Қазақ тілі пәнінен тест жинағы. Мазмұны: Фонетика



бет3/6
Дата22.08.2017
өлшемі1,2 Mb.
#24193
1   2   3   4   5   6

Үстеу


  1. Мақсат үстеуді табыңыз.

А) Қасақана

В) бекерге

С) Әрең

D) Сонда


Е) Қыстыгүні

  1. Бағыңқысы үстеуден болған тіркес түрін белгілеңіз.

Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді.

А) Меңгеру

В) Жанасу

С) Қабысу

D) Қиысу

Е) Матасу



  1. Мақсат үстеулі сөз тіркесін табыңыз.

А) Ертең барады.

В) Әдейілеп келеді.

С) Босқа әуре болма.

D) Төмен түсті.

Е) Бірден сөйледі.


  1. Мезгіл үстеумен тіркескен есім сөз, табыңыз.

А) Жаңа киім

В) Қыруар адам

С) Лезде тапты

D) Үйге кетті

Е) Ежелден таныс.


  1. Мекен үстеуді табыңыз.

А) былиыр

В) жедел


С) Сонша

D) Жоғары

Е) Ертең


  1. Күшейткіш үстеуді табыңыз.

А) Әдейілеп

В) Тез


С) Өте

D) Ілгері

Е)Күні-түні


  1. Мақсат үстеуді табыңыз.

А) Былтыр

В) Алда


С) Бірталай

D) Шапшаң

Е) Қасақана


  1. Мақсат үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

А) Тез қимылдады.

В) Әрқашан бірігеміз.

С) Зорға қозғалады.

D) Үдей соқты.

Е) Қасақана тиісті.


  1. Үстеудің қызметі.

Өле – өлгенше сеніміңнен шығарамын-ау!

А) Бастауыш

В) Баяндауыш

С) Толықтауыш

D) Пысықтауыш

Е) Анықтауыш



  1. Мына сөздердің ішінен үстеуді табыңыз.

А) Бүгін, төмен, бекерге

В) Отыр, жүр, жатыр,тұр.

С) Әсем, көрікті, ажарлы

D) Бару, келу, көру

Е) Алыс-жақын,ащы-тұщы.


  1. Негізгі үстеуді табыңыз.

А) Жылдам

В) Күні бүгін

С) Жоғары –төмен

D) Жаздыгүні

Е) Балаша


  1. Күрделі үстеуді табыңыз.

А) Төмен

В) Бұрын


С) Тез

D) Жорта


Е) Ендігәрі

  1. Қазақ тілінде үстеулер мағынасына қарай нешеге бөлінетінін белгілеңіз.

А) 6

В) 3


С) 1

D) 7


Е)9

  1. Күшейткіш үстеумен тіркесіп тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Арбаңдаған қимыл

В) Сонша көп

С) Тіпті ұзақ

D) Жаңа келді.

Е) Осыншама кісі


  1. Мөлшер үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

А) Амалсыздан көндім

В) Соншалық үлкен

С) Бандылар қасқырша кезіп, елдің үрейін алды.

D) Әңгіме әбден қызық болды.

Е) Құс жоғары ұшты.


  1. Негізгі үстеуді табыңыз.

а)күні бүгін

в)жылдам


с)балаша

д)жоғары-төмен

е)жаздыгүні


  1. Мақсат үстеуі қандай сұраққа жауап береді, табыңыз.

а)қанша?қаншама?

в)қашан?неше?

с)кімше?қалайша?

д)қалай?қайтіп?

е)қалай?не мақсатпен?


  1. Үстеу-қай сөйлем мүшесі, белгілеңіз.

Қайтатын күнім-ертең.

а)бастауыш

в)толықтауыш

с)баяндауыш

д)анықтауыш

е)пысықтауыш



  1. Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді табыңыз.

а)бармайынша, келмейінше

в)қазақша, орысша

с)жөнімен, ретімен

д)кешкісін, ертеңгісін

е)ілгері


  1. Мөлшер үстеуін табыңыз:

а)ауызба-ауыз

в)жылдам


с)анағұрлым

д)қыстыгүні

е)өте


  1. Үстеудің қандай сөйлем мүшесі екенін белгілеңіз.

Ол биыл елуге толды.

а)анықтауыш

в)баяндауыш

с)пысықтауыш

д)бастауыш

е)толықтауыш



  1. Мөлшер үстеуін табыңыз.

а)емін-еркін, өйтіп-бүйтіп

в)алды-артында

с)тіпті,өңкей

д)лажсыздан, өзінше

е)соншалық, онша


  1. Көп нүктенің орнына үстеу сөзді қойыңыз.

Нағашым... әдеттегісінен кешігіп келді.

а)ақырын


в)сырта

с)лезде


д)ертең

е)бүгін


  1. Күшейткіш үстеудің сұрағын табыңыз.

а)қалай?

в)қаншалап?қаншалық?

с)не себепті?неге?

д)қайда?қайдан?

е)не мақсатпен?


  1. Мөлшер үстеуін табыңыз.

а)төмен, жоғары

в)тым, аса

с)әбден, керемет

д)кенеттен, шапшаң

е)мұншама, бірен-саран


  1. Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеуді табыңыз.

а)тым

в)әдейі


с)әрі

д)жаздыгүні

е)онша


  1. Үстеу түрі белгілеңіз.

Жорта, қасақана.

а)мекен


в)мөлшер

с)мезгіл


д)қимыл

е)мақсат


  1. Мезгіл үстеуді табыңыз.

а)емін-еркін

в)әдейілеп

с)бекерге

д)жоғары


е)күні-түні

  1. Үстеудің қандай сөйлем мүшесі екенін белгілеңіз.

Еріншектің ертеңі таусылмас.

а)толықтауыш

в)бастауыш

с)пысықтауыш

д)анықтауыш

е)баяндауыш



  1. Сын-бейне үстеулі тіркесті табыңыз.

а)жолшыбай кездесті

в)әрқашан біргеміз

с)елжіреді

д)анағұрлым көп

е)әрең қозғалады

Сан есім


  1. Жетіге дейін саналатын сан есім түрін табыңыз.

а)реттік

в)есептік

с)жинақтық

д)болжалдық

е)топтау


  1. Сан есімнің емле ережесіне сай жазылғанын көрсетіңіз.

а)екіеу

в)алтыау


с)жетіеу

д)алтау


е)ХХІ-ғасыр

  1. «Сыңар» сөзінің қай санмен синонимдес екенін көрсетіңіз.

а)1

в)10


с)2

д)7


е)3

  1. Сөйлемдегі сан есімнің мағыналық түрін ажыратыңыз:

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

а)есептік

в)жинақтық

с)топтау

д)болжалдық

е)реттік


  1. Жинақтық сан есімге тән жұрнақты табыңыз.

а)-дай,-дей,-тай,-тей.

в)-ыншы,-інші.

с)-лық,-лік,-дық,-дік.

д)-тан,-тен,-дан,-ден

е)-ау,-еу.


  1. Реттік сан есімді көрсетіңіз.

а)жүз елу

в)он бірінші

с)екеу

д)бестен үш



е)елуден

  1. Топтау сан есімін көрсетіңіз.

а)жиырма бестен

в)жетінші

с)алпыс бес

д)үшеу


е)жеті-сегіз

  1. «Алтау»деген сан есімдегі түсіп қалған дыбысты көрсетіңіз.

а)и

в)о


с)ы

д)і


е)а

  1. Сан есімнің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз.

Жиынға алпысқа тарта адам жиналды.

а)бастауыш

в)анықтауыш

с)баяндауыш

д)толықтауыш

е)пысықтауыш



  1. Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

а)баяндауыш

в)бастауыш

с)толықтауыш

д)анықтауыш

е)пысықтауыш



  1. Дара сан есімді көрсетіңіз.

а)отызқырық

в)ақ, тарғыл

с)жетпіс, екі

д)үштен бір

е)он сегіз


  1. Сан есімді табыңыз.

а)қызыл, ащы, жалпақ

в)бес, оннан бір, жетеу

с)бала, кітап, гүл

д)жоғары, төмен, тым

е)шіркін, пәлі, ойбай


  1. Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Отызыңда орда бұзбасаң,

Қырқыңда қыр аспассың.(мақал)

а)баяндауыш

в)бастауыш

с)толықтауыш

д)анықтауыш

е)пысықтауыш



  1. Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз:

Ағайын-алтау, ана-біреу.

а)баяндауыш

в)анықтауыш

с)бастауыш

д)пысықтауыш

е)толықтауыш



  1. Сан есім түрін белгілеңіз.

60-70-тей адам жиналды.

а)реттік


в)болжалдық

с)есептік

д)топтау

е)жинақтық



  1. Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Санды нөлге бөлуге болмайды.

а)бастауыш

в)толықтауыш

с)пысықтауыш

д)баяндауыш

е)анықтауыш



  1. Күрделі сан есімдер қалай жазылуын белгілеңіз.

а)біріккен түрінде

в)бірге


с)бөлек

д)үтір арқылы

е)қысқарған түрінде


  1. Сан есімге керекті тыныс белгісін анықтаңыз.

Қапты 2 ден көтеріңдер.

а)дефис


в)қос нүкте

с)сызықша

д)нүкте

е)үтір


  1. Оң оқыса да, теріс оқыса да бірдей айтылатын сан есімнің мағыналық түрін көрсетіңіз.

Қырық-беске бөлінеді.

а)жинақтық

в)реттік

с)топтау


д)болжалдық

е)есептік



  1. Топтау сан есімді табыңыз.

а)жүз мыңға таяу

в)ондаған

с)бес-алтыларда

д)отыз-қырықтан

е)он жетіде


  1. Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Содан бері тура жүз жыл өтіпті.

а)пысықтауыш

в)анықтауыш

с)толықтауыш

д)баяндауыш

е)бастауыш



  1. Сан есімнің мағынасына қарай бөліну санын көрсетіңіз.

а)4

в)6


с)7

д)8


е)5

  1. Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.

а)бәрі біркелкі

в)бес-бестен

с)оқып отыр, жеп жатыр

д)алтау, біреу

е)отыз екі, жүздеген


  1. Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

ХІІІ ғасырдың басында Шыңғысхан әскері Қазақстан мен Орта азияға жорыққа шықты.

а)толықтауыш

в)баяндауыш

с)анықтауыш

д)бастауыш

е)пысықтауыш



  1. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз.

а)керектігін ескертті

в)қадала қарады

с)ұйқысыз өткізді

д)мылтық ату-өнер

е)бір-екі рет ескертті


  1. Есептік сан есімді көрсетіңіз.

а)тоқсан

в)оннан бір

с)жүздеген

д)төртеу


е)төртінші

  1. Сөздердің тіркесуі арқылы жасалатын сан есім түрін көрсетіңіз.

а)негізгі

в)сапалық

с)күрделі

д)туынды


е)дара

  1. Жалғаулы сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Ол-жалғыз, біз-екеуміз.

а)анықтауыш

в)толықтауыш

с)бастауыш

д)пысықтауыш

е)баяндауыш



  1. Есептік сан есімді көрсетіңіз.

а)елулерде

в)оныншы


с)бес-алты

д)жиырма бес

е)жиырма шақты


  1. Күрделі сөзді табыңыз.

а)отыз бестерге жуық

в)ертеңгі ас

с)ит арқасы қиянда

д)тізесін бүкті

е)қос қазақ


Есімдік
1. Жалпылау есімдігін көрсетіңіз.

а)Күллі, барша; в)Шөре-шөре, кіш-кіш; с)Ата-ана; д)Ақылды, мейірлі; е)Ата, мына;

2. Жіктеу есімдігін табыңыз.



а)Мен, сен; в)Бәрі, түгел; с)Сол, анау; д)Біреу, кейбіреу; е)Бұл, сол;

3. Берілген есімдіктердің қайсысы зат есім орнына жүреді, дұрысын белгілеңіз.



а)Қайда; в)Әлдекім; с)Әр уақытта; д)Ешқашан; е)Мына;

4. Сілтеу есімдігін табыңыз.



а)Түнде,кеште; в)Жүз, оқу; с)Бұл, сонау; д)Егер, бірге, уақыт; е)Бір, алтау;

5 . Атау тұлғалы сілтеу есімдігін табыңыз.



а)Соңында; в)Сонда; с)Сонымен; д)Сонысын; е)Соныңыз;

6. Өздік есімдікті тіркесті табыңыз.



а)Бірер елік; в)Өз баласы; с)Жүз шамалы; д)Қос қыран; е)Көркем дүние;

7. Емле бойынша дұрыс жазылған есімдікті табыңыз.



а)Қайбір; в)Бірнеше; с)Әзілқой; д)Әр кім; е)Әлде кім;

8. «Ешқандай, ешқайдан» есімдіктерінің тірін анықтаңыз.



а)Болымсыздық есімдігі; в)Болымсыз етістік; с)Үстеуші есім; д)Өздік есімдігі; е)Белгісіздік есімдігі;

9. Тәуелденіп келген сұрау есімдігін көрсетіңіз.



а)Алма, нарық; в)Кімім? Кіміңіз?; с)Кейбір, біреу; д)Ешкім, әлдеқашан; е)Ғой, бірақ;

10. Емле бойынша дұрыс жазылған есімдікті табыңыз.



а)Әлдеқайда; в)Әлде не; с)Еш теме; д)Кімдекім; е)Еріншек;

11. Белгісіздік есімдікті тіркесті көрсетіңіз.



а)Бірнеше жауынгер; в)Жүздеген сиыр; с)Жиналмалы отырғыш; д)Көтеріңкі көңіл; е)Он шақты түлкі;

12. Септелу кезінде түбірі өзгеріске ұшыраған есімдік?



а)Әлдеқалай; в)Оған; с)Әлдекім; д)Кейбіреу; е)Қайсыбір;

13. Жіктеу есімдігінің жекеше түрін тап.



а)Әркім; в)Өзім; с)Ешкім; д)Сеңдер; е)Сен;

14. Болымсыздық есімдігінен болған тіркесті табыңыз.



а)Ешқайда бармау; в)Әлдеқашан келу; с)Далаға шықпау; д)Үйге келу; е)Мұражайға бару;

15. Септелу кезінде түбірі өзгеріске ұшырап тұрған есімдікті табыңыз.



а)Саған; в)Кімім; с)Әлдекім; д)Менің; е)Ешқандай;

16. Екі түбірден бірігіп жасалатын есімдіктің түрін тап.



а)Белгісіздік; в)Жалпылау; с)Жіктеу; д)Сілтеу; е)Сұрау;

17. Өздік есімдігі бар тіркесті табыңыз:



а)Өз елім; в)Менің елім; с)Ел мен жер; д)Ел іші; е)Бұл ел;

18. Көмектес септікте тұрған өздік есімдігін табыңыз:



а)Өзгеде; в)Өздеріңізді; с)Өзіммен; д)Өзіміздің; е)Өзінен;

19. Өздік есімдіктің соңғы қосымшасын табыңыз.



Өзіңнен алған кітапты қайтармақпын.

а)Септік; в)Түбір күйінде; с)Тәуелдік; д)Көптік; е)Жіктік;

20. Күрделі есімдікті табыңыз.

а)Әлпештеу; в)Әрлі-берлі; С)Осында; д)Барлығымыз; е)Әлдеқалай;

21. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз.



а)Кейбіреу; в)Санау; с)Сонау; д)Үшеу; е)Еш нәрсе;

22. Болымсыздық есімдігін тап?



а)Әлдеқайда; в)Отыздарда; с)Ешқайсысы; д)Әсемпаз; е)Жайраңда;

23. Жіктеу есімдігі қатысқан сөз тіркесін табыңыз.



а)Мені кітабым; в)Бірнеше кітап; с)Қалың кітап; д)ағамның кітабы; е)Бес кітап;

24. Қопарыла септелген есімдікті көрсетіңіз.



а)Кімім; в)Ешқандай; с)Әлдекім; д)Менің; е) Саған;

25. Шығыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз.



а)Бұлар; в)Жалпы; с)Бұан; д)Бауыр; е)Айнала;

Одағай


  1. Көңіл-күй одағайын табыңыз:

а) Сөйтіп

в) Моһ-моһ

с) Айт

d) Алақай



е) Арман

  1. Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.

а) Қарш-қарш

в) Сарт-сұрт

с) Астана

d) Әттеген-ай

е) Селтең-селтең


  1. Әр түрлі мағынаға ие бола алатын одағайды табыңыз.

а) тәйт

в) пыр-пыр

с) әттеген-ай

d) бәрекелді

е) алақай


  1. "Ауқау-ауқау" - лап шақыратын одағай қай қатарға тән, табыңыз.

а) Сиыр

в) Қой


с) Түйе

d) Жылқы


е)Ешкі

  1. Көңіл-күй одағайын табыңыз.

а) Әрине

в) деп


с) маңы

d) қап


е) пырс

  1. Одағайға байланысты тыныс белгісінің тиістісін көрсетіңіз.

Қап мынаның баласы қатырды-ау!

а) нүктелі үтір

в) үтір

с) дефис


d) сызықша

е) нүкте


  1. Көңіл-күй одағайы бар сөйлемді табыңыз.

а) Жауыннан бұрын кетіп қалмаған екенбіз.

в) Келгенің қандай жақсы болды!

с) Кел, балалар, оқылық.

d) Пай-пай! Күннің жаууы-ай!

е) Балам, қайда зытып барасың?


  1. Одағайдың тыныс белгісін көрсетіңіз.

Татулық деген қандай жақсы шіркін.

а) Көп нүкте .

в) Дефис.

c) Нүкте.

d) Үтір.

e) Сызықша.

9. Одағай қызметіндегі «ой» сөзін табыңыз.

а) Мына жердің мұзын ой.

в) Танымайтын елдің ой –шұңқыры көп болады.

с) Ой түбінде жатқан сөз, шер толқытса шығады.

d) Ой, құлап кете жаздадым ғой!

e) Оның ойында ештеме жоқ.

10. Тұлғасына қарай одағай түрін анықтаңыз.

Қап ,бәлем.

а) Туынды түбір.

.в) Біріккен сөз.

с) Негізгі түбір.

d) Қос сөз.

е) Тіркесті сөз.

11. Одағай құрамындағы шылауды табыңыз.

а)Ойпырмай.

в)Ай- ай- ай !

с)Ай қабақты жігіт.

d)Қарағым- ай.

e)Ай- күніне толып туылды.

12. Одағайдың қай түрі, белгілеңіз.

Тәйт, екінші мынандай мінез көрсетпе.

а)Тыйым салу.

в)Бұйыру.

с)Шақыру.

d)Қапалану.

e)Ренжу.


13. Одағай мағынасына қарай нешеге бөлінетінін табыңыз.

а)Төртке.

в)Үшке.

с)Екіге.


d) Бөлінбейді.

e) Беске.

14. Одағайға байланысты тыныс белгісінің лайықтысын көрсетіңіз.

Уа пәлі нағыз әнші мұнан шықты міне!

а)Нүкте.


в)Дефис.

с)Көп нүкте.

d) Үтір.

e) Сызықша.

15. Одағай сөзді табыңыз.

а)Жарайды, тазалығыңа сеңдім.

в)Ахмет, Ержанды шақыршы.

с)Шөге ғой, түйем, шөк- шөк.

d)Күлкінің иесі ақ сары қыз екен.

e)Мен саған мұны ақыл ретінде айтамын.

16. Одағайдың түрін анықтаңыз.

...Ұя бұзбас момыным

Шопан ата түлігі

Қошақаным, қайдасың?

Пұшайт, пұшайт!

а)Шақыру.

в)Қапа болу.

с)Қуану.


d) жекіру.

e) Ризашылық.

17. Одағайды табыңыз.

а)Жаттан жақын, қастан дос тауып келемін.

в)Беу- беу, туған жер, неткен келісті ең!

с)Менің жаным алма ағаштай гүлдеді.

d) Әке, мына кітапты оқыңызшы.

e)Сіздің пікіріңізше, ауылмен байланыс күшеймек пе ?

18. «Ау» сөзінің одағай мәнінде тұрғанын табыңыз.

а)Ау, сендерге не болған?

в)Жел батысқа ауды.

с)Балықшылар ау тоқыды.

d)Осы әкелгенің жарайды- ау.

e)Балықты аумен ұстайды.

19. Одағайдың түрін белгілеңіз.

...Жаһанда жүрсем серігім,

Қамбар ата өсірген

Құла атым менің, қайдасың?

Құрау- құрау!

а)Өкіну.


в)Тыйым салу.

с)Шаттану.

d)Шақыру.

e)Жекіру.

20. Одағай қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

а) Содан бері ол біздің үйге кірген жоқ.

в) Балам, арыңды жасыңнан сақта.

с) «Ойбай- ай, тағы да біліп қойып масқара болмайық»,- деп Айзада тартыншақтай берді.

d) Үш қостың бар адамы бүгін мынау арқардың өзі келіп өлгенін соншалық жақсы ырым көрісті.

е) Қымыз ішіп болған соң, үй ішінде Абай екінші бір сөзін бастады.

21. Одағай қандай сөздер қатарына жатады?

а) оқшау сөз

в) еліктеу сөз

с) шылау сөз

d) мағыналы сөз

е) омоним сөз

22. Түрленбейтін сөзді табыңыз.

а) Есімше.

в) Етістік.

с) Белгісіздік есімдік.

d) Одағай.

е) Үстеу.

23. Әр түрлі мағынаға ие бола алатын одағайды табыңыз.

а) Пай- пай

в) Алақай

с) Пәлі, ау

d) Пах- пах

е) Қап, тәйт

24. Одағайды табыңыз.

а) Өзімдікі болса игі еді.

в) Охо, өлкемдегі өмір қандай!

с) Балам, Ойымды таба алдың.

d) Мынау не деп тұр?

е) Қой деймін, балам.

25. Одағайдың тұлғалық түрін көрсетіңіз.

Әттеген- ай.

а) Қысқарған сөз.

в) Шылаулы сөз.

с) Дара сөз.

d) Қос сөз.

е) Түбір сөз.

Шылау


  1. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Білім іздеген өсер.

в) Шалдың мазасын алдық білем.

с) Құрғақ қасық ауыз жыртады.

d) Шіркін, не керек, естімеді.

е)Телі мен тентек қайда да бар болатын.

2. Демеулік шылауды көрсетіңіз.

а) -ақ, -мыс, -ау

в) -ай, өйткені

с) ғана ,алайда.

d) туралы, және

е) -ма,-ме,дейін

3. Шылау арқылы байланысты көрсетіңіз.

а) Қызметке тұру.

в) Оқиғаны зерттеу.

с) Тойдың соңы.

d) Күміс білезік.

е) Көрген сайын сұрайды.

4. Септеулік шылаулар қатарын табыңыз.

а) және, әрі

в) –ақ, -ай

с) кейін, соң

d) ма , ме

е) я, яки, кейде

5. Септеулік шылау арқылы байланысқан сөздерді анықтаңыз:

а) Кешке таман жетті.

в) Арқанмен түсті.

с) Итті қуды.

d) Жылтыраған сәуле.

е) Алтын тіс.

6. Шылау сөздер қатарын табыңыз:

а) Аса, өте, тым

в)Арқылы, дейін, туралы, ғана

с) Ақ, көк, тәуір, кең

d) Мен, бәрі, күллі, кім

е) Күн, мекткп, аула ,ауа

7, «Ша», «ше» шылауларының дұрыс жазылу нормасын табыңыз.

а) Ша, ше бөлек болады

в) Алдындағы сөзден соң дефис қойылады

с) Алдындағы сөзден соң үтір қойылады

d) Ша, ше, -шы, -ші болады

е)Алдындағы сөзбан бірге жазылады

8. Шылау сөздер қатарын табыңыз:

а) Жел, тасқын

в)Ору, кесу

с) Егер де, бен

d) Қызыл, сары

е) Бес, жеті

9. Септеулік шылау арқылы байланысқан сөздерді көрсетіңіз.

а) Табиғаттану сабағы.

в) Қараңғы түн.

с) Бұл- Назым.

d) Допты алды.

е) Болмаған соң жетті.

10. Әлде сор, әлде бағы әуреледі.

Шылау мағынасын ажыратыңыз.

а) Қарсылықты

в)Шартты

с) Ыңғайластық

d) Талғаулық

е) Кезектес

11. Қарсылықт мәнді жалғаулық шылауларды көрсетіңіз.

а) немесе, әлде

в) Әрі, және

с) Сондықтан, өйткені

d) Да,де, та, те

е) Алайда, дегенмен

12. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Аузыңды ашып есіне(ме)

в) Осы арадан ұзап кет(пе)

с) Қатарыңнан қал(ма)

d)Жақанды көрдің(бе)

е) Тісіңді шақылат(па)

13. Шылау сөздер қатарын табыңыз.

а)Быт-шыт, жарқ- жұрқ, жалт.

в) Оқы, күл, ойна, жүр.

с) Алайда, егер, сайын, арқылы.

d) Екі, он, үш, бес.

е) Жақсы, кең, биік, төмен.

14. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Сабақ басталады(ма).

в) Көкті жұла(ма).

с) Үй айналып жүгір(ме).

d) Қолыңды аузыңа сал(ма).

е) Нанды шаш(па).

15. Сұраулық демеуліктер қатарын табыңыз.

а) –ау, -еу, -міс, екеш

в) –ақ, әсіресе, да (де, та, те)

с) ғана, тек

d) ма (ме, ба, бе, па, пе), ше

е) түгіл, тұрсын, тұрмақ

16. Дефиспен жазылатын шылаулар тобын көрсетіңіз.

а) ғана, сайын, тәрізді

в) және, мен, бен, пен

с)не, немесе, я

d) Да, де, та, те

е) ау, ак, мыс, міс, ды, ді

17. Жалғаулық шылаулар қатарын көрсетіңіз.

а) Қой, -ды.

в) Бірақ, дегенмен.

с) Ғана, -мыс.

d) –Мыс, -міс.

е) Ма, ме.

18. Демеулік шылауды табыңыз.

а) Арқылы.

в) Шейін.

с) Үшін.


d) Сайын.

е) Ғана.


19. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын табыңыз.

а) Әлжуаз бала.

в) Әуел бастан.

с) Отырған сияқты едім.

d) Айлакер түлкі.

е) Әшкере ету

20. . Одағай құрамындағы шылауды табыңыз.

а)Ойпырмай.

в) Ай- ай- ай!

с) Ай қабақты жігіт.

d)Қарағым- ай.

e)Ай- күніне толып туылды.

21. Шылау сөздер қатарын табыңыз:

а) Дүрс, зырқ

в) Бар, күл

с) Өзен, тау

d) Тәрізді, дейін

е) Үш, жеті

22. «Демеулік» , «септеулік», «жалғаулық» деген сөздер неге тән, дұрысын белгілеңіз.

а) Есімдер.

в) Шылау.

с) Зат есім.

d) Есімше.

е) Оқшау сөздер

23. Атау септіктегі сөздермен тіркесетін септеулік шылауды анықтаңыз.

а) Дейін, шейін

в) – ақ, -ай, - ау, - мыс, - міс

с) Қатар ,бірге

d) Кейін, соң

е) Арқылы, жайында

24. Шылауды табыңыз.

а) Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.

в) Басты мәселе - оқу үлгерімі.

с) Үш- ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

d) Сөз –өмірдің үлкен қаруы.

е) Ой жетпейтін жер болмайды.

25. Одағайдың тұлғалық түрін көрсетіңіз.

Әттеген- ай.

а) Қысқарған сөз.

в) Шылаулы сөз.

с) Дара сөз.

d) Қос сөз.

е) Түбір сөз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет