функционалды сауаттылығын қалыптастыру».
ақпараттық және проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерін қалыптастыруға қол жеткізудің
басты тетігі – оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру».
Мұғалімнің әдістемелік тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық
технологияны қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту».
Сабақ тақырыбы:
|
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
|
Мақсаты:
|
Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту.
|
Міндеттері:
|
1.Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлем үлгілерін қолдану негізінде ас атаулары жөнінде толық ақпарат беру.
2.Буын үндестігі. Буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді меңгерту. 3.Тілдік коммуникация барысында интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
4.Қысқа мәтіндер арқылы оқушыларды ас атаулыны қадірлеуге тәрбиелеу.
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы
|
Жетістік критерийлері (күтілетін нәтижелер)
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): ас, тағам атаулары жөнінде айтады,сипаттап таныстыра алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): ас, тағам атауларын қарапайым сөйлемдер арқылы сипаттай алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен, тағам атаулары, ас мәзірі жайлы тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілеріарқылы сұхбаттасады.
|
Негізгі түсініктер:
|
Таңғы ас, түскі ас, кешкі ас, жеңіл тамақ, қуыру,
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, өзара бағалау парағы, смайликтер,картішке
|
Оқыту әдістері:
|
Сипаттау, түсіндіру, талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, диалог, жұптық жұмыс, «Баспалдақ» әдісі, сергіту жаттығуы.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық
материалдар, сөздік. Білгеннің пайдасы.
Балалар кітапханасы.
|
|
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.
|
Оқушылар параққа маркермен
өзінің көңіл-күйін сипаттайтын
сурет (смайлик) (күліп немесе
езу тартып тұрған, қабағы түюлі,
бейтарап,
т. б.) салады.
|
Фонетикалық жаттығу
|
1.Оқушылардың тілдерін жаттықтыру мақсатында фонетикалық жаттығу өткізеді.
|
1.Жаңылтпашты оқиды, тез айтуға жаттығады, жасырылған дауысты дыбыстарды тауып, мінездеме береді.
|
Тіл дамытуға арналған сұрақтар
|
«Иә, жоқ » ойыны арқылы сұрақтар қояды.
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
Өткен сабақты тексеру
|
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді,бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, «Әлібекті киіндіру» тақырып
бойынша сұрақтарға жауап
береді.
|
І. Қызығушылықты ояту
|
Оқушылардың
жаңа сабаққа деген
қызығушылығын арттыру мақсатында «Ой шақыру әдісін пайдаланып, тамақ» сөзіне
ассоциаграмма құрғызады.
|
Әр оқушы тақтада ілулі тұрған
плакатқа маркермен өз түсінігін
жазады.
|
ІІ. Мағынаны тану
|
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті
тақтадан «Сыр сандық» әдісі арқылы тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа
сөздерді тыңдайды, мұғаліммен
бірге оқиды.
Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
|
|
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Жазылым. Дұрыс айтуға,
жазуға дағдыландыру үшін 1, 2-тапсырманы орындатады.
3. «5 жол өлеңі» әдісі арқылы жаңа сөздермен жұмыс өткізеді.
|
2.Айтылым. Жазылым. «Тамақ»
сөзіне кластер жасайды, диалогті
толықтырады, сөйлемдерді өз
сөзімен толықтырып айтады.
3. Дәптерлеріне құрастырған сөйлемдерлі жазады.
|
|
Ә) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру үшін 5-тапсырманы орындатады.
|
Тілдесім. Қандай тамақтарды
ұнататыны туралы диалог құрады.
|
|
3. Грамматика. Буын үндестігін
меңгертеді.
|
Буын үндестігін меңгереді.
|
Жаңа тақырып
|
Топпен жұмысын ұйымдастырады. Әр топқа тапсырмаларын түсіндіреді.
|
Әр топ өз жауаптарын плакатқа жазып, қорғайды.
|
ІІІ. Ойтолғаныс
|
Бейнетаспадан «Қыста қалай тамақтану керек?» атты бейне көрсетеді.
|
Бейне бойынша кесте толтырады.
|
IV. Бекіту
|
1.Тапсырма беріледі. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою.
2. Буын түрлерін тексереді.
|
1. Тапсырманы дәптерлеріне орындайды.
2. Берілген сөздерді буынға бөліп түрін анықтайды.
|
V. Бағалау
|
Формативті бағалау. Баспалдақтың суреті салынған парақ таратады. Мұғалім
Оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.
|
«Баспалдақ» үлгісі бойынша өзін бағалайды.
|
VI. Үйге тапсырма
|
Жаңа сөздерді жаттау.
«Дұрыс тамақтану» эссе жазу, әңгімелеу.
|
|
VII. Рефлексия
|
Стикерлер таратады.
|
Оқушылар сабақта не білемін, не білдім, не білгім келеді сұрақтарға жазып
тақтаға іледі.
|