Қазақ тілі Пәнінің оқу-әдістемелік кешені барлық мамандықтарға: kYa 1104 қазақ тілі


Тапсырма. Мәтінді түсініп, мазмұнын айтыңыз. Тапсырма



бет8/8
Дата11.01.2017
өлшемі1,33 Mb.
#7090
1   2   3   4   5   6   7   8

Тапсырма. Мәтінді түсініп, мазмұнын айтыңыз.
Тапсырма. Қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, қоғамдық ұйым туралы әңгімелесіңіз.
Тапсырма.

2010 жылдың сәуірінде «Жас Отан» «Тарбағатай мұңы — бүкіл Қазақстанның мұңы» атты Шығыс Қазақстан облысыныңТарбағатай ауданынан су тасқынынан зардап шеккендерге киім мен азық-түлік өнімдерін жинауға арналған акциясын өткізді. Көмек ретінде «Жас Отан» Жастар қанатының аймақтық филиалдары қажетті заттарды жөнелтті.

2010 жылдың 16 маусымында «Есірткісіз өмір сүр» республикалық акциясы бойынша Қазақстанның барлық облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында нашақорлыққа қарсы әртүрлі шаралар өткізілді: спорттық жарыстар, пикеттер, митингілер, түсіндіру жұмыстары және т.б.



14- 15 - тақырып. Қазақстан – әлемдік кеңістікте. Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі.

Оқылым.

Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Бүгінде Қазақстан әлемдік кеңістікке мықты енген ел, оның егемендігін әлемнің 120 елі танып отыр.

Бұл ел негізгі халықаралық жүйе құрушы барлық ұйымдарға БҰҰ-ға, ЕҚЫҰ-ға, Ислам Конференциясы ұйымына, НАТО Ынтымақтастық Кеңесіне, Дүниежүзілік Банкке, Халықаралық валюта қорына, Еуропаның Қайта құру және Даму Банкіне, Экономикалық ынтымақтастық ұйымына және басқа да халықаралық құрылымдарға мүше болды.

Дүниежүзілік қоғамдастық мүшелерінің көпшілігімен дипломатиялық қатынастар орнатты және өзара тиімді ынтымақтастық қалыптастырды. Қазақстанда тіркелген 50-ден астам шет ел елшіліктері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді. Қазақстанның елшіліктері мен дипломатиялық миссиялары 40 елде құрылған.

Қазақстан жаһандық бастамаларды, ең алдымен ядролық қарусыздандыру және жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау жөніндегі бастамашы әрі тілекші болып табылады.

Қазақстанның сыртқы саясаты Батыс пен Шығыс арасындағы жан-жақты байланыстарды дамытуға, интеграциялық процестерді тереңдетуге бағытталған.

Еуразиялық мемлекет болғандықтан, ол Азия мен Еуропа арасындағы байланыстырушы буын рөлін атқарады.

Тәуелсіздік алған жылдарынан бастап Қазақстан барлық көрші мемлекеттермен тұрақты тату көршілік және достық қарым-қатынастар жүйесін орнатты.

Қазақстан салиқалы сыртқы саясат ұстай отырып, әлемдік аренада бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы дәйекті жұмысы үшін тану мен құрметтеуге лайықты мемлекет ретінде өз іргесін бекіте білді. Әлемдік кездесулер:


  1. Энтони Чарльз Линтон Блэр, Ұлыбританияның премьер-министрі (2002 жылғы 2 желтоқсан) : «Қазақстан Ұлы британияның халықаралық аренадағы шешуші серіктесі. Екі елдің екуі де бұрын қалыптасқан тығыз байланыстар базасында берік әрі болашаққа бағытталған қарым-қатынастарды дамытуға берік бел байлап отыр. Еуропалық одаққа мүше елдердің ішінде Ұлыбритания Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып табылады.Қазақстанда 100-ден астам британдық компаниялар жұмыс істейді: банк және сақтандыру ісі, құрылыс, байланыс, қорғаныс инфрақұрылымын жаңғырту, көмір өндіру және болат балқыту, қаржы және менеджмент саласындағы консультативтік қызмет көрсетулер және Каспийдегі жаңа ірі кен орындарын қоса есептегенде , мұнайгаз саласын дамыту.

Саясат саласында біз Қазақстанмен аймақтық қауіпсіздік және тұрақтылық,

демократияландыру және адам құқығы, есірткілерді жасырын тасымалдаумен күрес

мәселелері бойынша сындарлы саясат жүргізіп келеміз.

Ұлыбритания Қазақстан үшін маңызды әрі ұзақ мерзімді серіктес болғысы келеді. »



  1. Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті (2003 жылғы 3 шілде): «Қазақстан Ресей үшін ТМД мен Орталық Азиядағы ғана емес, сонымен қатар тұтастай алғанда, шешуші

стратегиялық, сондай-ақө интеграциялық процестер жағынан ең жақын

серіктестіктердің бірі болып табылады.Қазақстан интеграциялық мәселелер бойынша алғашқы орындардың біріне ие болады және ТМД және Еуразиялық достақтық шеңберінде осы процестердің қозғаушы күші болып есептеледі»

3. Ху Цзиньтао, ҚХР төрағасы (2003 жылғы 2 маусым): Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас көп жылдардан бері жалғасып келеді, ал дипломатиялық қарым- қатынас орнатқан соңғы жылдары барлық салалардағы ынтымақтастық барынша кеңейе түсті. Қазақстан табиғи ресурстарға бай ел ғана емес, сонымен қоса экономикалық негізі берік ең жақсы көршіміз.Қытай энергия көздерінің тапшылығын тартып отыр, өткен жылы біздің елімізге шикі мұнай импорты 80 миллион тоннаны құрады. Қазақстанда мұнай –газға бай ресурстары бар және мұнайды шет ел рыноктарына экспорттай алады. Одан басқа, көлік саласында ынтымақтасу мүмкіндігі бар.

Тапсырма. Орысшадан қазақшаға аударыңыздар.
мировое пространство, ООН, согласие и сотрудничество, хорошие начинания, оружие, внешная и внутренная политика, решить, проводить политику, взгляды политиков, есть возможность, укреплять взаимоотношения, политическая стабильность, транспорт, транспортировать, внешний рынок, природные ресурсы, проект, программа.
Тапсырма. Мәтінді оқып шет елдермен кездесулердің кластерін жасаңыз.
Тапсырма. Рөлге бөлініп әр елдің өкілі болып сұхбат құрастырыңыз.
16-тақырып. Қазақстандағы білім беру жүйесі.

Оқылым.

Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді.

Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:

• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

• азаматтықты, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;

• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;

• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;

• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.



Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:

1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі:

2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;

3) білім берудің зайырлы сипаты;

4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;

5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;

6) білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;

7) білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;

8) білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;

9) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;

10) оқушыларды кәсіптік бағдарлау;

11) білім беру жүйесін ақпараттандыру;



Білім беру жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді:

  • жалпы білім беру

  • кәсіптік білім беру.

2.Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту.

Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 5 (6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады.

Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудық 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы:



  • бастауыш (1-5 сынып-тар)

  • негізгі (6-10 сыныптар)

  • жоғары (11-12 сыныптар)

3. Кәсіптік бастауыш білім беру

Кәсіптік мектепте оқу мерзімі - 2-3 жыл, кәсіптік лицейде -3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін - 4 жылға дейін болады.

Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.

4. Кәсіптік орта білім беру

Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады.



5. Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.

6. Кәсіптік жоғары білім беру

Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.

7. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім

Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім беру;ұмысшылар мен мамандардық басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім асыру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.

Қосымша білім беру үшін денешынықтыру - сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті өкімет басқару органдары бекітеді.

Сонымен, білім мен тәрбие беру - бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс.

Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

Республикада "Білім туралы" Заңды жүзеге асырудық маңызды жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Тапсырмалар:

Тапсырма. Мәтінді оқып қазақ тіліне аударыңыздар.

Тапсырма. Сөздікпен жұмыс

қамтамасыз ету- обеспечить

біліктілігін арттыру – повышение квалификации

бәсекеге қабілетсіздігі – не конкурентноспособный

сапасын арттыру- повысить качество

жетілдіру – усовершенствовать

тұжырымдама – концепция

заңды негіз – юридическая база

мемлекеттік қолдау – государственная поддержка

жоғары білікті мамандар – кадры высшей квалификации

жалпыға міндетті қалыптарын белгілейді – устанавливает общеобразовательные

стандарты образования



Тапсырма. Мәтінге сұрақтар қойыңыздар.

Тапсырма. Қазақстандағы білім беру жүйесі туралы пікір алысыңыздар.

Тапсырма. «Оқуға кештік жоқ», «Білім -қуат», «Өмір бойы үйрен» деген мақалдар бойынша сөйлесіңіздер.
17-тақырып. Кредиттік оқыту жүйесіндегі артықшылықтар.

Оқылым.

Мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын айтыңыз.
Кредиттік-сағаттық жүйе алғаш рет Америка Құрама Штатында пайда болған. Гарвард университетінің Президенті, белгілі американдық білім қайраткері Чарльз Элиот «кредит-сағат» ұғымын енгізді, 1870-1880 жж. Пәндер көлемі жүйесінің шешуін өлшеуші «кредит-сағат» болып енгізілді. 1892 жылдан бастап «кредиттік-сағаттық» жүйесінің екінші кезеңі басталды.

АҚШ ұлттық білім комитеті «колледж-мектеп» топтарын жақсарту мақсатында, оқу бағдарламаларын стандарттауда «кредит» ұғымын колледждерде ғана емес, орта мектептерде де, кредиттік жүйені бағалау көлемінің мазмұны бакалаврлық бағдарламаның магистрлік және докторлық білім сатысына да таратылды.

Қазақстанда кредиттік оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан стихиялы қалыптаса бастады. 15 тамызда 2007 жылы «Білім туралы» жаңа заң қабылданды, осы заңда «кредиттік оқыту технологиясы» ұғымы заңнамада анықталған.

Осы заңның 11 бабында 9 п. білім жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен қатар кредиттік, дистанциялық, ақпараттық-коммуникациялық оқыту кәсіби білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге мүмкіндік туғызатыны белгілінген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында «кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі» әзірленген және бекітілген, № 66, 22 қараша 2007 ж., осы ереже білімнің барлық деңгейі үшін құптауға лайық.

Кредиттік оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді таңдап алған траекториясын регламенттеу.

Кредит — сенім — оқушылардың оқу жұмысының өлшеу көлемінің бірлігін бірыңғайлау. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша бір академиялық сағат ұғымы барабарлық өзгерістерге ұшырайды, дәрістік, практикалық (семинарлық) сабақтар 1 байланыс сағатқа (50 минутқа) немесе студиялық оқыту 1, байланыс сағатқа (75 минутқа) немесе лабараториялық және дене тәрбиесі сабақтары 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), сонымен қатар барлық оқу практикалар түрлері 1 байланыс сағатқа (50 минутқа), барлық педагогикалық практикалар түрлері 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), барлық өндірістік практикалар түрлері 5 байланыс сағатқа (250 минутқа) тең.

Оқуды аяқтау үшін студент құрауыш бойынша міндетті түрде белгілі мөлшерде кредит алуы керек:

міндетті түрде;

таңдау бойынша;

Оқушы өзінің білім беру бағдарламасын тәлімгер — кеңесші (эдвайзер) — көп тәжіребесі бар оқытушы арқылы жасайды (5-10 студент). Оқу пәндерін меңгеруге көмек көрсету үшін тьютерлер (оқытушылар) ұсынылады.



Тьютордың міндеті — оқушының оқу әрекетінің барысын қадағалау, оқудан барынша қайтарым алу. Топтық консультациялар өткізу (оқу процесінің ішінде). Оқу процесін іске асыру үшін оқытушының және оқушының әр пән бойынша формалар мен құралдары, баспа және электрондық түрде курсты бейнелейтін, оқушылардың (БӨЖ) өз бетімен игеру деңгейін бақылайтын, олардың өткізу мерзімі мен мазмұнын көрсететін оқу-әдістемелік кешені болуы қажет. Студенттің өздік жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін, мазмұны мен оларды өткізу мерзімі көрсетілген оқушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысын міндетті енгізу.

Анықтамалық — жолсілтемеге келесі міндеттер енгізіледі:

Студенттің құқығы мен міндеті. Студенттің намыс кодексі;

Оқу кезеңіндегі жұмыс жоспары;

СРА орта балынан есеп айырысу әдістемесі;

Қорытынды мемлекеттік аттестаттауға қойылатын талаптар;
Оқу пәні бойынша оқу әдістемелік кешені:

Әр пән бойынша силабус — бағдарламаларды оқытудан;

Практикалық (семинарлық) сабақтардың жоспарынан;

Студенттің өздік жұмысы бойынша тапсырмалардан;

Және тағы басқалардан тұрады
Оқу сабақтарын оқыту белсенді шығармашылық формаларда (кейс — сатылар, тренингтер, пікірталастар, дөнгелек үстелдер, семинарлар және т.т.) өткізу керек Оқу пәні бойынша білімді бақылау формасы — емтихан болады. Білімдері көп балды әріптік жүйе бойынша бағаланды. Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы дипломдық жұмысты қорғау немесе мемлекеттік емтихандарды тапсыру болады.
Бірінші кезеңде кредиттік оқыту технологиясын енгізу арқылы осы салада нормативтік-құқықтық құжаттарды оқыту, қызметкерлер құрамын осы технология бойынша жұмыс істеуге үйрету, лауазымдық міндеттерді және спецификаны есепке ала отырып, кредиттік технология бойынша біліктілігін арттыру курсын әзірлеу қажет;

Екінші кезең жалпыға бірдей мемлекеттік стандартқа сәйкес әзірленген типтік оқу жоспарларын зерттеу болады. Типтік оқу жоспары оқу процесінің құрылымы мен мазмұнын регламенттейтін негізгі құжат болады (техникалық және кәсіби білім үшін кредиттік технологияның сәйкестігіне жаңа мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттарды әзірлеу қажет).
Үшінші кезеңде академиялық күтізбені бекіту болады. Айта кету керек, академиялық күтізбе дәстүрлі оқу процесінің кестесінен ерекшелеу. Оның ерекшелегі академиялық күнтізбеде оқу-бақылау шаралары ғана емес, сонымен қатар мерекелік күндер де міндетті түрде көрсетілген. Студенттер шетел оқу орындарында жеке пәндерден білім алғысы келсе, олар каникул кезеңі туралы ғана ақпаратты біліп қоймай, сонымен қатар басқа да демалыс күндерін, мысалы, ұлттық мерекелерді де білулеріне байланысты.

Төртінші кезеңде оқу процесін жоспарлауда элективтік пәндер тізімдемесі (ЭПТ) қалыптасуды, барлық оқу пәндер тізбесі беріледі, білім беруге нақты бағдарламаларды таңдап алуға құрауым болып кіреді (оқушыға пәнді таңдап алуға құқық беру қажет, одан басқа, ол басқа оқу орынынан пәнді таңдап алса, кредиттер жинай алады, дұрыс білім беру кеңестігін құру үшін, барлық техникалық және кәсіби білім оқу орындары кредиттік технологияға көшуге тиісті);

Бесінші кезеңде оқушылар ұсынылған КЭТ негізінде жеке оқу жоспарын құрастырады (ЖОЖ), жеке оқу жоспары әрбір оқушының бөлек білім алу траекториясын анықтап, эдвайзер көмегімен белгіленген тәртіппен тіркеу бөлімшесінде әр оқу жылына оқушының өзімен оқу пәндеріне алдын ала жазылу бойынша қалыптасады;

Алтыншы кезеңде оқу процесіне енген барлық оқу-бақылау шараларының кешені мен бар оқу пәндерін толық көрсететін жұмыс оқу жоспарын құрастырады. Мамандықтар бойынша ЖОЖ барлық жеке жоспарлардың бірігу болып табылады.

Қорытынды кезеңде оқу сабақтарының кестесі жасалады.

Кредиттік технология бойынша оқу процесін жоспарлау кезеңдерін талдай отырып, біз оның жағымды жағда, артықшылығында белгілейміз. Тек оқытушының ғана емес, оқушылардың да академиялық еркіндіктерін кеңейту; оқушылармен пәндерді таңдау (50%- ға дейін) оқытушының жағынан кең спектр ұсыныстарын таңдау болып келеді. Бұл екі жақтың да жауапкершілігін тудырады, осының нәтижесінде оқу процесі тең дәрежелі адамдар сұхбатына айналады.


Кредиттік оқыту жүйесін іске асырудың жеке жұмысын ұйымдастыру болады. Кредиттік оқыту технологиясының келесі позитивтік жағы — оқу материалын жүйелі бақылап, сапалы меңгертіп қадағалау. Позитивтік жағын айта отырып, біз бір қатар мәселелерді шешуіміз қажет және кредиттік оқыту технологиясына ауыртпалықсыз көшуге мүмкіндік туады. Қазіргі заманның білім талабы білім беру технологиясын белсенді енгізу болады.

Білім — бұл қоғамдық дамудың маңызды көрсеткіші, сондықтан барлық елдің міндеті оны сапалы, бәсекелестік ету.


Жазылым.

Тапсырма. Мәтінге жоспар құрастырыңыздар.

Тапсырма. Қазақстандағы кредиттік білім беру жүйесі туралы пікір алысыңыздар.
18-тақырып. Ғылым және техника. Қазақстандағы ғылыми-инновация мен экономикалық жаңалықтар.

Оқылым.
Қазақстандағы  ғылыми қызметтің  негізгі бағыттарының бірі  - инновацияны  дамыту болып табылады. Қазіргі уақытта елде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндіріс құруға бағытталған  инновациялық жобаларды іріктеу жүріп жатыр. Қазақстанда ғылымды қаржыландыру көлемі артып келеді. 2011 жылы ғылыми ұйымдар 26,8 млрд. теңге қаражат бөлген. 2012 жылы 49,7 млрд. теңге көзделіп отыр, яғни өткен жылмен салыстырғанда 61 пайызға артық қаражат бөлінеді.

Қазіргі таңда еліміздегі ең озық Ғылыми-зерттеу институттары мен Жоғарғы оқу орындары әзірлеген инновациялық жобалар, жоғары технологиялы, экологиялық таза және бәсекеге қабілетті өндірістерді құруға бағытталған ғылыми жұмыстар  жүзеге асырылуда.

Елбасының қатысуымен 2011 жылдың 13 мамыры мен 1 желтоқсанында өткен форумдарда 30-дан астам жоба таныстырылған болатын. Болашағы бар және ең өзекті жобалар Елбасының тасырмасы бойынша құрылатын 2020 жылға дейінгі «100 қазақстандық ииновация» атты жалпыұлттық жобаға қосылатын болады.

Инновациялық қызмет  дүниежүзінде экономиканы қайта жаңғыртудың басты шарттарының бірі ретінде қаралады. Жаңа өнім, жаңа қызметтер, технологиялық үрдістерді құру, оларды енгізу және  кең ауқымда тарату өсудің негізгі факторларына айналуда.

Әлемде жаңа технологияларды енгізу әртүрлі жолдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалға, АҚШ-та федералды ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың басым бөлігі мемлекеттік емес ұйымдармен келісімшарт және гранттар арқылы жүзеге асырылады. Германияда АҚШ инкубаторларының даму тәжірибесі, Ұлыбритания, Франция ғылыми парктерінің тәжірибесі пайдаланылған. 1980 жылдардың басынан елде біртіндеп инновациялық қызметтер орталығын шағын және орта кәсіпорындарға ауыстыру арқыл аймақтық инновациялық қорлар желісін құруға ерекше назар бөліне бастады. 

2007 жылмен салыстырғанда ғылымды дамытуға бөлінген қаржы көлемі шамамен үш есеге өскенін атап өту керек. 2011 жылы «Самұрық-Қазына» ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға 8 млрд. теңге бөлуде. Қазақстанда 2015 жылға қарай ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жалпы ішкі өнімнің 1 пайызы көлеміне дейін көбейтін болады. Бұл Қазақстан тарихында ғылыми-техникалық прогреске салынған ірі қаржы көлемі болады.


Жазылым.

Тапсырма. Берілген сөздерді мәтіннен тауып сөз тіркесін құрыңыз.
бәсекеге ...... , ғылымды ......, ғылыми ......, технологиялық ..... , жүзеге ....,

инновациялық ....., қаржы ..... , қаражат ...... .


Тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

Қазақстандағы  ғылыми қызметтің  негізгі бағыттарының бірі  - инновацияны  не табылады? Инновациялық қызмет  дүниежүзінде экономиканы қайта жаңғыртудың қандай шарттарының бірі ретінде қаралады? Әлемде жаңа технологияларды енгізудің қандай жолдары қарастырылуда?  Қазақстанда ғылымды қаржыландыру көлемі қандай? Қазіргі уақытта елде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндіріс құруға бағытталған қандай жобаларды іріктеу жүріп жатыр?
Тапсырма. Берілген сөз тіркестерін мәтіннен тауып, мағынасын түсіндіріңіз.
инновацияны  дамыту, инновациялық жобалар, инновациялық қызмет, инновациялық қорлар, бәсекеге қабілетті өндірістерді құру, келісімшарт және гранттар арқылы жүзеге асырылу, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру.
Тапсырма. Аударыңыз.

Свободно говорить по- казахски, опытный специалист, начальник общего отдела, известный политик и ученый, прием граждан, квалифицированный врач, безработный человек, талантливый и знающий сотрудник, необразованный человек, не могу перевести, может сказать, нужен опытный специалист, дайте отчет в письменном виде, заявления и жалобы граждан.



Ғылымның жаңа бағыттары.

Қазіргі таңда Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия қазақстандық ғылымның жаңа басым бағыттарын бекітті. Бұл – энергетика мен энергия сақтау, шикізат пен өнімді терең қайта өңдеу, өмір туралы ғылым, ақпараттық және телекоммуникациялық технология бағыттары. Аталмыш  бағыттар өндіріс пен адам денсаулығын ғылыми-техникалық дамытуға бағытталған және инновацияда зерттеудің міндетті болуын көздейді. Осы басым бағыттар аясында 88 ең өзекті жоба бағдарламалық-мақсатты және грантты қаржыландыруға бекітілді. Оларды жүзеге асыру келесі жылдан бастап конкурстық негізде жүргізілетін болады, оларға 2012 жылы 10 млрд. теңге бөлу жоспарлануда. Республикада инновациялық қызметті жүйелі қолдау үшін қажетті заңнамалық негіз бен институционалдық база бар.

Инновация үшін қолдаудың қаржылық құралдары кеңейтіліп, жаңа салықтық жеңілдіктер мен жоғары технология саласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдіктер енгізілген. Сонымен қатар, «Инновациялық технологиялар паркі» құрылуда.  Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды кеңейту ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша нәтижелерді енгізу шығындарынан ұжымдық кіріс салығының 150 пайызы бойынша салық салу базасын қысқарту жолы арқылы қамтамасыз етіледі.
Тапсырма. Сөйлемдерді мәтіннің көмегімен толықтырыңыз.

Республикада инновациялық қызметті жүйелі қолдау үшін қажетті ........ .

Қазіргі таңда Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия қазақстандық ғылымның ....... . «Инновациялық технологиялар паркі» ..... . Аталмыш  бағыттар өндіріс пен адам денсаулығын ғылыми-техникалық дамытуға бағытталған және инновацияда зерттеудің ......... . Инновация үшін қолдаудың қаржылық құралдары кеңейтіліп, жаңа салықтық жеңілдіктер мен жоғары технология саласында ..... .
Тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

Республикада инновациялық қызметті жүйелі қолдау үшін қажетті не бар?



Қазіргі таңда Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия қазақстандық ғылымның қандай бағыттарын бекітті? Инновация үшін қолдаудың нелер кеңейтіліп, жаңа салықтық жеңілдіктер мен жоғары технология саласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін нелер енгізілген?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет