Пунктуация. Үтір
1. Үтірдің қойылу себебін анықта.
Оқып білім ал, бөбек!
А. Бірыңғай мүшелер
В. Одағай
С. Қыстырма сөз
Д. Оңашаланған айқындауыш
Е. Қаратпа сөз
2. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді тап.
А. "Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады!"- депті Ғабит Мүсірепов.
В. "Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады,"- депті Ғабит Мүсірепов.
С. "Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады?"- депті Ғабит Мүсірепов.
Д. "Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана, жылыта алады;"- депті Ғабит Мүсірепов.
Е. "Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады;"- депті Ғабит Мүсірепов.
3. Үтірдің қойылу себебін анықта.
Менің ұғуымша, терең сын.
А. Шартты бағыныңқы сабақтас
В. Толмысыз сөйлем
С. Оқшау сөз
Д. Қыстырма сөз
Е. Құрмалас құрамындағы жай сөйлем
4. Қай мысалда үтір қойылуы қажет?
А. Аса тілеулес ағасы Абай оның алдынан шықпайды және ешкімге бетін де қақтырмайды.
В. Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша орнынан атып тұрды.
С. Кенжебек Асқардың шақыртуымен келіп отыр.
Д. Әр адамның бағасына бір ғана өлшеуіш бар ол - өнімді адал еңбек.
Е. Біресе бір адым озып кетеді біресе кейін қалып қояды.
5. Мына сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылатынын анықта.
Өзіңді - өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.
А. Нүктелі үтір
В. Қос нүкте
С. Үтір
Д. Сұрау белгісі
Е. Леп белгісі
Сызықша
1. Жалғаулықсыз түсіндірмелі салаласқа байланысты қойылып тұрған сызықшаны табыңыз.
А. Жастардың білімге құмарлығы соншалық - қолдарынан кітап түспейді.
В. Ұлу - көп тісті жәндік.
С. "Басы қайтты,- деп қуанды,- қауіптің".
Д. Адам көре - көре көсем болады, сөйлей - сөйлей шешен болады.
Е. Әкесінің баласы - адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың.
2. Сызықшаның қойылатын жерін анықтаңыз.
А. Бірыңғай мүшелердің арасына қойылады.
В. Одағайдың екі жағынан қойылады.
С. Ой тәртібін білдіретін қыстырма сөзден кейін қойылады.
Д. Сан, уақыт, кеңістік мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін қойылады.
Е. Кезектес салалас құрамындағы жай сөйлемдер арасына қойылады.
3. Сызықша қойылмайтын жерді көрсетіңіз.
А. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы болса, бастауыштан кейін.
В. Жалпылауыш сөзден кейін, бірыңғай мүшенің алдынан.
С. Жалғаулықсыз түсіндірмелі салаласта жай сөйлемдер арасына.
Д. Төл сөзден соң, автор сөзі алдынан.
Е. Автор сөзі төл сөздің ортасында келсе, автор сөзінің екі жағына.
4. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылған сызықшаны тап.
А. Ұсыныс сол - сөз өздеріне берілсін.
В. Баланың өскен бесігі - кең дүниенің есігі.
С. Сәрсен аға, аман - сау келдіңіз бе?
Д. Біраз жүрген соң Асан - күндіз көп жүріп, шаршаған бол?- ұйықтап қалды.
Е. Жақсы келдің айналайын!- деп қалбалақтап жатты ана.
5. Қарсылықты салалас сөйлемге байланысты қойылып тұрған сызықшаны көрсет.
А. Бәрін білем - шаланың ісі, бәрін білсем - дананың ісі.
В. Арғын, Найман, Керей, Уақ - төрт арыс бас қосыппыз.
С. Ауылға көзін аларта талай уәкілдер келеді,- ақ үйден аттанарда жымия күледі.
Д. - Немене, деген даусы естілді баланың.
Е. Айтып тұрғаны - "Көзімнің қарасы".
Тырнақша
1. Тырнақша қойылмайтын жерді көрсетіңіз.
А. Дәйексөз тырнақшаға алынады.
В. Кәсіпорын, газет, кітап атаулары тырнақшаға алынады.
С. Астарлы, кекесін мәндегі сөз тырнақшаға алынады.
Д. Ойға қатысты басқа бір ойды жол - жөнекей түсіндірген сөйлем тырнақшаға алынады.
Е. Мақал - мәтелдер, афоризмдер сөйлем ішінде қолданылғанда тырнақшаға алынады.
2. Қай сөз тырнақшаға алынады?
Ақанның әні - Мақпал.
А. Ақанның
В. Әні
С. Мақпал
Д. Барлық сөз
Е. Ешбір сөз алынбайды.
3. Астарлы кекесін мәніндегі сөзге байланысты қойылған тырнақшаны тап.
А. Сұлтанмұрат пен Қадиша кезектесіп айтып, бір кезде "Екі жиренге" қосылып кетті.
В. Арсыздыққа ауыздандыратындар "абыройлы" ағалар.
С. "Ынтымақ түбі - береке" деген мақалды білемісің?
Д. Ол маған осы "Терек пен қызыл гүлді" айтып берді.
Е. Жұрт елеңдеп, "бұл кім болды екен кешігіп жеткен", "мықтылардың бірі ғой, тегі" десіп, жігітке қарасты.
4. Қай сөз тырнақшаға алынатындығын көрсетіңіз.
Намыс сөзі - дерексіз зат есім.
А. Дерексіз
В. Намыс
С. зат
Д. Есім
Е. Барлық сөз алынады
5. Сызықша басқа тыныс белгілерімен қабаттаса келген жағдайда қалай қойылады?
А. Үтірдің алдынан
В. Тыныс белгілерінен кейін
С. Тыныс белгілері алдынан
Д. Көп нүкте арасына
Нүкте
1. Нүкте қойылатын жерді көрсетіңіз.
А. Км, га, л қысқартылғанда.
В. Сұраулы сөйлемнен кейін.
С. Драмалық шығармаларда әр кейіпкер атынан соң.
Д. Төл сөз алдында тұрған автор сөзінен кейін.
Е. Кітаптағы тақырып атынан соң.
2. Нүкте қойылмайтын жерді табыңыз.
А. Хабарлы сөйлемнен соң.
В. ҚазҰТУ, ТМД араларына
С. Жай, екпінсіз айтылған бұйрықты сөйлемнен соң.
Д. Автор түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін.
Е. Дәйексөз иесін көрсететін сөздерден соң жақша жабылған жерде.
3. Қай сөйлемде екі жерден нүкте қойылады?
А. Тәртіпсіздікке жол бермеу керек деген менің әкем
В. Тәртіпке бас иген құл болмайды (Б Момышұлы)
С. Мен келдім деп ол ішке кірді
Д. Мыналар наурыз, сәуір көктем айлары
Е. Мылтық тарс етті, құс жалп етті
Қос нүкте
1. Қос нүкте қойылатын жерді көрсетіңіз.
А. Жалғаулықты себеп - салдар салаласта.
В. Бірыңғай мүшелерден кейін.
С. Жалғаулықсыз себеп - салдар салаласта салдар мәнді сөйлемнен кейін.
Д. Жалғаулықсыз қарсылықты салаласта.
Е. "Бірақ", "алайда", "сондықтан", "біресе" жалғаулықтарының алдынан.
2. Қос нүктенің қойылған орнын анықтаңыз.
Қарт күрсінді: - Ұлым, желік қуыпсың!
А. Қарсылықты салаластың жай сөйлемдері арасына.
В. Мезгіл бағыныңқы сөйлемнен кейін.
С. Төл сөзден кейін.
Д. Жалпылауыш сөзге қатысты.
Е. Автор сөзінен кейін
3. Қос нүктенің қай сөзден кейін қойылатынын белгілеңіз.
Жалғыз кемдігім хат танымайтындығым ғой.
А. Жалғыз
В. Кемдігім
С. Хат
Д. Танымайтыным
Е. Ғой
4. Қос нүкте қойылмайтын жерлді көрсетіңіз.
А. Салдар мәнді сөйлемнен кейін.
В. Автор сөзінен кейін.
С. Бірыңғай мүшелер арасына.
Д. Жалпылауыш сөзден соң
Е. Түсіндірмелі салаласта.
5. Қос нүктенің жай сөйлемде қойылатын орны қайсы?
А. Сөйлем ортасында.
В. Сөйлем соңында.
С.Бірыңғай мүшелер арасына
Д. Сөйлем басында.
Е. Жалпылауыш сөзден соң.
6. Қос нүктенің орнын тап.
А. "Мен бардым" деді Ораз.
В. Ораз мен бардым деді.
С. Ораз өзі барғандығын айтты.
Д. Ораз мен бардым деді ме?
Е. Ораз барған ба?
Синтаксис
Сөздердің байланысу түрлері, тәсілдері
1. Еркін тіркестің қай түрі, дұрысын белгілеңіз.
Айшаның әжесі.
А) Қабысу В) Меңгеру С) Жанасу Д) Матасу Е) Қиысу
2. Қабысуды табыңыз.
А) Оңтүстікке қарай В) Жұрттың ішінде С) Етікші бала Д) Төмен қарау Е) Жылқыны бағу
3. Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Сәуле кеше келді. В) Алатау - әсемдіктің символы.
С) Ол шешесіне хат жазды. Д) Сымбат - үлгілі қыз.
Е) Баласы тиянақты екен.
4. Есімді сөз тіркесін табыңыз.
А) Бидай өңді, кірпіш үй В) Тез жүру, үздік оқу С) Кілт тоқтау, үш келу Д) Қарқылдап күлу, ағашты өңдеу Е) Жалт қарау, жайлауға бару
5. Диалогты төл сөз, төл сөзден соң келген автор сөзінің алдынан төл сөз ішінде келген автор сөзінің екі жағынан қойылатын белгі.
А) Сызықша В) Дефис С) Үтір Д) Нүктелі үтір Е) Қос нүкте
6. Сөйлемде оқшау сөздің қай түрі берілген? Ой, тәйірі, шаруа қайда қашатын еді...
А) Қаратпа сөз В) Қыстырма сөз С) Одағай Д) Қосарланған айқындауыш Е) Оңашаланған айқындауыш
7. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.
А) Жаудың әскері. В) Сендерден алды. С) Ауылға қайту.
Д) Біздің мақсатымыз. Е) Жаңа өмір.
8. Есімшелі бастауыш, баяндауыштың арасына қойылатын тыныс белгісі.
А) Дефис В) Үтір С) Сызықша Д) Нүктелі үтір Е) Қос нүкте
9. Көмекші есімді тіркесті табыңыз.
А) Орман іші В) Ауылдың малы С) Баланың бесігі Д) Сәуленің қуыршағы Е) Зәуренің болашағы
10. Амал не, бәсе, өкінішке орай- сөздері қай қатарға тән.
А) Одағай В) қаратпа С) қыстырма Д) шылау Е) жалғаулық шылау
11. Мекен пысықтауыш бола алатын сөз қайсы, табыңыз.
А) Бұл жолы. В) Үндемей отырып. С) Маған бола. Д) Төрге қарай. Е) Әдейі барды.
12. Жанасуды көрсетіңіз.
А) Көлік келді. В) Болашақтың жоспары. С) Ол кеше келді. Д) Ертеңгі ас. Е) Ол - бала.
13. Ырықсыз етістің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Жоспарланған жүк уақытында жөнелтілді.
А) Баяндауыш. В) Бастауыш. С) Пысықтауыш. Д) Анықтауыш. Е) Толықтауыш.
14. Күрделі сөз тіркесін табыңыз.
А) Отын лаулап жанды. В) Нұрлы жаз. С) Құрт. Д) Көз тігеді. Е) Пештегі отын.
15. Еркін тіркес түрі,
белгілеңіз.
Ертеңгілікті бастадық.
А) Қиысу В) Матасу С) Меңгеру Д) Қабысу Е) Жанасу
16. Жалпылауыш сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Қар суы да, жаңбыр суы да - соның ырысы. В) Пайда, мақтан - бәрі тұл. С) Жүрісіміз кейде бүкіл, кейде бөкен желіс. Д) Ол да, ол тұрған село да жас еді. Е) Саят өте еңбекқор еді.
17. Сөйлемдердің байланысу тәсілін көрсетіңіз.
Күн бұлттанып -ақ тұр еді, алайда жауа қоймады.
А) Дауыс ырғағы. В) Іргелес тұру. С) Септеулік шылау. Д) Жалғаулық шылау. Е) Демеулік шылау.
18. Еліктеуіш сөз тіркескен сөзімен қандай байланыста тұрғанын анықтаңыз.
Бие митың аяңнан жаңылар емес.
А) қиысу В) матасу С) меңгеру Д) қабысу Е) жанасу
19. Кезектес жалғаулық арқылы байланысып тұрған бірыңғай мүшелі сөйлемді табыңыз.
А) Юра біресе самолетке, біресе сағатына қарады. В) Пайда, мақтан - бәрі тұл.
С) Кескіні әрі суық, әрі жат көрінді. Д) Мұнда шөп немесе сабан әкеліңдер.
Е) Ол жаққа я мен барамын, я сен барасың.
20. Үстеу болатын сөз - сөйлемнің қай мүшесі, анықтаңыз.
Ала жаздай үй салумен болды.
А) Бастауыш В) Баяндауыш С) Анықтауыш Д) Толықтуыш Е) Пысықтауыш
21. Баяндауыштың жасалу жолы.
М.Әуезовтің соңғы романы - "Өскен өркен"
А) Дара сөз В) Туынды сөз С) Біріккен сөз Д) Қос сөз Е) Күрделі атау
22. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.
А) Дала жайқалып тұр. В) Қалада оқиды. С) Көптен бері сырласамыз.
Д) Сылқ-сылқ күлді. Е) Көңілді кеш болды.
23. Қаратпа сөзді табыңыз.
А) Мырза, шолғыншылар оралды. В) Өй, жайыңа жүр.
С) О, жауыздыққа шек бар ма? Д) Кейін анықтасам, айтқаны дұрыс екен.
Е) Тәйт, қалжыңды қой.
24. Баяндауыштың жасалу жолын көрсетіңіз.
Қара қазан бұрқ-бұрқ қайнап жатыр.
А) Етістік В) Есімше С) Көсемше Д) Күрделі етістік Е) Зат есім
25. Қосарлы айқындауыш тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Пайда, мақтан - бәрі тұл. В) Көбінің жүзі ақшыл не қызғлт сарғыш келеді.
С) Ақәділ қария ақ боз үйдің есігін түргізіп қойып, әңгіме айтып тұр.
Д) Қызыл, жасыл жапырақтар жерде жатыр. Е) Есік алды гүлмен құлпырып тұр.
26. Қаратпа сөзді табыңыз.
А) Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы екен.
В) Сөйлейді Жамбыл бәріңе. С) Теріскейден соққан жел әрі суық, әрі күшті.
Д) Ей, аққу, сәлем деші жолыққанда. Е) Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да.
27. Кімім? Нем? - қай сөйлем мүшесінің сұрағы, табыңыз.
А) Пысықтауыш. В) Анықтауыш. С) Толықтауыш. Д) Баяндауыш. Е) Бастауыш.
28. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.
А) Өршелене соқты. В) Бір күні келер. С) Қасақана. Д) Одан әрі отыр. Е) Ілгері кетті.
29. Тіркес түрін анықтаңыз.
Жұқа тақтай.
А) күрделі сөз. В) еркін тіркес. С) мәтел. Д) тұрақты тіркес. Е) мақал.
30. Зат есімнің орнына жүріп, бастауыш қызметін атқарып тұрған есімдікті көрсетіңіз.
А) Бір-біріне сыбырлай сөйлеседі. В) Әрқашан өзіңді ойлағайсың.
С) Бірде шал сол ұлдарын жинапты. Д) Сөйлеуші, айтушы адамдар - басқалар.
Е) Бұным - саған көмектескен назым.
31. Тұйық етістік сөйлемнің қандай мүшесі, белгілеңіз.
Жақсының қасиеті - жарыстыру,
Жаманның қасиеті - таластыру.
А) Бастауыш. В) Баяндауыш. С) Анықтауыш. Д) Толықтауыш. Е) Пысықтауыш.
32. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын көрсетіңіз.
А) Темір күрек. В) Білімге ұмтылу. С) Сенімді ақта. Д) Біздің таласымыз.
Е) Жұмыстың пайдасы.
33. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есімнен болған сөйлем.
А) Жидебай - Шыңғыс елі мен жерінің кіндігі. В) Ертеңгі арман.
С) Көп түкірсе - көл. Д) Ерлік күші. Е) Көзімнің оты шықты.
34. Етістіктен болған баяндауышты анықтаңыз.
А) Абай кітапқа үңілді. В) Біз жиырма төртпіз. С) Айтпағым - осы.
Д) Заман - жастардікі. Е) Жүрісте, отырыста Құнанбай әлі тіп-тік.
35. Еркін тіркестің бағыныңқысы - көптік жалғауы жалғанбайтын сөз, дұрысын
белгілеңіз.
А) адамдар келді В) үй салынды С) гүл суарылды Д) шаш өсті Е) жүк жиналды
36. Бағыныңқысы сан есімнен болған тіркес - қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз.
Карточкадан қырық санын қырық.
А) бастауыш В) толықтауыш С) анықтауыш Д) пысықтауыш Е) баяндауыш
37. Жалғау арқылы байланысты табыңыз.
А) Батыр жігіт. В) Қалың орман. С) Үйге кіргізу. Д) Бірте-бірте түсіну.
Е) Ұсақ жәндік.
38. Мақсат пысықтауышты табыңыз.
А) Құтылып кетті. В) Күлдіру үшін айтып отыр. С) Киноға дейін талай уақыт бар.
Д) Шалқасынан жатыр. Е) Ішек-сілесі қата күлді.
39. Етістікті сөз тіркесін табыңыз.
А) Көкке қарады. В) Ұзын бойлы. С) Жылы сөз. Д) Қаланың іші. Е) Он күн.
40. Қаратпа сөзге тән тыныс белгісін қойыңыз.
Тоғжан япырмай, жақсы айттыңыз-ау.
А) үтір В)нүкте С) көп нүкте Д) леп белгісі Е) сұрақ белгісі
41. Интонация арқылы байланысу тәсілін табыңыз.
А) Сыңғырлаған күлкі. В) Арпа-бидай жиналды. С) Алма-кезек дүние.
Д) Ахмет - инженер. Е) Ант-су ішу.
42. "Биік қорған" сөзіндегі басыңқыны қай қатарға жатқызамыз.
А) зат есім В) сын есім С) сан есім Д) есімдік Е) етістік
43. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.
А) Не күдігіңіз бар еді? В) Уәделі уақытында кел. С) Мынау қоян жепті ғой.
Д) Қандай айғақ таптыңыз? Е) Қандай ғажап!
44. Сөз тіркесінен тура толықтауышты табыңыз.
А) Келгеніне риза болды. В) Ауданға барды. С) Ойында сақтаулы.
Д) Оны білгенін жасырды. Е) Оқуға түсті.
45. Етістікті сөз тіркесін табыңыз.
А) Аспанға қарады. Қысқа бойлы. С) Жылы сөз. Д) Қаланың іші. Е) Қырық күн.
46. Етістікті тіркес байланысу түрінің қай қатарына жатады, белгілеңіз.
Еңбекке баулу.
А) Қиысу В) Матасу С) Меңгеру Д) Қабысу Е) Жанасу
47. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.
А) Мақсаттың үйі. В) Арбада отыр. С) Жазғы науқан. Д) Колхозды байыту. Е) Тас диірмен.
48. Мақсат пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Басқыштан түсіп келе жатып кілт тоқтады. В) Осы мінезің үшін дос болғым келеді. С) Сіз маған бола келдіңіз бе? Д) Ол төмен қарады. Е) Сізді кейін ауылға жіберемін.
49. Астанадан келген қыз.
Байланысу тәсілін табыңыз.
А) Жатыс септік В) Шығыс септік С) Шылау Д) Орын тәртібі Е) Айтылу ырғағы
50. Бірыңғай мүшелі анықтауыш пен анықталатын сөз байланысын көрсетіңіз.
Сүйеу қарт ел ішіне сыйымсыз,тікбақай, тентек шал.
А) қиысу В) матасу С) меңгеру Д) қабысу Е) жанасу
51. Зат есім сөйлемнің қандай мүшесі көрсетіңіз.
Осы жұмысыңды тез бітір.
А) Бастауыш В) Баяндауыш С) Анықтауыш Д) Толықтауыш Е) Пысықтауыш
52. Мекен пысықтауыш бола алатын сөз қайсы, табыңыз.
А) Бұл жолы. В) Үндемей отырып. С) Маған бола. Д) Төрге қарай. Е) Әдейі барды.
53. Қабыса байланысқан тіркес қайсы?
Тәңірберген ақ шыт орамалмен аузын таңып алды.
А) Тәңірберген таңып алды. В) Аузын таңып алды. С) Орамалмен таңып алды. Д) Ақ шыт орамалмен. Е) Таңып алды.
54. Сөз тіркесінің сыңары нешеу?
А) біреу В) Екеу С) Үшеу Д) Төртеу Е) Бесеу
55. Бірыңғай мүшені көрсетіңіз.
А) Ол мен айтқан жерге кетті. В) Дәптерді, оқу құралдарын, қосымша оқулықтарды әкеліңдер. С) Тосын келген оқиға аузымды ашқызды. Д) Еріншектің ертеңі бітпес. Е) Емтихан тапсыру - жауапты кезең.
56. Тура толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол. В) Орынбордан телеграмма бар. С) Асқар ұзақ уақыт ұйықтамады. Д) Бозбаламын, мен де енді. Е) Мен кітап алғалы келдім.
57. Тура толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Қар жауды. В) Өтірікші өзін алдайды. С) Әдеттің жөні - әдет. Д) Тек жүрсең, тоқ жүресің. Е) Оқусыз білім жоқ.
58. Талғаулықты жалғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай мүшені айқындаңыз.
А) Бірде бар, бірде жоқ. В) Біз ертең-ақ жетеміз. С) Не мен, не сен айт Д) Жүгіріп еді, сонда да кешікті. Е) Оқуға да, жұмысқа да үлгереді.
59. Рас, сұлулықты табиғат екінің біріне бере бермейді.
Қыстырма сөздің мағынасын анықтаңыз.
А) Көзқарас В) Ой реттілігі С) Сендіру Д) Жирақтау Е) Сенбестік
60. Қыстырма сөз мағынасы.
Жалпы, ол өз жұмысын жақсы біледі.
А) Сенбестік В) Күмән С) Ой тәртібі Д) Сендіру Е) Алдыңғы ойды қорытындылау
61. Өзінен бұрын тұрған сөзді дәлеледеп, нақтылап түсіндіретін бір я бірнеше
сөз тобының атауы.
А) Жалпылауыш сөз В) Қосарлы айқындауыш С) Бірыңғай мүшелер
Д) Анықтауыш Е) Оңашаланған айқындауыш
62. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын табыңыз.
А) Айтқан сайын түсіну В) Әр түрлі С) Астанаға бару Д) Гүлдердің иісі Е) Әтір себу
63. Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Жарасов шопандарға дем бере сөйледі. В) Мөлдір бұлақ сылдырлайды.
С) Бүгін ай туыпты. Д) Шынын айту керек, өте оңай жеңілдік.
Е) Денем сергіп, тыңайып қалыппын.
64. Сөз тіркесін жасауға тірек болатын сөз атауын белгілеңіз.
А) негізгі В) басыңқы С) туынды Д) дара Е) сөйлем
Сөз тіркесі, сөйлемнің байланысу түрлері, тәсілдері
1. Еркін тіркестің қай түрі, дұрысын белгілеңіз.
Айшаның әжесі.
А) Қабысу В) Меңгеру С) Жанасу Д) Матасу Е) Қиысу
2. Қабысуды табыңыз.
А) Оңтүстікке қарай В) Жұрттың ішінде С) Етікші бала Д) Төмен қарау Е) Жылқыны бағу
3. Есімді сөз тіркесін табыңыз.
А) Бидай өңді, кірпіш үй В) Тез жүру, үздік оқу С) Кілт тоқтау, үш келу Д) Қарқылдап күлу, ағашты өңдеу Е) Жалт қарау, жайлауға бару
4. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.
А) Жаудың әскері. В) Сендерден алды. С) Ауылға қайту.
Д) Біздің мақсатымыз. Е) Жаңа өмір.
5. Көмекші есімді тіркесті табыңыз.
А) Орман іші В) Ауылдың малы С) Баланың бесігі Д) Сәуленің қуыршағы Е) Зәуренің болашағы
6. Жанасуды көрсетіңіз.
А) Көлік келді. В) Болашақтың жоспары. С) Ол кеше келді. Д) Ертеңгі ас. Е) Ол - бала.
7. Күрделі сөз тіркесін табыңыз.
А) Отын лаулап жанды. В) Нұрлы жаз. С) Құрт. Д) Көз тігеді. Е) Пештегі отын.
8. Еркін тіркес түрі, белгілеңіз.
Ертеңгілікті бастадық.
А) Қиысу В) Матасу С) Меңгеру Д) Қабысу Е) Жанасу
9. Сөйлемдердің байланысу тәсілін көрсетіңіз.
Күн бұлттанып -ақ тұр еді, алайда жауа қоймады.
А) Дауыс ырғағы. В) Іргелес тұру. С) Септеулік шылау. Д) Жалғаулық шылау. Е) Демеулік шылау.
10. Еліктеуіш сөз тіркескен сөзімен қандай байланыста тұрғанын анықтаңыз.
Бие митың аяңнан жаңылар емес.
А) қиысу В) матасу С) меңгеру Д) қабысу Е) жанасу
11. Тіркес түрін анықтаңыз.
Жұқа тақтай.
А) күрделі сөз. В) еркін тіркес. С) мәтел. Д) тұрақты тіркес. Е) мақал.
12. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын көрсетіңіз.
А) Темір күрек. В) Білімге ұмтылу. С) Сенімді ақта. Д) Біздің таласымыз. Е) Жұмыстың пайдасы.
13. Бағыныңқысы сан есімнен болған тіркес - қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз.
Карточкадан қырық санын қырық.
А) бастауыш В) толықтауыш С) анықтауыш Д) пысықтауыш Е) баяндауыш
14. Жалғау арқылы байланысты табыңыз.
А) Батыр жігіт. В) Қалың орман. С) Үйге кіргізу. Д) Бірте-бірте түсіну. Е) Ұсақ жәндік.
15. Етістікті сөз тіркесін табыңыз.
А) Көкке қарады. В) Ұзын бойлы. С) Жылы сөз. Д) Қаланың іші. Е) Он күн.
16. Интонация арқылы байланысу тәсілін табыңыз.
А) Сыңғырлаған күлкі. В) Арпа-бидай жиналды. С) Алма-кезек дүние. Д) Ахмет - инженер. Е) Ант-су ішу.
17. "Биік қорған" сөзіндегі басыңқыны қай қатарға жатқызамыз.
18. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.
А) Мақсаттың үйі. В) Арбада отыр. С) Жазғы науқан. Д) Колхозды байыту. Е) Тас диірмен.
19. Астанадан келген қыз.
Байланысу тәсілін табыңыз.
А) Жатыс септік В) Шығыс септік С) Шылау Д) Орын тәртібі Е) Айтылу ырғағы
20. Қабыса байланысқан тіркес қайсы?
Тәңірберген ақ шыт орамалмен аузын таңып алды.
А) Тәңірберген таңып алды. В) Аузын таңып алды. С) Орамалмен таңып алды.
Д) Ақ шыт орамалмен. Е) Таңып алды.
21. Сөз тіркесінің сыңары нешеу?
А) біреу В) Екеу С) Үшеу Д) Төртеу Е) Бесеу
22. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын табыңыз.
А) Айтқан сайын түсіну В) Әр түрлі С) Астанаға бару Д) Гүлдердің иісі
Е) Әтір себу
23. Сөз тіркесін жасауға тірек болатын сөз атауын белгілеңіз.
А) негізгі В) басыңқы С) туынды Д) дара Е) сөйлем
Оқшау сөздер
1. Сөйлемде оқшау сөздің қай түрі берілген? Ой, тәйірі, шаруа қайда қашатын еді...
А) Қаратпа сөз В) Қыстырма сөз С) Одағай Д) Қосарланған айқындауыш Е) Оңашаланған айқындауыш
2. Амал не, бәсе, өкінішке орай- сөздері қай қатарға тән.
А) Одағай В) қаратпа С) қыстырма Д) шылау Е) жалғаулық шылау
3. Қаратпа сөзді табыңыз.
А) Мырза, шолғыншылар оралды. В) Өй, жайыңа жүр. С) О, жауыздыққа шек бар ма? Д) Кейін анықтасам, айтқаны дұрыс екен. Е) Тәйт, қалжыңды қой.
4. Қаратпа сөзді табыңыз.
А) Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы екен. В) Сөйлейді Жамбыл бәріңе. С) Теріскейден соққан жел әрі суық, әрі күшті. Д) Ей, аққу, сәлем деші жолыққанда. Е) Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да.
5. Қаратпа сөзге тән тыныс белгісін қойыңыз.
Тоғжан япырмай, жақсы айттыңыз-ау.
А) үтір В)нүкте С) көп нүкте Д) леп белгісі Е) сұрақ белгісі
6. Рас, сұлулықты табиғат екінің біріне бере бермейді.
Қыстырма сөздің мағынасын анықтаңыз.
А) Көзқарас В) Ой реттілігі С) Сендіру Д) Жирақтау Е) Сенбестік
7. Қыстырма сөз мағынасы.
Жалпы, ол өз жұмысын жақсы біледі.
А) Сенбестік В) Күмән С) Ой тәртібі Д) Сендіру Е) Алдыңғы ойды қорытындылау
Достарыңызбен бөлісу: |