Қазақ тілін өзге тілде оқытатын мектептің 6- сыныбына арналған


сабақ Қазақстан астаналарының тарихы туралы



бет27/46
Дата08.09.2017
өлшемі11,41 Mb.
#30154
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46

2 сабақ

Қазақстан астаналарының тарихы туралы




    1. тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.


Біздің жақын тарихымыздағы Қазақ елінің астаналары

Қазақ Республикасының ең алғашқы астанасы - Орынбор. Орынбор - 1920–1925 жылдары Қазақ АКСР-інің астанасы болды.

1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті. Сөйтіп, Ақмешіт бекеті, қазіргі Қызылорда қаласы астана болды.

1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келді. Басын қар басқан Алатаудың етегіне орналасқан табиғатының сұлулығы жағынан сирек кездесетін Алматы қаласы Қазақстан Республикасының орталығы болуға лайық еді.

Алматыға «Верный» деген ат берілді. 1921 жылы қалаға ежелгі Алматы аты берілді.

Алматы – 1929-1997 жылдары астана болды.

1997 жылы қазанның 20- сында Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республиканың астанасы болды.

Астана – 1998 жылы Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды.


2- тапсырма. Диалогты пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер

  • Біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз қай Республика? (Қазақстан)

  • Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

  • Еліміздің астанасы қай қала? (Астана)

  • Қазақстанның бұрынғы астаналары қалай аталады?

Орынбор


Ақмешіт Алматы



3- тапсырма. Көп нүктенің орнына а немесе ә әріптерін қойып жазыңдар.

1. Бқыт, бла, на, Жнібек, Жния, қзақ, дптер, дрігер, лия, сем, нар.

2. Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанаға, жіңішке у дыбысы бар сөздерді екінші бағанаға теріп жазыңдар.

Ашу, білу, қазу, сену, жазу, қу, беру, ілу, жоғалу, кезу, сызушы, жу, көну, қону.


4- тапсырма. Берілген сөйлемдерден көмекші есімдерді анықтаңдар.

Қаланың шетінде үлкен саябақ бар. Саябақтың ішінде кішкентай көл бар. Көлдің астында құм жатыр. Демалыс күні көлдің қасында көп адам жүр. Көлдің айналасында орындықтар бар. Орындықтардың маңында гүл бар.


5- тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңдар.

Қазақстан______________________________________.

Мен Қазақстанда________________________________.

Біздің еліміз____________________________________.




3 сабақ

Тұңғыш Президент


1- тапсырма. Диалогты пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.

  • Балалар, кәне айта қойыңдаршы, біз қай елде тұрамыз?

  • Қазақстанда

  • Қазақстан қай жылы құрылды?

  • 1991 жылы 16 желтоқсанда Қ.Р.тәуелсіздік алды.

  • Республикамызды кім басқарады?

  • Н.Ә.Назарбаев

  • Ол кісі кім?

  • Президент.



2- тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысындағы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжан еңбекқор, өнерлі кісілер болған. Нұрсұлтан Әбішұлының мамандығы-кенші. Жастық шағын Теміртау мен Қарағандыдағы темір өндіру зауытында өткізген. Жастайынан өз ортасының алдыңғы қатарлы азаматы болған. Басшылық қызметтерге де ерте араласты. Қырық төрт жасында Үкімет төрағасы атанды.1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.


3- тапсырма. Сызба бойынша әңгіме құрыңдар.



демократиялы

көпұлтты м

әлеуметті біртұтас

Есте сақтаңдар!

Біріккен сөздер

Екі я одан да көп сөзден бірігіп, бір ұғымды білдіретін сөздерді біріккен сөз деп атайды.

Мысалы: Ақтөбе,тасбақа, Сырдария, өнаркәсіп.



  1. Құрамына енген сөздердің тұғалары сақталады. Мысалы: Тасбақа (тас+ бақа), Талдықорған ( Талды+ қорған), қарақұрт (қара+құрт)

  2. Біріккен сөздің сыңарлары тұлғасын өзгертіп бірігеді. Мысалы: биыл (бұл жыл), бүгін (бұл күн), әкел (алып кел), апар (алып бар), жаздыгүні (жаздың күні) т.б.





4- тапсырма. Қай жағынан болса да бірдей дыбысталатын бірнеше сөз тауып жазыңдар.

Үлгі: кесек, көк, қазақ.
5- тапсырма.Сөйлемдерді бастаңдар.

--------------------------------------------- айтып тұр.

--------------------------------------------- танысып үлгерді.

--------------------------------------------- жауап береді.


6- тапсырма.Төмендегі сөздердің қандай сөздерден бірігіп жасалғанын айтыңдар.

Еңбекақы, көкжиек, демалыс, Ұлтуған, Жезқазған, Үштөбе.


7- тапсырма.Мәтінді түсініп оқып, мазмұндаңдар, жаттаңдар.

Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихы жолын ой елегінен өткізіп «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген төңіректе ойласын деген сөз. Бұл - әрбір азамат туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең – байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз .....



Н. Ә. Назарбаев.

4 сабақ

Астана – бәйтерек



  1. тапсырма. Диалогты пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.




  • Сен Астана қаласында болдың ба?

  • . . .

  • Астана қаласында қандай әдемі ғимараттар бар?

  • . . .

  • Астананың символы Бәйтерек туралы аңызды білесің бе?

  • . . .



  1. тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер


Астана – бәйтерек

Қазақ ертегілерінің ішінде жұрттың бәріне таныс ең сүйікті кейіпкер Ер Төстік шығар. Ер Төстік айшылық алыс жолдардан, жер асты патшалығына тап болатыны бар емес пе? Сонда ол өмірдің бастауы бейнелейтін алып ағашты көретін еді ғой?

Түркі халықтарының аңызы бойынша, осы алып ағаштың ұшар басына аңыздағы самұрық құс жыл сайын жалғыз жұмыртқа салады екен, сол жұмыртқа өмірдің символындай бүкіл тіршілікке жан беріп тұрады екен. Бірақ жылдың белгілі бір мезгілінде осынау Ұлы құстың жыл сайынғы жалғыз балапаны өліп қала береді. Жұмыртқадан балапан жарып шыққан бойда бір айдаһар – жылан алып ағаштың діңімен жоғары өрмелеп барып қорғансыз, күнәсіз балапанды жұтып қояды екен. Жерасты патшалығына түскен Ертөстік балапанға ұмтылған айдаһарды садақпен атып өлтіреді. Бұған риза болған Самұрық құс балапанын ажалдан алып қалғаны үшін Ер Төстікті жер астынан жер үстіне алып шығады...

Бәйтеректің негізіне «құс қанаттары» орнаменттері қойылған. Ол аңыздағы Самұрық құсының бейнесінде әзірленген.

Бәйтеректің биіктігі тура 97 метр. Бұл елдің ордасы Алматыдан Астанаға көшіп келген жыл

1997 жылмен сәйкес келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет