Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша



Pdf көрінісі
бет60/72
Дата07.02.2022
өлшемі1,55 Mb.
#85884
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72
Байланысты:
Мұғалімнің жұмыс дәптері

Валидтілік деңгейін бағалау 
Валидтілік деңгейін бағалау қарапайым техникалық рәсімдерге дейін қысқармауы 
қажет. Сондай-ақ, валидтілік абсолютті (шүбәсіз) шәкілде өлшенбеуі керек. Бағалаудың 
валидтілігі нақты оқушылар тобы үшін қабылданған нақты шешімдер мен 
қорытындыларға жатады.
Сондықтан валидтілік анықтамасы осы интерпретациялар мен шешімдерді 
растайтын дәлелдерді жинақтауды қамтиды. Мұндай дәлелдер бізді валидтіліктің жоғары, 
орта немесе төмен дәлелдеріне алып келеді. Олай болса, қандай дәлелдер 
жинақтайтынымыз біздің қандай интерпретациялар мен шешімдер қабылдайтынымызға 
байланысты болады.
Мұндай валидтілікті зерттеу кейде валидтіліктің дәлелді аргументін құрастыру 
ретінде қолданылады. Бағалау бойынша екі сарапшы, Роберт Линн мен Дэвид Миллар 
(2005) валидтілікке қатысты төрт негізгі түсінікті ұсынды. Оның үшеуі – мазмұнды 
түсінік, сындарлы түсінік және валидтіліктің негізі бөлігі болып табылатын критериалды 
өзара байланыс. Төртіншісі, жақында қосылған, дегенмен маңыздылығы бар салдарлы 
(логикалық тұрғыдан туындайтын) аспект болып табылады. 
 
Валидтілік біз бағалауды құрастырғанда немесе бағалау бағдарламалары туралы 
шешім қабылдаған кезде назарымызда болуы тиіс. Сенімді және пайдалы (жарамды) 
болып табылатын, оң әсерлерге алып келетін, оқушыларымыздың ілгерілеуін тексеруге 
мүмкіндік беретін бағалау нәтижелері барынша маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет