Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ПӘНІ


ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ



бет6/54
Дата11.06.2024
өлшемі357,38 Kb.
#203316
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
С Рахметова Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі

4 ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Бағдарлама балаларға нені оқыту керектігін көрсетеді, бағдарлама бойынша оқулықтар жасалады.
Ал бұл материалдар оқушыларға қалай үйретіледі? Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен мұғалімнің ара қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады.
Оқыту әдістерінің дидактикалық жүйесі оқыту жолдарының жалпы заңдылықтарын көрсетеді.
Оқыту әдістерін зерттеуші ғалымдар, жалпы алғанда, былайша топтайды1:
1) балалардын оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері;
2) оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету әдістері;
3) оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері.
Бұлардың әрқайсысына бірнеше жекелеген әдіс енеді.
Мысалы, І топқа сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер (олар қабылдау мен есте сақтауға негізделеді); индуктивтік, дедуктивтік әдістер (логикалық ойлауға негізделеді), өздегінен орындау, мұғалімнің басшылығымен орындау әдістері (қиялға, ерікке негіз­деледі).
Ал II топқа балалардың қызығу мүддесін туғызу, зейінін жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік туғызу әдістері;
III топқа ауызша тексеру, жазуша тексеру, лабораториялық-практикалық тексеру және өзін-өзі тексеру әдістері енеді.
Ана тілін оқыту барысында бұл әдістердің қайсысының, қай кезде тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, іріктеп қолданады.

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПӘНІ ТАРАУЫНАН СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Әдістеме дегеніміз не?
2. Қазақ тілі әдістемесі нені зерттейтін ғылым?
3. Қазақ тілін ұғынудың заңдылықтары қандай?
4. Қазақ тілін оқытуда қандай әдістемелік қағидаларды басшылыққа аламыз?
5. Қазақ тілі педагогикалық оқу орындарында неліктен оқытылады?
6. Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы қандай?
7. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны қалай анықталады?
8. Бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілі бағдарламасымен танысыңыздар; оның көлемі мен мазмұнын байқаңыздар және көшіріп алыңыздар.
9. Бағдарламаның «Түсінік хатынан» бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту міндеттерімен танысыңыз.
10. Бастауыш сыныптарға арналған «Қазақ тілі» және «Ана тілі» оқулықтарымен танысыңыздар.
11. Қазақ тілін оқыту әдістері қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет