Есте сақтаңдар!
Мекен үстеулер қайда? қайдан? сұрақтарына жауап береді. Қимылдың мекенін, өткен, өтетін орнын білдіреді. Мысалы: ілгері, төмен, жоғары, артта, алда, алға және т.б.
|
3- тапсырма.Төмендегі сөздерді кестеге орналастырыңдар.
-
Сырт киім
|
Бас киім
|
Аяқ киім
|
|
|
|
Етік, көйлек, орамал, свитер, белдемше, сөмке, тымақ, күртке, пальто, шалбар, туфли, жейде, бәтеңке, бөрік, құлақшын, биалай, қалпақ, камзол, сәукеле, шапан, камзол, мәсі.
4 - тапсырма. Үлгі бойынша сатушымен сөйлесіңдер. Не сатып аласыңдар соны анықтаңдар.
І
-Кешіріңіз мынаның бағасы қанша?
-Бір мың теңге.
-Бұдан гөрі үлкені бар ма екен?
-Бар мінекей, бұл қымбатырақ.
ІІ
-Кешіріңіз, мыналардың қышқылдауы бар ма?
-Иә, бар.
-Маған үш килограмм өлшеп беріңізші.
ІІІ
-Мына заттың сапасы қандай?
-Өте жақсы, бұған сұраныс көп.
-Ендеше, маған екеуін беріңіз.
-Жақсы
5 сабақ
Кітап дүкенінде
1- тапсырма.Сұхбатты жалғастырып әңгімелесіңдер.
-
Сәлем, Айдар!
-
Сәлем, Ардақ! Халің қалай?
-
Рахмет, халім жақсы.
-
Сен география пәніне арналған атлас картасын алдың ба?
-
Жоқ, мен әлі сатып алған жоқпын.
-
Онда кітап дүкеніне бірге барып, сатып алайық.
-
Жақсы, жақын маңда кітап дүкені бар ма?
-
Иә, бар. Ермеков көшесінде.
-
Онда, кеттік!
-
...
2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндаңдар.