Бағдарламаның мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды
бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасау саласында педагогтердің кәсіби
шеберлігін арттыру.
Бағдарламаның міндеттері:
1) критериалды бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдерін зерделеу;
2) критериалды бағалау үдерісінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен
сипатын ашып көрсету;
3) бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеуді және
оларға дескрипторлар құрастыруды үйрету;
4) тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеуді және балл қою кестесін
құрастыруды үйрету;
5) критериалды бағалау құралдарына сараптама жасау дағдысын қалыптастыру.
Оқу нәтижесі:
1) мұғалімдер критериалды бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдері туралы
білімі мен түсінігін кеңейтеді;
2)
критериалды
бағалауда
қолданылатын
тапсырмалардың
типтері
мен
сипаттамаларын біледі және түсінеді;
3) бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеуді және
оларға дескрипторларды құрастыруды үйренеді;
4) тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеуді және балл қою кестесін
құрастыруды үйренеді;
5) критериалды бағалау құралдарына сараптама жасау дағдысын қалыптастырады.
Біліктілікті арттыру барысында түрлі тапсырмаларды әзірлеуге, оларды көрсетудің
әртүрлі тәсілдерін қолдануға, әзірленген тапсырмаларға сараптама жасаудың педагогикалық
әдіс-тәсілдерін жетілдіруге, тест сұрақтарының дұрыс жауабы мен дистракторларды
құрастыра білуге, тапсырмалар мен тест сұрақтарының мазмұнын талдай білуге және пән
бойынша бағалауға арналған тапсырманы дұрыс таңдай білуге назар аударылады.
|