ТӘРБИЕ САҒАТЫ"АБАЙ ДАНА-АБАЙ-ДАРА ҚАЗАҚТА"
Тақырыбы: Абай - дана, Абай – дара қазақта.
Мақсаты: Оқушыларға Абай өлеңдерін және қара сөздерін меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру. Халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: суреттер, көрнекіліктер, маркерлер
Барысы:
«Желсіз түнде жарық ай» бейнежазбасын тамашалау.
-Балалар, бейнежазбадан не көрдіңдер?
-Ән қалай аталады?
-Бұл әнді кім жазды?
-Дұрыс айтасыңдар. Бұл ән Абай атамыздың әні.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Абай – дана, Абай – дара қазақта»
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы, - деп ақын Жұмағазы Алмабаев жырлаған Абай кім?
Аружан :Абай ата қазағымның тірегі
Халқымыздың соғып тұрған жүрегі.
Төгетұғын сәулесі мен шуағын,
Маңдайдағы жарқыраған күн еді.
Өтіп кеттің өмірден,қалды үнің,
Сен өлгенмен,мәңгі өлмес өлеңің бар.
Ұғындырған осынау жас қадірін,
Ұрпағыңа қалдырған өсиетің,
Танытқандай қазақтың қасиетін.
«Жас жүрек соғар Абай» деп,
Ұрпағың тұр алдыңда бас иетін.
Абай – туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын.
Мұғалім: «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» дегендей, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз Абай атамыздың жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін өнегелі де асыл сөздеріне, даналық ойларына және өмірдерегіне шолу жасаймыз.
Айдос:Абай Құнанбаев- қазақ халқының кемеңгері. Дана ақын – Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы – Ұлжан, әжесі – Зере.
Альбина: Жүрегім шырақ етіп жандырған кім,
Жырымен жан сусынын қандырған кім.
Өзіне -өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім.Абай өзінің өлеңдерін таза халық тілінде жазды. Өлеңге басқа тілдерден орынсыз сөздер енгізуге қарсы болды. Абайдың күйлері бар. Абай ата – ақын, жазушы, философ, сазгер, аудармашы, данышпан, көсем, табиғат жыршысы, табиғат досы, қамқоршысы, суретшісі. Абай әндерін бала да,үлкен де, жеке дауыста да, трио, квартет те, хормен де сүйіп орындайды.
Алтынай: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең,менше сүй.
Мұғалім: Абай атамыз орыс халқының классик ақындарының шығармаларын аударған.Пушкиннен «Татьянаның әні», «Қараңғы түнде тау қалғып» Лермонтовтан аударған, ол неміс халқының классигі Гетеден аударған.
Сондай – ақ, Абай атамыздың 45 қара сөздері бар. Абай ата 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық, ойшылдық және көбінесе адамгершілікке өсиет, толғауға арналған .
Жастайынан халық жағына шығып,олардың зар, мұңын ұға білген Абай қазақ халқының болашағы үшін күресті. Ел арасындағы дау-жанжалдардың әділ жолын көрсетіп, адам бойында кездесетін жаман мінез – құлықтарды ақыл, парасаттылығымен шеше білген.
«Өшес мұралар» кітаптар көрмесі. Абай мұрасымен , ақынға арналған жазушылардың еңбектерімен таныстыру.
Мұғалім: Міне,балалар бүгін Абай атамыз жөнінде біраз мағлұмат алдық деп ойлаймын.Абай атамыз туралы кино бар.Онда Абайдың ролін Болат Әбдіманов ағамыз ойнайды. «Абай» атындағы опера-театры,Абай атындағы көшелер,музейлер,Абай ескерткіші,жоғарғы оқу орындары,мектептер,қала аттары бар. Бұл дегеніміз халқымыздың Абай еңбегін бағалап,мәңгі есте сақтайтындығымыздың куәсі.
Енді сабағымызды қортындылайық.
«Абай ата сөзі» кестесін толтыру. «5 дұшпан мен 5 асыл істі» жазу.
«Пікірлер ағашын» жазу.
Қазіргі ақындар Абай мектебінен өткен. Абай салып кеткен ізбен келеді. Оның дәлелі мінекей, бүгін Абай өміріне шолу жасадық.
Қорытынды: Абай жолы – халық жолы. Абай атамыз қашанда келешектің өлмес, өшпес күн шуағы. Әрқашанда жас жүрегіміз соғар Абай- деп ойлаймын. Сабағымызды Елбасымыздың мына сөзімен аяқтағым келіп отыр.
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»
Достарыңызбен бөлісу: |