Қазақ тілі сабағында оқУ Әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктері



Дата12.03.2018
өлшемі32,13 Kb.
#39084
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУ ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Разиховская Сауле Бекмагамбетовна
Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Станционный орта мектебі» ММ

Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Станционный селосы

Қазақ тілі пәнінің мақсаты оқушылардың қарым-қатынасын қалыптастыру, дамыту, тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген.

Мұғалім үшін басты міндет – қазақ тілі сабағының ерекшеліктерін арттыру, оқушының сабаққа деген қызығушылығын ояту, оның дамуына жағдай туғызу, сөйлеу қабілетін дамыту.

Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы сабақ барысында мен оқушының белсенділігін, шығармашылық ізденісін арттыруға ұмтыламын, пәнге деген қызығушылығын оятуға тырысамын. Қазіргі оқыту барысында қолданып жүрген көптеген технологиялар оқыту тиімділігінің негізін құрауға бағытталган.

Әр сабақта менің алға қойған мақсатым: технологиялардың тиімді тәсілдерін қолдана отырып, қазақ тілінің орфографиялық нормасын оқытуды қалыптастыру, қазақша сауатты жазу, сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөз тіркесін жасау арқылы оларды сөйлемдерде дұрыс орналастырып, сөйлем құрау, сөйлем арқылы ойын басқаға жеткізу, басқаның сөзін түсіну де – оқушының тілін дамыту. Сабақта бағдарлама талабына сай оқушылардың сөйлеу әрекетін айтылым, тілдесім, оқылым, жазылым, тындалым сондай-ақ тілдік дағдыларында қалыптастыруға .

Қазақ тілі сабағында өз тәжірибиемде оқушылардың тілін дамытуға және мемлекеттік тіліне қызығушылығын арттыруға осындай әдіс-тәсілдерді қолданамын. Оқушыларға ең ұнайтын және білім деңгейлерін көтеретін «Грамматикалық диктанты, Терме диктанты, Санды диктанты», «Криптограммалар», жеті модуль бойынша әр түрлі тақырыптарға постер жасаймыз, жоба жұмыстарын жүргіземіз, пазлдарды құрастырамыз.

Өз сабағымда қай сынып болсын сабақты психологиялық жаттығудан бастаймын. Тілдік жаттығулар: жанылтпаш немесе бір шумақ өлең, не болмаса санамақ, не әріпке байланысты тақпақ . Мұндай тілдік жаттығу: біріншіден сөздерді дұрыс айтуды меңгертеді, екіншіден, баланы жалықтырмайды. Оқушы сабақта сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасайды. Сөйлесу барысында көркемдік құралдарды, яғни, әсерлеп, мақал-мәтелдерді, фразеологиялық тіркестерді қолданып сөйлеуіне баса назар аударамын.

Сабақта тілдік, даярлық сөйлесу жаттығуларын жиі қолданамын. Бұл жаттығулар қарым-қатынас жасауға бағытталады: сұраққа жауап беру, сұрақты дұрыс қоя білу, сөйлем үлгілері дұрыс пайдалана білу, ситуациялық жагдайларды сөйлесе білу. Сабақта оқушылардың тілін дамыту үшін алуан түрлі жұмыстар жүргіземін.

Ойын технологиясын сабақта қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытамын, әр баланың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастырамын, сабаққа зейінін аударамын, адамгершілік қасиеттерін, білімге құштарлығын арттырамын. Сабақта оқушылармен өткізілетін ойындар: «Кім көп сөз құрастырады», «Тапқыштар», «Қар кесегі», «Тізбек», «Кім жылдам?», «Дұрыс-бұрыс», «Блум ромашкасы». Ең жиі сабақта сын тұрғысынан оқыту технологиясының элементтерін (СТО технологиясы), әдіс-тәсілдерін пайдаланамын. Себебі осы технология арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырамын.

Тәжірибе барысында бұл әдістер оқушыларға өтілген материалды пысықтап, қайталап, есте сақтау қабілетін қалыптастыруға, сол материалды талдап, жан-жақты меңгеруіне өте тиімді екенін көрсетеді.

Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» және «Тіліміздің – мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де орыс тіліндей болып қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек», - деген тұжырымы бар. Осы тұжырымға жету үшін, менің ойымша, әрбір ұлттың балаларына қазақ тілін үйренуге, сөйлеуге, қазақ халқының салт-дәстүрлерін жетік білуге біз қазақ тілі сабақтарында міндетті түрде үйретуіміз керек.


Қолданылған әдебиеттер:

Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде [9; 2006]



Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде [1; 2007]

Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде [5; 2011]

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет