УМКД 042-18-15.1.10/01-2014
|
______ 2014 жылғы
№2 басылым
|
беттің беті
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ
құжаты
|
УМКД
|
УМКД 042-18-15.1.10/01-2014
|
УМКД
«Қазақ тілі»
пәнінің оқытушыға арналған бағдарламасы
|
______ 2014 жылғы
№ 2 басылым
|
Барлық мамандықтарға арналған
«Қазақ тілі»
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
СЕМЕЙ
2016
Кіріспе
1 ҚҰРАСТЫРҒАН
Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті Мұқанова Қ.Қ.
2 КЕЛІСІЛДІ
2.1 Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.
Хаттама №___ «___» ___________20__ ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ Мұқанова Қ.Қ.
2.2 Факультет оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.
Хаттама №___ «___» ___________2016 жыл.
Төраға_________________Сәмекбаева Э.М.
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді.
Хаттама №___ «___» ___________2016 жыл.
ОӘК төрайымы _________________ Искакова Г.К.
4 2016 ж. «____» __________ шыққан ПОӘК-нің
ЕКІНШІ БАСЫЛЫМЫ
Мазмұны
1 Қолданыс аясы
2 Нормативтік сілтемелер
3 Жалпы ережелер
4 Оқу пәнінің мазмұны
5 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
6 Пәннің оқу-әдістемлік картасы
7 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
8 Әдебиеттер
1 ҚОЛДАНЫС АЯСЫ
«Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті, педагогикалық факультет, аграрлық факультеттің 1 курс орыс топтарының студенттеріне арналған.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы «Қазақ тілі» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:
- Гуманитарлық факультет, педагогикалық факультет, аграрлық факультеттің 1 курс орыс топтарының ҚР МЖМБС мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
- СТУ 042-ГУ-4-2014 «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;
- ДП 042-1.01-2014 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:
Қазақ тілі пәні ресми тілді топтарға мектептен алған білімдерін жетілдіру үшін арналған. Курс барысында студент болашақ мамандығына байланысты мәтіндерді еркін аударып, еркін сөйлеу үшін жағдай жасалады.
3.2 Пәнді оқыту мақсаты:
Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілінің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру. Қазақ тілін оқытудың қарастырылып отырған деңгейлеріне сәйкес лингводидактикалық үлгі негізінде, бірыңғай әдістемені жүйелі жетілдіру. ЖОО-да қазақ тілін қарым-қатынас құралы деңгейіне айналдыру дағдыларын қалыптастыру. ЖОО түлектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, тілдік біліктілігі жоғары маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау. Пән бойынша ілім игеріп қана қоймай, өмірлік проблемаларды шешуге қажетті білік-дағдыларды меңгеруге бағыттау. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, кеңселік қатынас құралы ретінде ғана біліп қоймай, халықпен қарым-қатынас жасау барысында ұтқыр ойды шешен тілмен жеткізе білуге, жергілікті халықтың ұлттық мәдениетін тануға, ұлттық таным ерекшеліктерін ажыратуға дағдыландыру.
Мемлекеттік тілді ынталы студеттер үшін «қазақ тілінің түрлі стильдегі әлеуметтік-мәдени болмыстағы аясын» «тілдік тұнық орта» қалыптастыру арқылы ұйымдастыру».
Мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқыту арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік азаматының ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫН қалыптасыру.
3.3 Пәнді оқыту міндеттері:
Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, қазақ тілінде айтылған ой-пікірді түсініп, дұрыс жауап бере алу; қазақ тілінің грамматика жүйесін еркін біліп, қазақ еліне қатысты тарихи мәдени материалдарды өз бетімен игере алу; өз мамандығына сәйкес терминдер жүйесін пайдалана отырып мемлекеттік тілде жатық сөйлеу дағдысын қалыптастыру керек.
Қамтылған тілдік деңгейлер аясында қатысымдақ (коммуникативтік) және танымдық (когнитивтік) міндеттердің орындалуы барысында жүзеге асырылады. Атап айтқанда:
орта көлемді және көлемді мәтіндерді жатық әрі шапшаң түсініп оқу;
тұрақты сөз тіркестері, кәсіби сөз мағыналары мен салалық терминдер ұғымын түсініп қолдану;
монолог, диалог, полилог түрінде (хабарлама, таныстырылым (презентация), баяндама, дискуссия және т.б.) әңгімелесу, сұхбат жүргізу;
жазба жұмыстарын (эссе, аннотация, түйіндеме, жоспар, тезис, мәлімдеме, пресс-релиз, хат, аударма, реферат, мақала және т.б.) орындау;
қазақ тілінің функционалдық грамматикасы аясында тілдік дағдыларды шыңдай отырып, тілдік тұлғаның қазақ тілінде жүйелі талдау жасауға, өз ойын еркін жеткізуге және ұсынылған материалдар бойынша сипаттама, салыстырма, қорытынды жасай білу сияқты т.б. тілдік біліктіліктерін жетілдіре дамыту;
әлеуметтік және кәсіби маңызды ақпаратты жеткізу, болашақ қызметінде қазақ тілінде деректерді қолдану дағдысын қалыптастыру.
Пәннің әдіс-тәсілдері: «Қазақ тілі» пәнін жүргізу барысында тіл үйренудің
Пәннің әдіс-тәсілдері: «Қазақ тілі» пәнін жүргізу барысында тіл үйренудің әлемдік деңгейде танылған замануи үлгілері, отандық және шетелдік ғалымдардың авторлық озық әдіс-тәсілдері басшылыққа алынды. Жұмыс барысында уақыт көлемі, тақырып ерекшелігі, тіл үйренушінің қабілет-қарымы, оқытушылық шеберлігі сияқты т.б. маңызды факторлар есепке алынып, соған сәйкес ақпараттық әдіс, түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі, практикалық әдіс, кейс әдісі, ізденіс әдісі, ойын әдісі, жобалау әдісі сияқты т.б. әдіс түрлері мақсат-міндетке сәйкес қолданылады.
3.4 Оқыту нәтижелері:
Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:
- Берілген кестеге сәйкес тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу;
- Алған білімдерін практикада қолдана білу;
- Тілдік талдаудың негізгі әдістерін меңгеру керек;
- Теорияны практикамен ұштастыра алу;
- Берілген өздік жұмыстарын уақытында өткізу;
- Оқытушының және басқа да студенттердің пікірімен санасып, оларға құрметпен қарау.
3.5 Курстың пререквизиттері
А1, А2-негізгі деңгейлері
3.6 Курстың постреквизиті:
Кәсіби қазақ тілі
3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме:
1 кесте
Курс |
Семестр
|
Кредит
|
ДС (сағ)
|
СПС (сағ)
|
Лаб. (сағ)
|
ОСӨЖ
(сағ)
|
СӨЖ(сағ
|
Бар
(сағ)
|
Бақылу түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1
|
1/2
|
3+3
|
|
45/45
|
|
22,5/
22,5
|
67,5/67,5
|
135/
135
|
Экзамен
(тест)
|
4 ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ (МОДУЛЬ)
1 семестр
2 Кесте
Тақырыптар атауы және олардың мазмұны
|
Сағат саны
|
1
|
2
|
Семинар сабақтары
|
|
1 Модуль
Жай сөйлем синтаксисі
|
|
1-тақырып.
Жай сөйлем. Жай сөйлемдегі сөздердің (сөйлем мүшелерінің) орын тәртібі, оның қалыпты, ауыспалы, тұрақты, жылжымалы типтері. Интонация және оның хабарлау, сұрау, бұйыру, түсіндіру, шақыру, қуану, ренжу, таңырқау түрлері. .
Мәтін: Мемлекет, әлеуметтік – географиялық орны, ерекшелігі.
|
3
|
2-тақырып.
Сұрау мәнді сөйлем. Сұрау мәнді сөйлемнің сұраулы шылау, сұрау есімдігі, ше шылауы, көмекші етістіктердің (болар, шығар, қайтеді), оқшау сөздер (ә, сірә), сұрау интонациясы арқылы жасалу ерекшелігі. Сұрақтардың ашық сұрақ, жабық сұрақ, альтернативті сұрақ, күмәнді сұрақ сияқты мағыналық түрлерінің жасалу жолдары.
Мәтін: Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот.
|
3
|
3-тақырып.
Бөгде сөз. Бөгде сөздің түрлері. Төл сөз. Төл сөздің қолданылу жолдары. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру амалдары. Деу көмекші етістігінің қызметі. Төлеу сөздің етістік + ғандығын (-гендігін, -қандығын, -кендігін, -атындығын, -етіндігін, -йтындығын, -йтіндігін) тіркесі арқылы жасалуы.
Мәтін: Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары.
|
3
|
4-тақырып
Болымсыздық категориясы. Болымсыздық мәннің арнайы қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) және емес, жоқ сөздері арқылы жасалу ерекшеліктері. Болымсыздық есімдіктерінің (ешкім, ешнәрсе, ешбір және т.б.) болымсыздық мәнді айқындауы.
Мәтін: Экономика. Ішкі және сыртқы сауда.
|
3
|
5-тақырып
Сан-мөлшер категориясы. Көптік жалғауларының қолданылу ерекшеліктері. Көптік мағына білдіретін барлық, барша, күллі, бірнеше, біраз, көп, көптеген, талай т.б. сөздер қолданысы. Көптік ұғымның сан есімдер арқылы берілуі.
Мәтін: Ақша – кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта.
|
3
|
6-тақырып.
Анықтауыштық қатынас. Сапалы анықтауыштың сын, есімдік, есімше, зат есім және т.б. арқылы жасалуы. Меншіктік анықтауыштың жасалуындағы ілік септігінің рөлі.
Мәтін: Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар.
|
3
|
Аралық бақылау жұмысы
|
|
2 Модуль
Етістік категориясы
|
|
7-тақырып
Көмекші есімдер қызметі. Көмекші сөздердің изафеттік байланыста қолданылуы. Көмекші есімдердің мезгілдік, мекендік, және т.б. мәнде жасалуы.
Мәтін: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары мен бостандықтары.
|
3
|
8-тақырып
Меншік мәнді сөйлем. Изафеттік тіркес және -нікі, -дікі, -тікі қосымшалары арқылы меншік мәнді сөйлемнің жасалуы.
Мәтін: Отбасы. Неке. Баспана. Бала тәрбиесі.
|
3
|
9-тақырып
Қимыл есімдерінің қызметі. Қимыл есімдерінің жасалуы. Септелуі. Тәуелденуі. Придикаттық мәнде қолданылуы. -уға (-уге) батпау, -уға (уге) тырысу, -уға (уге) кірісу сияқты және т.б. тіркестер қолданысы.
Мәтін: Білім. Кәсіби бағдар. Оқу орындары. Мамандық.
|
3
|
10-тақырып
Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем. Маған ... етістік+у керек (қажет), Менің ... етістік+у+ТЖ керек (қажет), Мен ... етістік+БС+тиісті+ЖЖ тіркестерінің 3 жақта түрленіп қолданылуы.
Мәтін: Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы.
|
3
|
11-тақырып
Тыйым мәнді сөйлем. –(у)ға (-(у)ге, -қа, -ке) болады (болмайды) лексика-грамматикалық тіркесінің түрленуі.
Мәтін: Денсаулық. Медициналық қызмет. Халық медицинасы.
|
3
|
12-тақырып
Етістік жіктелуі. Етістіктің түбір тұлғасы. Етістіктің шақ категориясы. Шақ жұрнақтарына жіктік жалғауларының қысқа және толық түрде жалғану ерекшеліктері. Түбір етістік+ШЖ+ЖЖ моделі. Субъектілі-предикаттық қатынас. Қалып етістіктерінің функционалдық ерекшеліктері.
Мәтін: Салауатты өмір салты. Спорт кешендері. Ұлттық спорт. Атақты спортшылар.
|
3
|
13-тақырып
Есімше категориясы. Есімше категориясының функционалдық қызметі. Есімшенің тәуелденуі. Есімшенің оңаша түрде тәуелденуі. Есімшенің ортақ түрде тәуелденуі. Орыс тіліндегі күрделі сөйлемдердің қазақ тіліне есімше тұлғасы арқылы жай сөйлем түрінде аударылуы.
Мәтін: Тағамтану. Ұлттық тағам. Мейрамхана бизнесі.
|
3
|
14-тақырып
Етіс категориясы. Етістің түрлері. Етістің жұрнақтары және олардың функционалдық қызметі.
Мәтін: Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар.
|
3
|
15-тақырып
Көмекші етістіктер. Көмекші етістіктердің түрі. Көмекші етістіктердің негізгі етістіктермен тіркесіп қимыл фазаларын (кезеңдерін) немесе өту сипатын білдіруі. Түбір етістік + а (-е, -й) бастау, түбір етістік + а (-е, -й) бару, тібір етістік + ып (-іп, -п) қою, түбір етістік + ып (-іп, -п) алу, түбір етістік + ып (-іп, -п) шығу, түбір етістік + ып (-іп, -п) болужәне т.б. тіркестер арқылы жасалуы.
Мәтін: Ғылым және инновациялық технология. Танымал ғалымдар.
|
3
|
Аралық бақылау жұмысы
|
|
2 семестр
Тақырыптар атауы және олардың мазмұны
|
Сағат саны
|
1
|
2
|
Семинар сабақтары
|
|
1 Модуль
Бұйрық, өтініш, тілек мәнді сөйлем
|
|
1-тақырып.
Көсемше категориясы. Көсемшенің жұрнақтары. Қызметі. Түрі. Кейіпті көсемшенің немқұрайлық, созылыңқылық, кенеттік және т.б. мәнде қолданылуы. Түбір етістік + а (-е, -й) салу, түбір етістік + ып (-іп,-п) тұру, түбір етістік + ып (-іп, -п) қалу, және т.б. тәсілдер арқылы шақ, жақ бойынша түрленіп жасалуы.
Мәтін: Тіл. Мәдениет. Өнер. Өнер шеберлері.
|
3
|
2-тақырып.
Бұйрық мәнді сөйлем. Етістіктің бұйрық райының жекеше, көпше, сыпайы, қалыпты түрдегі тұлғалары арқылы жасалуы. –шы (-ші) жұрнақтары және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Мәтін: Өнегелі ғұмыр: тарихи тұлғалар.
|
3
|
3-тақырып.
Өтініш, тілек мәнді сөйлем. Етістік+уыңызды (-уіңізді) өтінемін лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленуі. Етістік + айын (-ейін, -йын, -йін, -айық, -ейік, -йық, -йік) тіркесі және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Мәтін: Табиғи ресурстар. Су ресурстары. Қазба байлық ресурстары.
|
3
|
4-тақырып
Шарт мәнді сөйлем. Егер ... етістік+ -са (-се)+ЖЖ, онда ... лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленіп қолданылу ерекшелігі. Етістік+ған (-ген, -қан, -кен) +ЖС, етістік+атын (-етін, -йтын, -йтін) еді+ЖЖ тіркесі және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Мәтін: Жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Қызыл кітап.
|
3
|
5-тақырып
Білік, дағды мәнді сөйлем. Етістік + а (-е,-й) алу лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленіп қолданылу ерекшелігі.
Мәтін: Қорықтар мен ұлттық парктер.
|
3
|
6-тақырып
Қалау мәнді сөйлем. Жасалу жолы. Етістік+ -ғы (-гі,-қы,-кі) +ТЖ келу, етістік+ған (-ген,-қан,-кен)+ТЖ+ТС қалау тіркестері және т.б. тәсілдер арқылы шақ, жақ бойынша түрленіп, болымсыз, сұраулы түрлерінің жасалуы.
Мәтін: Экологиялық мәдениет. Ұлттық экомәдениет.
|
3
|
Аралық бақылау жұмысы
|
|
2 Модуль
Ниет, болжау мәнді сөйлем.
|
|
7-тақырып
Мезгіл мәнді сөйлем. Мезгіл үстеулері, септік шылаулары, (-ғанда, -генде, -қанда, -кенде) және т.б. грамматикалық тіркестер арқылы жасалуы.
Мәтін: Сән әлемі. Дизайн.Ұлттық киім. Ұлттық ою-өрнек.
|
3
|
8-тақырып
Ниет мәнді сөйлем. -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек қосымшаларының қызметі. ... -айын, (-ейін, айық, ейік) деп ..., ... -айын, (-ейін, айық, ейік) деп еді тіркесінің 3 жақта түрленіп қолдануы және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Мәтін: Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер.
|
3
|
9-тақырып
Болжау мәнді сөйлем. -ар, -ер, -р қосымшаларының қызметі. Шамамен сөзінің қолданысы. Сан есімдер мен жуық, шамалы, шақты сөздерінің тіркесі. Етістік + ған (-ген, қан, -кен, атын, -етін, -йтын, -йтін) шыған + ЖЖ, етістік + ған (-ген, қан, -кен, атын, -етін, -йтын, -йтін) сияқты + ЖЖ, тіркестері және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Мәтін: Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкерлер.
|
3
|
10-тақырып
Мақсат мәнді сөйлем. ... –у үшін тіркесі және қимыл етістігінің барыс септігінде қолданылуы және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Мәтін: Көлік тасымалы – логистика. Байланыс.
|
3
|
11-тақырып
Бұйрық мәнді сөйлем. Етістіктің бұйрық райының жекеше, көпше, сыпайы, қалыпты түрдегі тұлғалары арқылы, -шы (-ші)жұрнақтары және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Мәтін: Туризм индустриясы. Қонақ үй бизнесі.
|
3
|
12-тақырып
Қарсы мәнді сөйлем. Қарсылықты жалғаулықтар (бірақ, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да) және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Мәтін: Халықаралық, мемлекеттік атаулы күн, мерекелер. Ұлттық мейрамдар.
|
3
|
13-тақырып
Себеп-салдар мәнді сөйлем. Себеп-салдар жалғаулықтар (себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті) және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Мәтін: Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар мен стипендиялар.
|
3
|
14-тақырып
Мәтін: Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар.
|
3
|
15-тақырып
Мәтін: Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі.
|
3
|
Аралық бақылау жұмысы
|
|
5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1 семестр
5.1 (4 апта)
1. Қазақстан халықтарының тілдері (Жоспар жасап, мәтін құрастыру) 2. "Отбасы", " Ұлттық тәрбие" тақырыптарына эссе жазыңыз. 3. Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрастыру және сол сөз тіркестерден сөйлемдер құрастыру: тәуелсіз, тұлға, жасөспірім, адамзат, құқық 4. Дыбыс үндестігіне (Ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал түрлеріне) 10-10-нан мысалдар келтір. 5.Орыс тіліне аударыңыз. Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қарасөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып, жымдасып жатады. Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ құлақ түбіне хрустальдай сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңдібақытты сезінесің (Қ.Жұмаділов).
5.2 (5-апта)
1. Мен таңдаған мамандық. Эссе жазыңыз.
2. Өлкетану (Семей өңіріндегі тарихи елді-мекендер)мәтін дайындау
3. Адамгершілік, бірлік-ынтымақ, оқу-білім тақырыбына 6-6-дан мақал-мәтел жазыңыз.
4. Бірнеше синонимдік қатар құрастырыңыз
5.3 (6-апта)
1. Ақын-жазушылар шығармашылығы. мәтін дайындау
2. Абай өлеңдерінен тұрақты тіркестер мен фразалық тіркестер теру.
3. Фразеологизмдер 30 мысал жазу.
4. Фразеологизмдерді қатыстырып бірнеше сөйлем (кем дегенде 6 сөйлем) құрастырыңыз
5.4 (10-апта)
1. Қазақстан Республикасының Рәміздері
2. Туынды зат есімдерді қатыстырып "Менің арманым" тақырыбына диалог құрастырыңыз.
3. Сын есім, сын есімнің шырайларын қатыстырып "Күз" тақырыбына шағын әңгіме құрастыр
4. Өлеңге морфологиялық талдау жасаңдар. Түбір сөздерді бір бөлек, туынды сөздерді келесі бағанға топтап жазыңдар. Өлеңді өзіңше мазмұндап көр.
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,
Ашуың – ашыған у, ойың – кермек.
Мұңдасарға кісі жоқ, сөзді ұғарлық,
Кім көңілді көтеріп болады ермек?
Жас – қартаймақ, жоқ – тумақ, туған – өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.
Ер кісі ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек.
Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай,
Еріншек өздігінен көпке көнбек.
Жамандар қыла алмай алмай жүр адал еңбек,
Ұрлық, қулық қылдым депқағар көлбек.
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек. (1886 ) 23 б. Абай.)
5.5 (12 апта)
1. Қазақтың салт-дәстүрлері
2. "Кітапханада", "Дүкенде" тақырыптарына диалог жаз
3. О.Бөкей, М.Мағауин шығармашылығынан сан есімнің мағыналық түрлеріне мысалдар теру.
4.Мәтінге тақырып таңдаңыз және мәтінге бірнеше сұрақ қойыңыз.
Білімді, сауатты, бәсекеге қабілетті адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан күні ертең ғалым, белгілі бір маман иесі болатын жастар мұны жақсы түсінуі тиіс.
Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын бәсекеге қабілетті маманға беруіне тура келеді. Жетекші халықаралық консалтингтік «МакКинси» компаниясының кеңесшілері айтқандай: «Алға қарай жүр немесе жол бер». Қазіргі бәсекелі дүниеде нақ осы қағида басшылық етеді. Және бұл қағида көп ретте өмірлік ұстанымдарды анықтауы тиіс.
Бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп, бұл туралы аға ұрпақ жастық жылдарда армандай алмайтын. Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар адамдардың уақыты. Мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап отыр. «Жастық шақ - бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс...», - деген екен Бернард Шоу. Тек оқу, күш-қуатыңды аямастан еңбек ету керек, сонда ғана ойлаған арманға жетуге болады.
«Қазақстан» сөзі әлемдік аренада қуатты естілуі тиіс. Ал оның жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады (175 сөз)
(Н.Ә.Назарбаевтың «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясы бойынша. Егемен Қазақстан, 27 мамыр, 2006 жыл.).
5.6 (14-апта)
1. Қазақстандағы тарихи ескерткіштер туралы не білесіз? Мәліметтер жинау
2. "Қазақтың ән-күйі" тақырыбына жоспар жасап, мәтін дайындау
3. Мәтіннен етістіктің есімше, көсемше түрлерін табыңыз.
Жаз өтті. Жауындатып, қара желдетіп, шөпті қуартып, жапырақты сарғайтып, елді әбігер қылып, ала сапырандатып күз өтті. Үсті-басы қырауытып, қылышын сүйретіп, шықыр- шықыр етіп қыс келді.
Биылғы қыс қатаң болды. Боқырау болды, боқ қатты. Қарашаның қарын қаңтарға қосты. Ұдайымен алай-түлей ақ түтек боран соқты. Боран ашылса, шартылдаған сар шұнақ аяз қысты. Жер сіреу қар. Жылымық болса, жаңбыр жауды. Жер көк сең, малың аяғын қызыл жосын қылып, қиып тастады. Күн құлақтанып, шыңытқан ақ пердеге жасырынып, жаңа түскен келіндей ақ дидарын көрсетпеді. Қас қараяр-қараймаста, күнбатыстан шатынаған, шақшиған, жалғыз көзді жан алғыштан жаман жарық жұлдыз шығады, күннен-күнге шарықтап, көкке өрлейді, жел қасарып, Темірқазықтан таймай, ызғырады да тұрады (Аймауытов Ж. «Қартқожа»).
4. Ш.Құдайбердіұлы "Сен ғылымға..." өлеңі.
Етістіктің болымды және болымсыз түрлерін анықтап, өлеңді қарасөзге айналдырып бірнеше сөйлем құрастырыңдар. Өлеңді жаттап алыңдар.
Сен ғылымға болсаң ынтық,
Бұл сөзімді әбден ұқ:
Білгеніңнің жақсысын қыл,
Білмегенді біле бер.
Білген ердің бол шәкірті,
Білмегенді қыл шәкірт.
Үйренуге қылма намыс,
Үйретуге болма кер.
Өнеріңді құр шірітпе,
Орнына анық жұмсамай.
Өкініші кетпес оның.
Өз ойында босқа өлер.
Қай ғылымды білсеңіз де,
Қазір оны елге жай.
Құр ішінде кеткенінше,
Пайдалансын өзгелер.
Шын наданға білгеніңді
Ұқтырам деп ойлама.
Қанша бидай шашсаң дағы,
Болмас егін тасты жер.
...Білмегенді үйреніп,
Білгенді қылса, есті сол.
Білмегенін білмеген,
Білгенді қылмай – сол жаман. (114-115 бб.)
2 семестр
5.1 (4-апта)
1. Студенттік өмір. Ой-толғау (эссе) жаз.
2. "Спорт" тақырыбына диалог құрастыр.
3. Жақты, жақсыз; толымды-толымсыз, жалаң-жайылма сөйлемдерге мысалдар құрастыр.
5.2 (5-апта)
Ақын-жазушылар өмірдеректеріне презентация-слайд жасау.
Абай Құнанбаев
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Мұхтар Әуезов
Ахмет Байтұрсынұлы
Мағжан Жұмабаев
Жүсіпбек Аймауытов
Міржақып Дулатов
Сәкен Сейфуллин
Ілияс Жансүгіров
Бейімбет Майлин
Сәбит Мұқанов
Олжас Сүлейменов
Мұхтар Шаханов
Фариза Оңғарсынова
5.3 (6-апта)
1. "Қыс" шығарма жазу.
2. Сәбит Мұқановтың "Ботагөз" романынан 10 сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
3.Толықтауыш. Анықтауыш. Кез келген шығармадан мысалдар (6 сөйлемнен) теру.
5.4 (10-апта)
Қоғам қайраткерлері өмірдеректеріне презентация-слайд жасау;
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Бауыржан Момышұлы
Қасым Қайсенов
Әлкей Марғұлан
5.5 (12-апта)
1. "Менің атақты жерлестерім" шығарма жазу.
2. Пысықтауыш. Кез келген шығармадан мысалдар (6 сөйлем) теру.
3. Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясынан 10 сөйлем - салалас құрмалас сөйлемге мысал тер. Орысшаға аудар.
5.6 (14-апта)
1. Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясынан 10 сөйлем -сабақтас құрмалас сөйлемге мысал тер. Орысшаға аудар.
2. Өнер адамдарының шығармашылығына арнап презентация-слайд жасау.
Нұрғиса Тлендиев
Шара Жиенқұлова
Роза Бағланова
Бибігүл Төлегенова
Шәмші Қалдаяқов
Ескендір Хасанғалиев
Асанәлі Әшімов
Әмина Өмірзақова
Шакен Айманов
Роза Рымбаева
Менің туған өлкем
Менің сүйікті жазушым
Менің сүйікті кітабым
Менің мамандығым
Кітап - білім бұлағы
Студенттің өздік жұмыстарының түрлері
Сөздік
Эссе
Резюме
Аннотация
Жоспар
Реферат
Мақала
Жарнама
Пресс-релиз
Анықтамалық
Нұсқаулық
Шолу
Сұхбат
Сауалнама
Бейнебаян
Таныстырылым (презентация)
Комментарий
Дөңгелек үстел
Баспасөз конференциясы және т.б.
6 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
Кесте 3
Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы
|
Саны
|
Студенттердің саны
|
Қамтамасыз ету пайызы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазахский язық для всех. – Алматы, 2004.
|
12
|
12
|
100%
|
Ерназарова З.Ш. және т.б. Қазақ тілі. Елтану. – Алматы, 2005.
|
8
|
12
|
80%
|
Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы, 2009.
|
12
|
12
|
100%
|
Күзекова З. Аяпова Т.Т., Оразбаева Ф.Ш. Мамаева М.Қ. Қазақ тілін орта деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы - Астана, 2011.
|
4
|
12
|
40%
|
Күзекова З. Аяпова Т.Т., Оразбаева Ф.Ш. Мамаева М.Қ. Қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы - Астана, 2011.
|
12
|
12
|
100%
|
5. Түймебаев Ж.Қ. Қазақ тілі (грамматикалық анықтағыш). - Алматы, 2008.
|
4
|
12
|
40%
|
6. Сейітова Ш.Б. Ана тілі – асыл қазынаң. - Семей, 2007.
|
12
|
12
|
100%
|
ӘДЕБИЕТТЕР
7.1 Негізгі әдебиеттер
7.1.1. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазахский язық для всех. – Алматы, 2004.
7.1.2. Ерназарова З.Ш. және т.б. Қазақ тілі. Елтану. – Алматы, 2005.
7.1.3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы, 2009.
7.1.4. Күзекова З. Аяпова Т.Т., Оразбаева Ф.Ш. Мамаева М.Қ. Қазақ тілін орта деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы - Астана, 2011.
7.1.5. Күзекова З. Аяпова Т.Т., Оразбаева Ф.Ш. Мамаева М.Қ. Қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы – Астана, 2011.
7.1.6. Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтар (бес деңгей бойынша) – Астана, 2012.
7.1.7. Ә. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. Жалпы ред. басқ. Әлкебаева Д.А. – Алматы, 2013.
7.1.8. Қарабаева Қ. Қазақ тілі (ЖОО студенттері үшін тіл ұстартуға арналған оқу құралы). – Алматы, 2004.
7.1.9. Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі. – Семей, 2013. – 158 б.
7.1.10. Қуантаева М.Е., Саутова Т.А. Қазақ тілін жеделдете оқыту. Бастауыш деңгей. – Алматы, 2014. – 148 б.
7.1.11. Тұрсынова Г.Т. Қашықтықтан білім беру институтының сырттай оқитын студенттері үшін. ЖОО-ына арналған.
7.1.12. Р. Сыздық Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана, Елорда 2000.
7.2 Қосымша әдебиеттер
7.2.1. Жас толқын электронды оқулығы
7.2.2. Руханият электронды оқулығы
7.2.3. Зерде электронды оқулығы
7.2.4. Елтаным электронды оқулығы
7.2.5. Мәнерлеп оқу электронды оқулығы
7.2.6. Ахмет Байтұрсынов электронды оқулығы
Достарыңызбен бөлісу: |