«Қазақ тілі» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде)
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Нұр-Сұлтан, 2019
Құрметті мұғалім!
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
МАЗМҰНЫ
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4
«Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 8
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 12
«Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау 12
«Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 16
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 20
«Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау 20
«Табиғат және экология. Шешендік сөздер», «Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау. Шешендік сөздер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау 24
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 28
«Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау 28
«Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 32
Достарыңызбен бөлісу: |