы  екі  ұғымның  мағыналарын  төмендегідей 

топтастыруға болады: 

1.  Мәдениет пен өркениет бір. Олар – синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор) 

2. Өркениет — мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. 

Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер) 

3. Өркениет — мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық 

деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл) 

4. Өркениет — тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган). 

5.  Өркениет  —  этностар  мен  мемлекеттерге  тән  мәдениеттің  оқшау  түрі  (А.  Тойнби, 

Н.Я. Данилевский және т.б.) 

6.  Өркениет  мәдениеттің  техникалық  даму  деңгейі,  оның  материалдық  жағы.  Бұдан 

көретініміз,  мәдениет  пен  өркениет  бір-бірімен  байланысты  ұғымдар  екендігі.  Осылардың 

қатарына  біз  мынандай  адамдық  қажеттіліктерді  жатқызамыз:  өмірдің  мәні  мен  мағынасын 

іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, гумандылық және тағы 

басқалары. 

 

1.Мәтін қай стильде жазылған? 



A. 

Ауызекі сөйлеу стилінде 

B. 

Көркем әдебиет стилінде 



C. 

Ғылыми-көпшілік стильде 

D. 

Ресми іс қағаздар стилінде 



[1] 

 

2. Оны қандай сөздік қолданыстармен дәлелдейсіз?  



________________________________________________________________________________ 

________________________________________________________________________________ 

[2] 

 

 



 

11 

3. Мәтінде өзге де стиль элементтері кездесе ме? Кездессе, қай стильдің элементтері бар? 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет