Қазақ тіліндегі діни лексиканың танымдық мәні Тақырыптың өзектілігі



бет2/4
Дата13.01.2022
өлшемі24,8 Kb.
#111476
1   2   3   4
Байланысты:
Зерттеу жұмысы

КІРІСПЕ

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I бөлім. Діни лексиканың шығу тарихы

II бөлім. Ақындар шығармашылығындағы діни лексика

1.А.Құнанбайұлы

2.Ш.Құдайбердіұлы

3.М.Ж.Көпеев

Ш бөлім.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ



 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

1.
Тіл мен дін егіз ұғымдар. Діни лексика қазақ тілінен тыс өмір сүрмек 

емес. Діни лексика қазақ тілінің сөздік қорының бөлінбес құрамдас бөлігі 

болып табылады. Қазақ тіліндегі діни лексикалар этномәдениетке дендеп енгені 

соншалықты  оларды қазақ тұрмысынан бөліп қарастырудың өзі әбестік болар 

еді. Қазақ мәдениетін ислам дінінсіз көзге елестетудің өзі қиын. Араб жазуы 

қазақ мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосты. 



Адамның рухани болмысының қалыптасуында тіл мен діннің маңызы зор екендігі белгілі. Рухани мәдениет адамдардың қоршаған дүниеге көзқарасы, діни танымы, наным-сенімі, мінез-құлқы, қабілеті, т.б. ұғымдар арқылы танылады. Осы орайда қоғамымыздағы діннің алатын орнын баса айта отырып, діни лексиканы жан-жақты зерттеу тың бастамаларға жол ашады деуімізге әбден болады. Демек, діни лексиканы зерттеу – дінді зерттеу емес, ол тіл арқылы халықтың ертедегі рухани байлығын жан-жақты қарастыру, байымдау болып табылады. Діни лексикамыздан орын алатын ислам әлеміне тән көптеген сөздер мен ұғымдар өлім-жітім жағдайында қолданылып отырады.


Жалпы діни дискурстың пайда болуына және жеке функционалды стиль болып қалыптасуына қоғамдағы өзгерістер тура әсерін тигізеді. Тарихты еске алатын болсақ, Қазан төнкерісінен кейін дін тақырыбына табу қойылып, кеңес дәуірінде аттеисттік идеология кеңінен насихатталған, соның нәтижесінде қоғам мүшелерінің дінге көз қарастары теріс болып, оны социалістік болмысқа қарама-қарсы келетін ақиқат ретінде танылатын қағида (догма) деп қабылдаған. Кейін, кеңес дәуірі аяқталып, одақтас республикалар егемендікке ие болып, жеке мемлекет болып қалыптасуымен бірге ұмыт болған жалпы адамзат рухани құндылықтары қайта оралуы басталды. XX ғасырдың соңында орын алған посткеңестік кезеңдегі қоғамдық-саяси және мәдени өзгерістер қоғамдық сананың сапалы өзгеруіне әкеледі, сол посткеңестік кеңістіктегі мәдени-тарихи парадигмаларының ауысуы діндік сананың, сонымен байланысты ерекше дүниетанымның қалыптасуына, ықпалын тигізді. Ал тіл – қоғамдық құбылыс болғандықтан қоғамдағы өзгерістердің барлығына әрекет етеді. Сондықтан тілдің перифериясына қолданбағандылықтан шығып кеткен, дінге байланысты лексика қайта орала бастайды. Орыс тілінде дінге байланысты лексиканы шіркеуславян тілінен христиан дінін қабылдаумен бірге ауысқан сөздер құраса, қазақ тілінде – ол көбінесе араб тілінен, ислам дінімен бірге келген сөздер. Дінге байланысты лексемалардың кеңінен қолданылу динамикасы қоғамның дінге аса көңіл бөлуін дәлелдейді.
Соңғы жалдардағы тіл мәселелерін зерттеуде осы тілге қайта оралған лексикаға көп көңіл бөлініп жатыр.

Қайта оралған сөздердің тематикалық топтарының ішінде ең үлкені – ол дін лексикасы. Қазіргі кезеңде аталмыш лексика кең қолданысқа ие, ол, әрине, қоғам мүшелерінің дінге деген көзқарастарын білдіреді және жаңа уақыттың мәдени реалияларына сәйкес лексика болып қабылданады. Басқа қайта оралған сөздермен салыстырғанда дін тақырыптағы белсенді қолданыстағы сөздер семантикалық өзгерістерге ұшыраған жоқ. Кеңестік өкімет орнатылған жылдарда бұл сөздер адамдардың тілдік санасынан шығып, лексикалық жүйенің перифериясына жылжытылған. Сондықтан қазіргі таңда осы сөздерді анықтап, діндік ұғымдар мен терминдердің мағынасын түсіндіретін арнайы сөздіктер, энциклопедиялар құру қажеттілігі пісіп жетті. Осы орайда Г.Н.Скляревскаяның «Словарь православной церковной культуры» атты сөздігі шіркеу реалийлерді толығымен ашып түсіндіреді. Аталмыш сөздіктің ең басты мәселесі - діншілдікке жаңа көзқарасты қалыптастыру және қоғамның рухани өмірін белгілейтін лексиканы қалпына келтіру. Осы көлемді, мәдениеттану жағынан маңызы зор лексикалық разрядтың лексикографиялық сипаттамасы мен лингвистикалық талдауынан басқа сөздік сол сөзге қатысты әртүрлі мәліметтерді, яғни энциклопедиялық көрсеткіштерді береді. Кеңес дәуіріндегі сөздіктерде сөздің толық дефинициясы берілмей ғана қалмай, сонымен қатар осындай сөздердің актуалды емес, олардың қолдану аясы шектеулі екендігі көрсетіліп өтетін. Бұл сол кеңес дәуіріндегі атеизмді насихаттау, діндік лексиканы қолдануға табу, яғни тыйым салынуымен түсіндіріледі. 

2.1

Абай тілінің негізі қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен ауызша әдеби тілі болғандықтан, оның лексика-фразеолия қазынасы тегі жағынан, ең алдымен, қазақтың төл сөздерінен, одан соң шағын мөлшерде араб-парсы және орыс сөздері қабатынан құралады. 

Абай тілі лирикасының келесі қабаттары - араб және парсы сөздері. Бұрыннан қазақтың жалпы халықтық тілінде қалыптасқан шығыс сөздерін Абай жатсынбай, еркін қолданады. Олар дінге, оқу-ағартуға, өнер-білімге, әкімшілікке, сауда-саттыққа т. б. қатысты болып келеді. Араб-парсы сөздерінің басым көпшілігін, жалпы халықтық тілдегі сияқты, Абайда да дерексіз ұғым атаулары құрайды (ар, абырой, мейір, нала, парыз, қаһар, қиял, қудірет, дәурен т. б.). Абай тілі лирикасының бір ерекшелігі - мұнда қазақ тіліне енбеген араб-парсы сөздерінің де қолданылғандығы. Олар, негізінен, Абайдың қарасөздерінде, онда да барлығында емес, тақырыбына қарай белгілі біреулерінде ғана шоғырланған. Ол шығармалар жүрегінің қуаты перзентлеріне арналған атақты Отыз сегізінші сөзі мен қазақ оқырмандарына иман деген - алла табарақа уатағаланың... жарлығы- на... мойын сұнып, инанмақ» екенін баяндаған 13-сөзі. Бұларда философия мен моральға қатысты ой-пікірін айтуда автор осы салалардағы ұғымдардың араб тілінде қалыптасқан атауларын қазақшаламай, сол күйінде пайдаланды. Мысалы, саниғ (өндіруші, жасаушы), салахият (жарамдылық), сәмиғ (тыңдаушы), тахмин (болжау, бағалау), хасил (нәтиже) т. б. Тіпті кейде арабша тұтас тіркестерді қолданады (иман тақлиди, жәлиб мәнфағат, уәфқи музаррат т. б.). Бұл қолданыстар стильдік мақсатты көздеген. Шығыс сөздерін пайдалануда Абай ұстаған бір бағыт - сол кезде айтылуы мен жазылуы жағынан қалыптасып болмаған сөздер қатарының әрқайсысына дербес мағына төлу әдісі. Мысалы, Абай ғашық - асық, ғаділет - әділет, харекет - әрекет, хакім - әкім, қайла - айла сияқты жарыспалы варианттардың әрбір сыңарын жеке-жеке мағынада жұмсайды. Олар өлең техникасының талабын да (Мысалы, «Сорлы асық сағынса да, сарғайса да» деген жолда ғашық сыңарын қолданса, өлеңнің буын саны тура келмес еді), мағына саралау мақсатын да («Ғаділетті жүректің әділетін бұзыппын»; «Қылыпжүрген өнері әрекеті - харекет»), стильдік мақсаттарды да(Мысалы, Отыз сегізіншісөзіндеараб сөздерінтөл нүсқада жазу: ғадалат, сифат, раст, хисап, харіф т. б.) етейді. Сөйтіп Абай шығыс сөздерін қазақ Лирикасын байытатын бірден-бір жалғыз және ең басты көз деп есептемеседе, қазақ әдебитінің лексикалық нормасында бұрыннан еніп, қалыптасқан араб-парсы сөздерінің мол қорының болуын құптаған, олардың қолданысын құбылтып, поэтик тіл айналымын қатыстыру, мағыналарын не тарылтып, терминге айналдыру (Мысалы, насихат, хат, кедей сөздері) не кеңітіп, полисемияға - көп мағыналы сөзге айналдыру (Мысалы, өнер, қызмет, ғылым, харекет, сипат сөздері), олардан синонимдік қатар түзіп, семантикалық үстеме реңктер беру (харекет, әрекет, ғашық-асық, ғаділет - әділет, заман - замана) стильдік мақсатта қолдану принциптерін ұстаған. Абайдың араб-парсы сөздерін пайдалануында түркілік жазба әдеби дәстүрдің әсері де жоқ емес. Мысалы, бір қыдыру жиі қолданылып, өлең текстеріне де енген хикмет, ғибрат, сухбат, Һәмише сияқты сөздерді немесе 38-, 13-сөздерінде халық тіліне енбеген араб сөздерін, кейде тіпті тұтас тіркестерді молынан келтіруі тұркілік (шағатайлық) нормаға үндеседі. Бұл Абайдың кітаби тіл дәстүріне қүбыжық ретінде емес, белгілі бір стильдік қүрал ретінде қарағанын танытады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет