«Табиғатжәнеэкология.Шешендіксөздер»,«Ұлттыңтарихижәдігерлерінсақтау.Шешендіксөздер»бөлімдері бойыншажиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі
Оқужетістігідеңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолданады
Мәтіннен негізгі, детальді, қосымша ақпараттарды анықтап, ұлттық құндылықтарды теріп жазуда қиналады.
Мәтіннен негізгі, детальді, қосымша ақпараттарды анықтап, ұлттық құндылықтарды теріп жазуда қателеседі.
Мәтіннен негізгі, детальді, қосымша ақпараттарды анықтап, ұлттық құндылықтарды теріп жазады.
Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, әңгіме жазады
Берілген әңгіменің бастапқы бөлігін логикалық тұрғыда жүйелі жалғастырып, көркемдегіш құралдарды қолданып, бірізді стильде белгілі бір сюжетке құрылған әңгіме жазуда
қиналады.
Берілген әңгіменің бастапқы бөлігін логикалық тұрғыда жүйелі жалғастырып, көркемдегіш құралдарды қолданып, бірізді стильде белгілі бір сюжетке құрылған әңгіме жазуда қателеседі.
Берілген әңгіменің бастапқы бөлігін логикалық тұрғыда жүйелі жалғастырып, көркемдегіш құралдарды қолданып, бірізді стильде белгілі бір сюжетке құрылған әңгіме жазады.
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқумақсаты
11.1.6.1
коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында
дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу
Бағалау критерийі
Білімалушы Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында шешен сөйлейді
Ойлаудағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындаууақыты
15-20 минут
Тапсырма Мәтінді тыңдаңыз.
ХХІғасырдағықазақкиносыұлттықмүддегенебереді? Өткен ғасыр мен бүгінгі ғасырды қай жағынан алып қарасақ та бір – бірімен салыстыру қисынсыз екені анық. Көп нәрсе өзгерді. ХХІ ғасыр ұлттық мүдделер арасындағы мәдени, сондай-ақ рухани-идеологиялық күрес кезеңіне айналып отыр. Сол бір күрес майданындағы жойқын күшке ие қарулардың бірі деп – экран, әсіресе, телеэкрандардағы түрлі шетелдік киноларды қоғамның қалт жібермей отырып көретінін айтсақ та жеткілікті. Демек ХХІ ғасыр
– ұлттардың, сондай-ақ өркениеттер мен мәдениеттердің бірін-бірі телеэкран арқылы жаулау кезеңі.
Кезінде Ленин: “Барлық өнердің ішіндегі біз үшін ең маңыздысы – кино!” – депті. Бұл сөз тегін айтылмаса керек. Бірнеше ұлттың психологиясы мен санасын кино арқылы өзгертіп, оларды тек бір ғана идеологиямен ұстаудың құралы ретінде киноны алып, кино саласына осыншалықты жоғары баға беруінде үлкен мән жатқанын аңғару қиын емес. Бүгінгі күні кино көрмейтін бірде-бір адам жоқ шығар. Еңкейген қарттан еңбектеген баланың сүйікті сауығы бүгінде теледидар алдында тапжылмай кино көру болып отыр.
Жоғарыда айтылған ойларымызды негізге ала отырып, тәуелсіз еліміздің осы бір кино саласына байланысты жағдайына көз жүгіртсек. Осы ретте жарыққа шығып жатқан отандық кино туындыларға байланысты марқайып мақтанатын да, мұңайып мазасызданатын да тұстар баршылық. Алдымен сыннан бастасақ, мысалы, «Келін», «Қарой», «Махаббат тәлкегі (Ирония Любви)», «Ойпырмай», «Әке қорлығы», «Тюльпан» фильмдерінде ұлттық көрініс былай тұрсын, қай ұлттың киносы екендігін ажырату қиын. Кейбірінен мүлдем ұлтымызға жат көріністер көрсек, кейбірінен мүлдем мазмұн мен актерлық шеберлік дегенді таба алмаймыз. Ол фильмдердің қазақтың салтында жоқ дәстүрлерді насихаттап, азғындықты, арсыздықты көрсету арқылы халықтың санасын бұзбаса, түзетеді деп ойламаймыз. Белгілі бір шетелдік жүлде мен мүддеге бола құрылған бұл секілді фильмдер қаншама жүлде алып жүрсе де, қазақ киносының жұлдызы болып жарқырай алмайды. Өйткені, оның соңында
«Халық көңілі» деген қазы тұр, көрермен көзі деген таразы тұр.
Бүгінгі режиссерлар қазақ болмысын бұрынғы режиссерлар сияқты сезіне бермейтіндіктен, ұлтқа деген құрметтері де аз секілді. Бір түсінбейтінім, неге осы қазақ режиссерларының ішіндегі ешқайсысының қазақ хандары мен батырлары жайлы тарихи кино түсіруге талпыныстары жоқ? Осыншама жеріміз бен байлығымызды найзаның ұшымен
қорғап келген, бүгінгі ұрпаққа өнеге болар батыр бабаларды дәріптеуден киногерлер ұтпаса ұтылмасы анық қой. Өйткені соғыс пен тарихи жанрдағы фильмдерге қашанда көрермендер
жақын келеді. Егер біздің батырлар мен хандарымыздың қиян-кескі алапат шайқастағы ерліктері, жеңістері мен жеңілістері, сәуегейлер мен жиһанкездер, үш жүзге төрелік еткен үш биіміз жайлы тарихи сапалы фильмдер дүниеге келер болса, біріншіден, қазақ киносы әлемдік деңгейге бір саты болса да көтерілуі мүмкін. Екіншіден, қазақ жастарының ұлтқа, ел мен жерге деген патриоттық сезімдері оянар еді.
Тыңдалым мәтінініңдегі деректерді пайдаланып, «Қазақ киносы мен театры: өткені мен келешегі» тақырыбында ПОПС формуласы негізінде көпшілік алдында сөз сөйлеңіз.
Менің ойымша... Себебі...
Оған дәлелім...
Осыған байланысты мынадай қорытындыға келдім...