Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ПӘНІ



бет2/54
Дата11.06.2024
өлшемі357,38 Kb.
#203316
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
С Рахметова Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі

Екінші заңдылық. Тілді ұғыну үшін орасан сезімталдық керек. Зерттеушілер мұндай қасиеттің балада тіпті сәби кезден болатындығын айтып жүр.
Грамматиканы үйрету осы «тілдік сезімталдыққа» сүйеніп, іске асырылады.
Бұл қағида төмендегідей әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді:

  1. балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке келтіру (мұнда грамматика басты орын алады);

  2. оқушылар өздеріне белгісіз грамматикалық көріністерді бұрыннан таныс көріністермен салыстыра
    алатындай дидактикалық материал іріктеледі;

  3. тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану.

Үшінші заңдылық. Фонологиялық, граммати­калық және лексикалық мағыналармен қатар сөйлеу мәнері, сезімге бөлене сөйлеуді меңгереді.
Мұндағы әдістемелік қағида: сөйлеу мәнеріне назар аудару.
Бұл қағиданы іске асыруда мына сияқты ережелер сақталады:

  1. тілдің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарын үйрену барысында сезімге бөлене
    сөйлеу мәнерінің жолдарын түсіндіріп отыру;

  2. ана тілі мен қазақ тілі сабақтарын міндетті түрде байланыстырып отыру;

  3. тілдерін талдағанда көркем мәтіндердің сезімге әсер ететін бөліктерін таңдап алу.

Т ө р т і н ш і заңдылық. Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеуді таңбалау жүйесіне аудару ретінде (дыбысты таңбаға көшіру) ұғынылады.
«Жазбаша сөйлеу бала үшін сөйлеуді меңгерудің жалпы екінші кезеңі болып табылады — дейді профессор Н. С. Рождественский. Ауызекі сөйлеудің өзі шындықтағы заттар мен қатынастардың таңбалары болып табылады. Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеудің дыбыстары мен сөздерін шартты түрде белгілейтін таңбалардан тұрады»1.
Сауат ашу кезеңінде баланы жазуға үйретудің бастапқы шағында әуелі оған таныс емес әріптің бұрыннан таныс, естіп жүрген дыбысы айтылады. Мұнда тағы бір маңызды мәселе — ауызекі сөйлеудің жазбаша сөйлеумен салыстырылып тұруы. Мысалы, тыныс белгілерін қоюда дауыс ырғағының рөлі.
Сонымен, ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы мынадай әдістемелік қағидаға негізделеді.
Бұл қағида төмендегі ережелерді сақтағанда іске асады:
1) ауызекі сөздегі дыбыстар мен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру; 2) дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру; 3) ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет