Қазақ тілі пәнінен «Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. Бжб №2 (ІІІ тоқсан) І нұсқа



Дата04.10.2023
өлшемі16,42 Kb.
#183676
Байланысты:
БЖБ 2 қазақ 3 тоқсан[1]


Қазақ тілі пәнінен «Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау.
БЖБ №2 (ІІІ тоқсан)
І нұсқа

Оқушының аты- жөні _______________________________________________________________


1- тапсырма.


Төле би
Төле би елге белгілі болған кезде, бір балаға дауласып, екі әйел алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің бірі:
- Мына баламды мен есін білмейтін жас күнінде жоғалттым, соны мына әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, оны білмеймін. Әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып сұрасам, «өз балам» деп бермейді, -дейді. Екінші әйел тұрып:
- Балам өзімдікі, өзім таптым. Мынау босқа жармасып тұр, - дейді. Төле би екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып калады. Содан кейін:
- Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан мынадай билік еткім келеді,- дейді. Баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны ұстап көтеріп тұрып: «Екеуіңе қара қылдай қақ бөліп беремін, осыған ризасыздар ма?» - дейді. Сонда балаға ие болып жүрген әйел:
- Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да, өзімізде қалсын, бөлсең бөл! – деп безеріп тұрып алады. Ал баланы таныған әйел:
- Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз! –деп безек қағады. Содан барып Төле би:
- Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп тұр, баласын өзіне бер,- деп билік айтады.

1.Мәтіннің негізгі ойын анықта және жаз 1 балл


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Мәтінге ат қой. 1 балл
____________________________________________________________________________________
3. Мәтіннің ішінен есімдіктерді теріп жаз оларға сұрақ қой 1 балл
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2-тапсырма. 3 балл
Ата сөзін ІІІ жақта тәуелдеп септеп жаз.
Атау септік__________________________________________________________________________
Ілік септік___________________________________________________________________________
Барыс септік ________________________________________________________________________
Табыс септік_________________________________________________________________________
Жатыс септік________________________________________________________________________
Шығыс септік________________________________________________________________________
Көмектес септік______________________________________________________________________


3-тапсырма
Жіктеу есімдіктерін сұрақтардың ыңғайына қарай өзгертіп жаз. 2 балл
(Мен) (кіммен?) ойнайды, (ол) (кімге?) сыйлайды, (мен) (кімге?) жібереді, (сен) (кімнің?) үйің, (мен) ( кімді?) марапаттады, (ол) (кіммен?) достасты.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________


Есімдіктің ережесін жаз 1 балл
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жіктеу есімдігі дегеніміз не? 1 балл
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жалпы 10 балл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет