БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖАҢАРТУДЫҢ
БАСЫМДЫҚТАРЫ
Соңғы уақытта табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай
қажет деген пікірді қолдайтындар көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап,
алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді
дәл осылай қолдану оқушыларға соңғы кезде ХХІ ғасыр дағдылары деп аталып жүрген кең
ауқымды құзыреттіліктерді меңгеруге мүмкіндік береді.
ХХІ ғасыр дағдылары деген ұғымның бірнеше анықтамасы бар. Мұғалімдердің біліктілігін
арттыру бағдарламалары аясында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ)
әзірлеген Құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасының шеңберінде жасалған құрылым пай
-
даланылады. Бұл ретте құзырет «жай ғана білім мен дағдыдан анағұрлым күрделі. Ол белгілі
бір жағдайларда психологиялық ресурстарды (оның ішінде дағдылар мен өмірлік ұстанымда
-
рын) жұмылдыра және соған сүйене отырып, күрделі міндеттерді шеше білу қабілетін қамти
-
ды. Мысалы, тиімді қарым-қатынас құру қабілеті жеке адамның тіл білуіне, ақпараттық техно
-
логиялар саласындағы тәжірибелік дағдыларына және оның өзгелермен қарым-қатынас жасай
алуына сүйенетін құзырет болып табылады».
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу барысында оқушылардың бойында қалыптастыру
қажет рухани құндылықтар мен дағдылар тізімі құрылды:
Достарыңызбен бөлісу: |