Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ПӘНІ



бет52/54
Дата11.06.2024
өлшемі357,38 Kb.
#203316
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
С Рахметова Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі

4. Оқушылардың өз іс-әрекетіне байланысты шығарма жұмыстары. Оқушылардың өзі туралы және олардың тікелей қатысы бар мәселелер жөнінде жүргізілетін шығарма жұмыстарын оқушының іс-әрекетіне байланысты шығарма деп топтадық. Бұл топқа енгізілген шығармалар тақырыбы балалар үшін тартымды, өйткені мұнда балалар өздері істеген істері жөнінде жазады. Мысалы, балалардың еңбек әрекетіне байланысты «Біз ағашты қалай отырғыздақ», «Мен үйде кеше не істедім», «Мен мамама қалай көмектестім», «Біз Қалай Кезекші Болдық», «Мен құсқа ұя салдым», « Біз мектеп учаскесінде жұмыс істедік», «Біз металдар сынығын жинадық», «Біз қоян өсірдік», «Мен киімдерімді қалай тазалаймын», «Біз бұзау бақтық», «Біз доп ойнадық», «Футбол ойнағанда», «Біздің команда қалай жеңді», «Менің жақсы көретін ойыным», «Мұз айдынында», «Жексенбі күні сырғанақ тептік» т.с.с. тақырыптары бойынша шығарма жүргізуге болады. Шығарма ауызша да, мүмкіндігіне қарай, жазбаша да ұйымдастырылуы қажет.
Мұның алдында көрсетілген шығарма жұмыстарының түрлері мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін болса, шығарманың бұл түрін балалар өз беттерімен жинаған материалдары бойынша жазады. Мұнда балалардың ойындары немесе үйде, мектепте, далада істеген жұмыстары жоспармен ұйымдастырылмайды, мәселен, балаларға «Кеше үйде қандай жұмыс істегендерің жөнінде (мамасына қалай жәрдемдескендері) жазыңдар», - деген тапсырма берілсе, олардың әрқайсысы өз істеген жұмыстарын жазады: сондай-ақ «Жексенбі күні қайда болғандарыңды, не істегендеріңді жазыңдар» - деген тапсырма берілсе, балалардың бір қыдырғанын, екіншісі киноға барғанын, үшіншісі ағаш отырғызғанын, төртіншісі ойнағанын т.б.с.с. жазады.
Шығарманың бұл түрін үйден жазып келуге тапсыруға да болады. Бұл топтағы шығармалар сипаты, мазмұны жағынан алуан түрлі болып келеді. Бастауыш сынып балаларына не ұнайтынын, оларға не жақын екендігін, олардың жазу мүмкіндіктері мен шеберліктерін, тіл байлығын, шығарма жазу дағдысының қалыптасу дәрежесін т.с.с. шығарманың осы түрінің қорытындысынан айқын аңғаруға болады.
Бұл шығармалар әдімтемелік әдебиеттерде бақылау шығармасы деп аталып жүр. Бірақ шығарманың осы топқа енетін түрлерінің барлығын бірдей бақылау шығармасы деуге болмайды, бұл топтағы шығармалардың ішінде үйрету мақсатында өткізілетіндері де бар. Мысалы, мереке күндері екі не үш күндік демалыста немесе жазғы, қысқы, көктемгі каникулдарда не болмаса жексенбі күні балалардың көрген қызықтары, ойнаған ойындары, қайда болғандары т.б. жөнінде шығарма жаздыратын болса мұғалім бұл шығарманың жоспарын алдын ала жасап, балаларға тапсырады, оған байланысты әртүрлі тапсырмалар беріліп, орындатады т.с.с.
Жаңа бағдарламада балалардың ІІІ сыныптан бастап қабырға газетіне мақала жазып үйренулері керектігі көрсетілген. Мақала жазу процессі де шығарманың басқа түрлерін жазу процессімен бірдей. Алғашқы мақалалар мұғалімнің басшылығымен дайындалады. Мақала тақырыбы ұжымды түрде талданады, оның мазмұны анықталады, жоспары белгіленеді. Келесі мақаланың мазмұны ұжымды түрде анықталады, да оны әркім өзінше жазады.
Мақала мектептің өмірін көрсетіп оқу мен тәртіп жағынан сыныпқа көмектесетіндей дәрежеде болғаны жөн. Мысалы, ұйымшылдықпен өткен экскурсия яки бір қызықты кітап жөнінде, сондай-ақ «Мен сабаққа қалай дайындаламын», «Мен үй шаруасына көмектестім», «Кім боламын», «Мен қай сабақты жақсы көремін», «Жаңа жылға дайындық» т.б.
Бағдарламада ІV сыныптан бастап туысына немесе жолдасына хат жазып үйретуді көрсетеді. Қысқа түрде хат жаза білу шығарманың ең маңызды түрі болып саналады. Хат мәтінін балалар алдымен ұжымдық түрде дайындап үйренеді. Хатта балалардың көңіл күйі, сезімі, қуанышы, реніші, қоғам өмірі мен мектеп жұмыстарына қалай өқуға қалай қарайтыны, айналадағы адамдарға, мұғалімдері мен жолдастарына көзқарастары көрінеді. ІV сыныпта хаттың ең қарапайым, жай түрі үйретіледі. Хат жазу үшін, тақырыптарын өздері күнде көріп жүрген оқиғалардан алуы керек. Мысалы, «Біз елканы қалай әшекейледік», «В.И.Ленинді еске түсіру ертеңгілігін қалай өткіздік», «Мен қалай оқып жүрмін», «Біздің бөлме қандай», «Біздің мектеп» т.б.
Хаттың ерекше түрі – құттықтау ретінде жазылатын хат. Олар мереке қарсаңында жазылады. Балалар хатты жолдастарымен туған-туыстарына қана жазып қоймай сонымен қатар басқа мектептің оқушыларына жазады. Хат жазып үйретудің алғашқы кезеңдерінде балаларға мынадай сұрақ беріледі: сендер хатты кімге жазасыңдар? (Хаттың тақырыбы анықталады). Не жөнінде хабарлайсыңдар?
Хат мынадай бөліктерден құралады: жазатын адамдарға арнай айтылған ой бір нәрсе жөнінде хабарлау, хат жазушының тілегі, ең соңында қолы қойылады. Хат бірінші рет тақтаға жазылады да, балалар оны көшіріп алады. Екінші, үшінші рет хат ауызша құрастырылады да балалар содан түсінгендерін өздері жазады. Осыдан соң хатты әркім өзінше жазады.
Сонымен шығарма мен мазмұндама жұмыстарын дидактикалық қағидаға сүйеніп жүйелі түрде бір-бірімен органикалық байланыста жүргізіп отыру оқушылардың ойы мен тілін дамытып, байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысының пәрменді тәсілін қолдануға, тілді өмір мен байланыстыру міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сұрақтар мен тапсырмалар:


1. Мазмұндама мен оның түрлері туралы айтыңыз.


2. Мазмұндама қалай ұйымдастырылады? (Әр түріне жеке-жеке тоқталу керек).
3. Шығарма жұмыстары және оның т.рлері туралы айтыңыз.
4. Шығарманы қалай ұйымдастыруға болады?
5. Шығарма мен мазмұндаманың ұқсастық белгілері мен бір-бірінен айырмашылықтары жөнінде айтыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет