11 - сыныптарда өтілетін қосымша сабақтардың кестесі
№
|
Пән
|
Өткізілу күні
(апта күні)
|
Уақыты
|
Сыныптар
|
Жауапты
|
1
|
Қазақ тілі
|
сейсенбі
|
13:00
|
11 «А»
|
Адешова Н.
|
2
|
Қазақ тілі
|
бейсенбі
|
12:00
|
11 «Ә»
|
Адешова Н
|
3
|
Қазақ тілі
|
бейсенбі
|
12:00
|
11 «Б»
|
Адешова Н.
|
4
|
Қазақ тілі
|
жұма
|
12:00
|
11 «В»
|
Адешова Н.
|
«Алтын белгіге» үміткер оқушылар
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Сыныбы
|
1
|
Асан Ақерке
|
11 «В»
|
2
|
Калибай Айша
|
11 «А»
|
3
|
Жумалипова Толғанай
|
11 «В»
|
4
|
Даулетова Меруерт
|
11 «В»
|
5
|
Сұрағанова Гауһар
|
11 «Ә»
|
«Алтын белгіге» үміткер оқушылармен жұмыс жүргізу жоспары
№
|
Атқарылатын іс-шаралар
|
мерзімі
|
1
|
Эссе туралы түсінік
|
әр сенбі
|
2
|
Эссе құрылымы
|
әр сенбі
|
3
|
Эссе түрлері. Әдеби эссе
|
әр сенбі
|
4
|
Әдеби-дәлел эссесі
|
әр сенбі
|
5
|
Әдеби-талдау эссесі
|
|
6
|
Әдеби-сыни эссе
|
|
7
|
Әдеби-салыстырмалы эссе
|
|
8
|
Әдеби-синтез эссесі
|
|
9
|
Әдеби-шығармашылық эссесі
|
әр сенбі
|
10
|
Кіріспе бөлім, оның талаптары
|
|
11
|
Негізгі бөлім (аргумент, мысал, талдау, тезисті қолдаушы пікір, абзацты қорытындылаушы сөйлем)
|
әр сенбі
|
12
|
Негізгі бөлімнің түрлері
|
|
13
|
Әдеби туындыларға аргументтер жинақтау
|
|
14
|
Тезистік мәлімдеме жазып үйрену
|
|
15
|
Қорытынды бөлім оның қыр-сыры
|
|
16
|
Эссе тақырыптары
|
|
17
|
Эссе тақырыптарынан эссе түрлерін тану
|
|
18
|
Эссенің бағалану ерекшелігі
|
|
19
|
Практикалық жұмыс
|
|
20
|
Практикалық жұмыс
|
әр сенбі
|
«Қазақ әдебиеті пәнінен бітіру емтиханына- арнаулы дайындық»
11-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар
(аптасына 1 сағат, жылына 50 сағат)
Тақырыбы
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
Ескерту
|
1.Кіріспе: Қазақ әдебиеті және оның кезеңдері
|
1
|
|
|
2.Халық ауыз әдебиеті және оның түрлері
|
2
|
|
|
3.Халық ауыз әдебиеті бөліміне арналған тесттермен жұмыс
|
2
|
|
|
4.Ежелгі дәуір әдебиеті, оның тарихи тұлғалары туралы
|
2
|
|
|
5, Орхон ескерткіштері
|
2
|
|
|
6.Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн
|
2
|
|
|
7.Махмұт Қашқари, Қ.Яссауи, А.Иүгінеки
|
2
|
|
|
8 Жыраулар әдебиеті . Асан қайғы, Шалкиіз, Қазтуған
|
2
|
|
|
9. Доспамбет, Жиембет, Бұқар жырау
|
2
|
|
|
10 Ақтамберді, Үмбетей, Шал ақын
|
2
|
|
|
11 19- ғасырдағы әдебиет Д.Бабабатайұлы, М.Өтемісұлы
|
2
|
|
|
12Сүйінбай, Шортанбай, Шернияз ақындар
|
2
|
|
|
13 Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Тәттімбет
|
2
|
|
|
14 Жаяу Мұса, Майлықожа, Мұрат Мөңкеұлы
|
2
|
|
|
15 Шоқан, Ыбырай, Абай
|
2
|
|
|
16Жамбыл, Шәңгерей, Сара, Шәді, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
|
2
|
|
|
17Шәкәрім, Балуан Шолақ, Әсет, Сералин
|
2
|
|
|
18Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек, Мағжан, Сәкен
|
2
|
|
|
19 Сұлтанмахмұт, Сәбит, Ілияс, Бейімбет
|
2
|
|
|
20 Мұхтар, Сәбит, Ғабит, Ғабиден
|
2
|
|
|
21Ілияс Есенберлин, Ж:Молдағалиев,Ә.Нұршайықов, Ахтанов
|
2
|
|
|
22Олжас, Мұратбеков, Шаханов, Жұмаділов,Оңғарсынова
|
2
|
|
|
23Қадыр, Мағауин, Кекілбаев, Жүнісов
|
2
|
|
|
24 Қазіргі кезең әдебиеті, әдебиет теориясы
|
1
|
|
|
№
|
Эссе тақырыптары
|
1
|
ББҰ қазақстанның алатын орны
|
2
|
Бейбітшілік пен тұрақтылыққа Қазақстанның үлесі
|
3
|
Терроризм-ХХІ ғасыр індеті
|
4
|
Қазақ халқы- бейбіт сүйгіш ел
|
5
|
Құнанбайдың Абайға таққан үш мінін талдау
|
6
|
М.Әуезов «Абай жолы» романындағы Бөжей асын бүгінгі өмірмен салыстырып өз көрқарасыңды білдір
|
Об утверждении сроков завершения 2021-2022 учебного года и проведения итоговой аттестации обучающихся в организациях среднего образования
2021-2022 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Оқу жылын аяқтаудың мынадай мерзімдері бекітілсін:
1) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында оқу сабақтарының аяқталуы – 2022 жылғы 25 мамыр;
2) 9 (10) сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары – 2022 жылғы 28 мамыр – 6 маусым аралығында;
3) 11 (12) сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары – 2022 жылғы 27 мамыр – 10 маусым аралығында.
2. Қорытынды аттестаттау өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін: 9 (10) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:
1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2022 жылғы 28 мамыр;
2) математика (алгебрадан) жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2022 жылғы 31 мамыр;
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2022 жылғы 3 маусым;
4) таңдау пәні (Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Әдебиет (оқыту тілі бойынша), Шет тілі (ағылшын/француз/неміс), Информатика) бойынша жазбаша емтихан - 2022 жылғы 6 маусым;
11 (12) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:
1) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2022 жылғы 27 мамыр;
2) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 2022 жылғы 30 мамыр;
3) Қазақстан тарихынан тестілеу – 2022 жылғы 2 маусым;
4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу – 2022 жылғы 7 маусым;
5) таңдау бойынша пәннен (Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері, Әдебиет, Шет тілі (ағылшын, француз, неміс), Информатика) тестілеу - 2022 жылғы 10 маусым.
3. Білім алушыларды қайта қорытынды аттестаттау санитарлық талаптарды сақтай отырып, орта білім беру ұйымдары айқындаған мерзімде өткізіледі.
4. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген), осы бұйрықтың талаптарына сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, сондай-ақ республикалық орта білім беру ұйымдары 2021-2022 оқу жылын аяқтауды қамтамасыз етсін.
5. Барлық білім алушылар үшін оқыту сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында оқу 2022 жылғы 17 маусымға дейін жалғастырылсын.
6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына орта білім беру ұйымдарының 11 (12) сыныптарының білім алушылары үшін, республикалық орта білім беру ұйымдарының 9 (10), 11 (12) сыныптарының білім алушылары үшін емтихан тапсырмаларын 2022 жылғы 21 мамырға дейін жеткізуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
8. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |