Қазақ тіліндегі діни лексиканың танымдық мәні Тақырыптың өзектілігі


Д.Исабеков шығапмасындағы діни лексика



бет4/4
Дата13.01.2022
өлшемі24,8 Kb.
#111476
1   2   3   4
Байланысты:
Зерттеу жұмысы

3.Д.Исабеков шығапмасындағы діни лексика

Жалпы тіл мен дін – халық танымында бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Діни лексика – қазақ тілінің ажырамас құрамдас бөлігі. Д. Исабеков шығармаларында араб-парсы лексикалық қабатына жататын Алла, Құдай, шайтан, ораза, азан, ауызашар, әзірейіл, періште, молда, намаз, әумин, құран, иман, мола, әруақ, айт, бісміллә, дұға, құптан, жайнамаз сияқты діни ұғымдар кейіпкерлер тілінде кең көрініс тауып отырады. Оқырман бұдан кейіпкердің наным-сенімін, дінге деген көзқарасын аңғарады. Мұндай атаулардың семантикалық сипаты лингвистикалық тұрғыдан гөрі философиялық мәнге ие болады. Жазушының «Ақырамаштан наурызға дейін» әңгімесінде Кемпірбай ақсақалға Киевте оқып жүрген баласының «ауызашар» рәсіміне деп салып жіберген сәлемдемесінің уақытында жеткізілмеуі ақсақал мен ауыл пошташысының арасындағы кішігірім дауға себеп болады. Шығармада «ораза айы», «ауызашар» секілді ұғымдардың қолданылуы және шығарма оқиғасының дәл осы діни жоралғыдан басталуы халық дүниетанымындағы ислам дінінің мән-маңызын ашып көрсеткендей. Осы сияқты діни ұғымдар «Тіршілік» повесінде де жиі ұшырасып отырады. Автор кейіпкер бейнесін шынайы сомдауда, оның эмоциясын дәл жеткізуде «Құдай-ау!», «Астапыралла!», «О тоба!», т.б. сөз оралымдарын орынды қолданып отырған. Мысалы, «Қолына не түсер екен, құдай-ай!...», «Құдай-ау, не дейді мынау, не боп кеткен дүние». Тағы бір айта кетерлік жайт, бұл детальдардан жазушының діни ұғымдарды пайдалануда ерекше шеберлік танытқаны және оның бұл тақырыптағы аялық білімінің молдығы да айқын аңғарылады. Бұл сөзімізге мына сөйлемдердегі авторлық теңеулер дәлел бола алады: «Қыжымкүлдің жасы он алтыға толған соң-ақ Меккеге ағылған мұсылмандардай айттырып келушілер қыз әкесінің миын сасытты», «Ораза, намаз  тоқтықта» дегендей, басына бәле тумаған мәмірежай шақта далаға шығудан жүрексініп шөптің басы оқыс сыбдыр етсе, үйге кеп суық су ұрттайтын үркек те нәзік қыз ауылдан төрт-бес шақырымдай меңіреу далада қорқыныш дегенді мүлдем ұмытып, бағыт- бағдарсыз бет алды қаңғи берді» («Тіршілік») [116, 336 б.].

Әрбір күнге, әрбір іске құдайға алғыс білдіру әрбір адамның міндеті ғой. Сол міндетті сезіне білген қазақтың кейпін жазушы Д. Исабеков те шығармаларында кейіпкерлері арқылы керемет таныта білген. Келесі мәтін де соған айғақ болады: «Осы кезде алыстағы үйдің есігі ашылып іштегі шам жарығымен әлдеқалай бір әйелдің есік тұтқасынан ұстап, делдиіп тұрғаны көрінді. Молдабай әлдене күткендей солай қарай еңсесін көтеріп қадала қалды.

 Қайнаға-ау, қайнаға,  деп айғай салды әлгі әйел.

 Уа, не мен мұндамын,  деп Молдабай орнынан ұшып тұрып, солай қарай жүрді. Қасындағы Қарекеңді ұмытып кеткен секілді.

 Қайнаға, сүйінші, сүйінші. Немерелі болдыңыз, ұл, ұл!  деп оның алдынан ентіге шықты.

 О жасаған, шүкір, шүкір мұныңа. Қатшайым, сүйіншіңе ана көгендегі бір тоқтыны ал, ол аз болса өзіңе тағы бір көйлек...

Қарекең сол орнында қимылсыз қатты да қалды. «Қайнаға немерелі болдыңыз»  дегенді естіген кезде, оның буын-буыны қалтырап, денесінен дәрмен кете бастады. «Немере дейді! Құдай-ау немере дейді. Келінжан босанған ба? О тоба, о жасаған» [93, 34 б.]. Бұл мәтін  тұнып тұрған



халықтық таным, қазақи болмыс. Қазақ қиындыққа тап болса немесе қуанышқа бөленсе, Жаратушыға алғысын білдіретіні белгілі. Оған жоғарыдағы үзінділер дәлел. Себебі кейіпкер аузына жазушы шынайы өмірге қатысты тілдік бірліктерді салады.

1 Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І-бөлім – Алматы: Қазақ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет