Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі. Дидактикалық әдістер және оларды классификациялау
Орындаған: Кылышпаева А.Е.
Тексерген: Мұқанова Қ.Қ.
ТОбы: КЯ-901
Жоспар:
Дидактика
Ж.Нұржанова «Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары» Дидактикалық әдістер
А.Байтұрсынов пен Ж.Аймауытов ұсынған жалпылау және жалқылау әдістерін салыстыру
Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII–XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Оқыту әдістері
Ж.Нұржанова жіктеуі бойынша
Түсіндіру әдісі
Кітаппен жұмыс істеу әдісі
Көрнекілік әдісі
Техникалық құралмен жұмыс
Жаттығу әдісі
Түсіндіру әдісі
Жаттығу әдісі
Кітаппен жұмыс әдісі
ауызша баяндау — түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, лекция түрлері жатады.
ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен жұмыс, өз бетінше жұмыс
анықтама, түсініктер, жоспар, конспект, журнал, сөздікпен жұмыстар.
Көрнекілік әдісі
Техникалық құралмен жұмыс әдісі
экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану
демонстрациялық әдіс: экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмент
жалпылау және жалқылау
Жүсіпбек аймауытов
Жалқылау – жалпылауға қарсы ойлау түрі.
жалпы ережеден жеке мағлұмат шығарып тараулату жалқылау (дедукция)
Жалқыдан жалпыға көшу жалпылау (индукция) деп аталады.
Жалпылау мен жалқылау бір-бірімен байланысты оқу кезінде кезек қолданылады. Бұл екеуі жеке бала оқытқанда ғана емес, жалпы бала оқытқанда да пайдалы.