Қазақ тілін өзге тілде оқытатын мектептің 6- сыныбына арналған



бет12/46
Дата08.09.2017
өлшемі11,41 Mb.
#30154
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
Дүкенде.

Біздің үйдің жанында азық- түлік дүкені бар. Онда түрлі тауарлар сатады. Дүкенде «Ас атасы - нан» деген мақал жазылған. Дүкеннің оң жағында - ет,сүт, айран, май, ал сол жағында – ұн, қант, күріш, нан сатады. Орта тұсында көкөніс пен жеміс-жидектің барлығы сатылады. Олар: картоп, сәбіз, қызылща, алма, алмұрт, жүзім. Дүкенге адамдар көп келеді. Дүкеннің іші үлкен әрі таза.


3-тапсырма. Жазыңдар және оқыңдар.
Үлгі:

Мен барайын

Біз барайық

Сен бар

Сіз барыңыз

Сендер барыңдар

Сіздер барыңыздар

Ол барсын

Олар барсын




Сатып ал, өлшеп бер, әкел, алып кет, алып қал, сатып әпер,


4- тапсырма. Сөйлем құраңдар және оқыңдар.

Үлгі:

-Апай, маған дүкенді көрсетіп жіберіңізші.

- Жоқ, мен көрсете алмаймын. Басқадан сұра.
5- тапсырма.Сөйлемді толықтырыңдар.

Мен дүкеннен ... сатып алу

Мен кітап дүкенінен … сатып алу.

Алмаз кеңсе тауарлары дүкенінен ... сатып алу.  

Марат әмбебап дүкенінен ... сатып алу.  

Сен дүкеннен ...сатып алу


2 сабақ

Азық түлік дүкенінде



1- тапсырма.Сұхбатты оқып, өзара сөйлесіңдер.



  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметсіз бе? Сізге не керек?

  • Сіздерде қанттың бағасы қанша?

  • Қанттың бағасы жүз сексен теңге, неше килограмм аласыз?

  • Екі килограмм өлшеңіз.

  • Тағы не аласыз?

  • Ақмаржан күріші болса, бір килограмм аламын.

  • Ақмаржан күріші жоқ, бізде бар күріштің де сапасы жақсы, өзі таза.

  • Жақсы, содан беріңіз.

  • Басқа не аласыз?

  • Бір литр айран және сүт, бір бөлке нан да беріңіз.

  • Жақсы, барлығының құны сегіз жүз сексен сегіз теңге болды.

  • Жақсы, мінекей мың теңге.

  • Айырмасы жүз он екі теңге.

  • Сау болыңыз!

  • Рахмет, сау болыңыз!




  1. тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.

Асыл мен Марат жексенбі күні азық- түлік дүкеніне барды. Олар келесі аптаға жететін азық – түлік сатып алмақшы. Аналары оларға алатын азық- түліктің тізімін жазып берген еді. Екеуі арба алып,дүкен сөрелерінің орналасу ретіне қарай аралап жүр. Сөрелерде азықтың бірнеше түрі бар. Асыл бірден кәмпиттер орналастырылған сөреге барды. Ол өзінің жақсы көретін «Маймақ аю» кәмпитін алды. Марат сүт тағамдары орналасқан сөреден сүт, айран, ірімшік алды. Балалар келесі сөреден шұжықтың бірнеше түрін таңдап алды. Көкөніс, жемістер бөліміне барып пияз, картоп, сәбіз, тәтті бұрыш, алма, алмұрт сатып алды. Марат пен Асыл бар керектерін бір дүкеннен алғандарына қуанды.



Есте сақтаңдар!

Үстеу

Іс- әрекеттің мезгілін, мекенін, сын- қимылын білдіретін сөз табын үстеу дейді.

Үстеулер қашан? қайда? қалай? қанша? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы: Кемел кітапты тез оқиды. Алмас қазір келеді.



3- тапсырма. Мына үстеулерді екі топқа бөліңдер (түбір, туынды)

төмен, кейін, әдейі, жазда, қыста, бүгін, ертең, былтыр.


4- тапсырма. Сөреден, ірімшік,шұжық сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.
5- тапсырма. Себетте не бар? Сөйлем құраңдар.


3 сабақ

Көкөністер дүкенінде




1- тапсырма. Диалогты толықтырыңдар.

  • Сіз бүгін қай дүкенге барасыз?

  • -------------------------------------------

  • Дүкенннен не сатып аласыз?

  • ---------------------------------------------

  • Көкөніс дүкені қай жерде орналасқан?

  • -----------------------------------------------

  • Дүкеннің іші қандай?

  • ---------------------------------------------

  • Сіз қандай жемістерді жақсы көресіз?

  • -----------------------------------------------

  • Көкөністерден нені ұнатасыз?

  • -----------------------------------------------



2- тапсырма.Мәтінді оқып, төмендегі сөйлемдерді толықтырыңдар. Мәтінге ат қойыңдар.


Бүгін жексенбі күні Абзал үйге көкөністер мен жеміс- жидек алу үшін

көкөніс дүкеніне барды. Дүкен сөрелерінде алқызыл алма, сап- сары алмұрт, шабдалы, өрік, құлпынай, таңқурай, шие, картоп, сәбіз, пияз, кияр, қызылша, қауын –қарбыз, асқабақ көп. Абзал картоп, пияз және жемістер сатып алды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет