С) Жұмысты кейінгіге қалдыруға болмайды.
D) Ақан кеше келіссөз жүргізді.
Е) Кейбір кезде менің басым ауырады.
№ 167
Ортақ етісті табыңыз
А) сөйлетті, жазғызды, айттырды
В) жиналды, шешілді, тазаланды
С) алдыртты, келтірді, көндірді
D) жазысты, айтысты, келісті
Е) тарандым, жуындық, киінді
№ 168
Кімге? Қайда? Неге? қай септіктің сұрақтары?
А) Атау септігі
В) Ілік септігі
С) Барыс септігі
D) Табыс септігі
Е) Шығыс септігі
№ 169
Сөйлемді толықтырыңыз. Мен сағат 7-... жолдастарыммен кездесу үшін аулаға шығамын.
А) кеткенде
В) -нде
С) де
D) қалғанда
Е) да
№ 170
Қайтатын күнім-ертең.Үстеу-қай сөйлем мүшесі, белгілеңіз.
А) бастауыш
В) толықтауыш
С) баяндауыш
D) анықтауыш
Е) пысықтауыш
№ 171
Өздік есімдігі бар тіркесті табыңыз
А) Өз елім - өлең төсегім.
В) Менің елім – басқа елдер ішіндегі ең әсемі.
С) Ел мен жер адамға ыстық болады екен.
D) Ел ішінде кешегі концерт туралы қызу әңгіме жүріп жатыр.
Е) Бұл елде 3 мыңнан астам ел тұрады.
№ 172
Мақалға керекті сөздерді қойыңыз: Әдепті бала-... бала, Әдепсіз бала-...бала.
А) ақылды, жуас
В) арлы, сорлы
С) ақымақ, жаман
D) кішіпейіл, қарапайым
Е) сүйкімді, келбетті
№ 173
Көп нүктенің орнына керек жалғауды жазыңыз. Қазір сағат бес... он минут қалды.
А) -тің
В) -тен
С) -ке
D) -те
Е) -пен
№ 174
Мөлшер үстеуін табыңыз
А) Мен әпкеммен ауызба-ауыз сөйлескім келеді.
В) Көршінікіне жылдам барып кел !
С) Өткендегіден анағұрлым әдемі болып кетіпсің.
D) Аяз бен қар қыстыгүні болады.
Е) Мен анамды өте қатты сыйлаймын.
№ 175
Сілтеу есімдігін көрсетіңіз
А) Кейбіреулер күннің суығын жақсы көреді.
В) Балама санауды үйретіп отырмын.
С) Бүгінгі тойға сонау шет елдерден келген де қонақтар бар.
D) Үйдің сыртында үшеуі әңгімелесіп тұр.
Е) Үйден еш нәрсе тапппадым.
№ 176
Байрақтың ортасында, көгілдір түс аясында бейбітшіліктің рәмізі болып не бейнеленген?
А) жұлдыз
В) ай
С) күн
D) бұлт
Е) бүркіт
№ 177
«Мен жаз...ймын өлеңді ермек үшін» (Абай). Көп нүктенің орнына керекті болымсыз етістіктің жұрнағын қойыңыз,
А) -ба
В) –ма
С) -па
D) -бе
Е) - ме
№ 178
«Қайда барсаң да, Қорқыттың көрі» дегенде есімдіктің түрін табыңыз ?
А) Жіктеу есімдігі
В) Сілтеу есімдігі
С) Сұрау есімдігі
D) Жалпылау есімдігі
Е) Өздік есімдігі
№ 179
Мөлшер үстеуін табыңыз
А) Менің үйім жоғарғы қабатта орналасқан.
В) Мен ұстазымды аса қатты құрметтеймін.
С) Әбден шаршағанда кітап оқимын.
D) Түнде біреу кеннеттен есік қақты.
Е) Мұншама сабаққа кешіккеннің не?
№ 180
Шылауы бар сөйлемді анықтаңыз
А) Сабақ басталды(ма)
В) Көкті жұл(ма)
С) Қолыңды аузыңа сал(ма)
D) Үй айналып жүгір(ме)
Е) Нанды шаш(па)
№ 181
Есімшелерді табыңыз.
А) Барып, айтып, көріп.
В) Кеткелі, жүргелі, жатқалы.
С) Сөйлей, тыңдай, қарай.
D) Айтқан, күлетін, келер.
Е) Сұрағалы, жаза, сұрап.
№ 182
Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
А) төртке
В) беске
С) алтыға
D) жетіге
Е) сегізге
№ 183
60-70 тей адам жиналды. Сан есім түрін белгілеңіз.
А) реттік
В) болжалдық
С) есептік
D) топтау
Е) жинақтық
№ 184
Күрделі сын есімді тіркесті көрсетіңіз
А) түнгі ауа
В) қызыл алма
С) сары ала көйлек
D) шырайлы сұлу
Е) тәтті қант
№ 185
Көсемшені көрсетіңіз
А) Менің атым-Есқали.
В) Ол жазалы адам.
С) Киімді сатқалы тұр.
D) Біздің топта қалы көп қыз бар.
Е) Айтқали Омбыдан кеше келді.
№ 186
Сөйлемді жалғастырыңыз. Ер қанаты-...
А) ат
В) табандылық
С) серігі
D) қару
Е) ару
№ 187
Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсетіңіз
А) Далада сап-сары жапырақтар жатыр.
В) Кішкене кезімде шана тепкенді ұнататынмын.
С) Бұл орамал, ана орамалға қарағанда сарырақ.
D) Бозғылт түсті мен ұнатпаймын.
Е) Күзгі ызғар әлі тұр.
№ 188
Етістік сұрағын табыңыз
А) не істеді?
В) қанша? қайда?
С) неге? кім?
D) кім? не?
Е) қандай? не?
№ 189
Мен қазір емтихан тапсыру... дайындалып жатырмын. Керекті қосымшаны қойыңыз.
А) -ды
В) -ға
С) -да
D) -дан
Е) -ның
№ 190
Арманға бізді жеткізіп,
Қайғыны ойдан кеткізіп.
Мәңгі жарық алтын күн,
Сүйсіндірді, күлдірді (Жамбыл). Етістің түрін ажыратыңыз.
А) ортақ етіс
В) өздік етіс
С) өзгелік етіс
D) ырықсыз етіс
Е) негізгі етіс
№ 191
Зат есім қандай грамматикалық категория?
A) Сөйлем мүшелері
B) Сөз табы
C) Көмекші сөз
D) Көмекші есім
E) Жалғау
№ 192
Алыстан қызғылт мұнара ханымның көзіне көрінді. Қатты жел тоғайдың ұлпа басын желпілдетіп тұр. Көкпеңбек кесене көк аспанның өзімен астасып жатқандай. Мұқан қараторы бойшаң жігіт. Теңіз жағалаунда ақшыл тастар шашылып жатыр. Мына сөйлемдердегі күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.
A) Қызғылт
B) Қатты
C) Көкпеңбек
D) Қараторы
E) Ақшыл
№ 193
«Терең» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
A) Тайыз
B) Жұқа
C) Аласа
D) Қашық
E) Тар
№ 194
Сын есім сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарады?
A) Бастауыш
B) Баяндауыш
C) Толықтауыш
D) Анықтауыш
E) Пысықтауыш
№ 195
Сын есім жасаушы жұрнақты көрсетіңіз.
A) -ім
B) -ыс
C) -н
D) -ып
E) -и
№ 196
Көкшілтім бояумен ақ қағазға гүлдің суретін салдым. Мына Марқакөл көлінің суы тым көктеу көрінеді. Көгілдір аспан жер бетін жауып тұр. Оның көкпеңбек орамалы алыстан көзге түсті. Жасыл шөп көгірек болып көрінеді. Мына сөйлемдердегі күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.
A) Көкшілтім
B) Көктеу
C) Көгірек
D) Көгілдір
E) Көкпеңбек
№ 197
Болжалды сан есімді көрсетiңiз.
A) Оннан бір
B) Он шақты
C) Жетеу
D) Бесінші
E) Бес-бестен
№ 198
Жинақтау сан есiмдi табыңыз.
A) Бес-алты
B) Бесеу
C) Бестен бір
D) Мың бір түн
E) Жүзге тарта
№ 199
Ол ұзын бойлы, толықша келген, мінезі ... Мына сөйлемдегі мінезге байланасты сөзді табыңыз.
A) Бойшаң
B) Тіп-тік
C) Жайдарлы
D) Толықша
E) Сидиған
№ 200
Сөз таптарын зерттейтін саланы көрсетіңіз.
A) Фонетика
B) Морфология
C) Морфонология
D) Синтаксис
E) Лексикология
№ 201
Реттік сан есiмдi табыңыз.
A) Сегіз
B) Сегіздей
C) Сегізінші
D) Сегізден бір
E) Сегіз-сегізден
№ 202
Мінезге байланасты сөздерді табыңыз.
A) Ашық-жарқын
B) Дөңгелек бет
C) Қыр мұрын
D) Ботакөз
E) Кең маңдай
№ 203
Топтау сан есiмдi табыңыз.
A) Жиырмадай
B) Ондаған
C) Алтыншы
D) Бес-алтыдан
E) Жиырмалап
№ 204
Көктем мезгіліне байланысты сөзді табыңыз.
A) Қатты тоңу
B) Бүрісіп қалу
C) Бүршік ату
D) Ыстық өту
E) Үсік шалу
№ 205
Қардың түріне жататын сөзді табыңыз.
A) суйық
B) Аласа
C) Алыс
D) Ақша
E) Құм
№ 206
Күз мезгіліне байланысты сөзді табыңыз.
A) Аптап ыстық
B) Суық ұру
C) Сарғаю
D) Ыстық ұру
E) Тоң еру
№ 207
Жаз мезгіліне байланысты сөзді табыңыз.
A) Егін ору
B) Жер қопару
C) Шілде
D) Астық пісу
E) Егін егу
№ 208
«Жер» мәтініне байланысты сөзді табыңыз.
A) Арман
B) Кеңістік
C) Ой
D) Бөлме
E) Шеше
№ 209
Өткен шақ формасындағы етістікті табыңыз.
A) Жеттік
B) Отырмыз
C) Келеміз
D) Барамыз
E) Жүрермін
№ 210
Келер шақ формасындағы етістікті табыңыз.
A) Барар
B) Келді
C) Бардық
D) Бердік
E) Отырмыз
№ 211
Сен акт залына барып, ... Мына сөйлемдегі бұйрық райындағы етістікті көрсетіңіз.
A) Барсақ
B) Биле
C) Бару
D) Тұрды
E) Келетін
№ 212
Қалау райындағы етістікті табыңыз.
A) Биле
B) Күл
C) Барсақ
D) Барғым келді
E) Келетін
№ 213
Шартты рай етістігін көрсетіңіз.
A) Қайтқым келіп тұр
B) Отырмын
C) Отырмыз
D) Білсеңіз
E) Жаз
№ 214
Сен айтқан кітапты оқыдым. Мына сөйлемдегі толықтауышты табыңыз.
A) Сен
B) Сен айтқан
C) Кітапты
D) Айтқан
E) Оқыдым
№ 215
Күміс сағат үстелдің үстінде жатыр. Мына сөйлемдегі анықтауышты табыңыз.
A) Күміс
B) Сағат
C) Үстелдің
D) Үстінде
E) Жатыр
№ 216
Мезгіл үстеуі қай сөйлемде?
А) аялдама үйдің жанында
В) ол тым көп сөйлейді
Достарыңызбен бөлісу: |