Сонымен ақынның бірінші қара сөзінен бастайық. Мысалы, бірінші қара сөзінде Абай жазуға қалай кіріскені туралы сөйлейді. Мұнда өмірбаяндық дерек бар және өзінің жалпы шығармалық еңбегіне қатысты ойлы түсінік береді. Бірақ кейін осы тақырыпқа өзге қарасөздерінде оралмайды. Бірінші қарасөзі алда айтатын қара сөздерінің «әлқиссасы» іспетті.
Жер ортасы жасқа (45-55 жас арасы) келгенше сүрген өмірін айта кетіп, алда не істеп, не жазатыны туралы айтады. «Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» - деп ойланады. Ойлана келе өз ойларын қара қаламмен ақ парақ бетіне төгілте жазуға шешім қабылдайды. Ел, мал, ғылым, софылық пен бала бағуды ой елегінен өткізіп, ойына келген нәрселерді қағаз бетіне түсіруді жөн деп шешеді.
2 қара сөз
Абайдың екінші қара сөзі
Абайдың екінші қара сөзі халық туралы. Әр түрлі халықтар туралы. Бұл жерде айтылатыны "Қазақ қана тәуір ел екен ғой" деген сөз. Содан біраз уақыттан соң Абай атамыздың көзі жетеді. Өзінің сасық орыс , ноғай ноқай деп жүргені , қазақтардан мықты әрі , еңбекқор екендігін. Ал қазақтар не істепті , деген сұрақты өзіне қояды.
Бұл қара сөзден түсінетініміз қазақ елінің жалқаулығы. Біз жалқаулығымызды жеңе білуіміз керек. Себебі бүкіл ел бізді жалқау қазақ деп тануы мүмкін ғой...
3
белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.
Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге егін, сауда, өнер, ғылым – солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. Әрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса екен дейді. Ол мал көбейсе, малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ. Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы өткендік, байлық қызметінен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. Ол қыстауынан айырылған және біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек – әр қазақтың ойы осы.
4
Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кәніш болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт!
Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де – бір антұрғандық. Және әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі – ол өзі де қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл.
5
БЕСІНШІ СӨЗ. Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады.
6
Бірлік ағайын арасындағы малға, шаруаға қарап қана бірлік бола ма? ондай бірліктен пайда жоқ, болса да, ол - әркімнің өз басын ойлағандағы пайдасы. Ал ырыс алды тірлік болса, әркім де настанып, наданданып кетер еді, себебі тірлігі түзу болғанмен, ырысы жоқ. Тірлік артынан ырыс іздеп жүріп, Құдайдың жолынан тайып, арам қатарсың.
7
7 қара сөздің негізгі идеясы адам баласының туыла берілетін және жүре пайда болатын мінездері. Яғни бала туылғанда я жеп ішіп, жай өмір сүру үшін, я білім ғылымға ұмтылып, жаңаға бейім келеді.
Басқалардың айтқанына сенбей, көңіл қошымыз болмаса да ақылды жанның айтқан сөзін зер сала тыңдап, жадымызда сақтаймыз.
8
Өлеңдегі ой да, қара сөздегі ой да бір мақсатты.
Адам өміріне, қоғамға адамдық, ақыл, ғылым, білім секілді қасиеттердің берерін байлар бойына сіңіру үшін оқып, тоқып жатпайды. Өйткені байлар әлгілерді байлығымен сатып алады дейді.
Абай сөзін шындыққа шығарар бұ заманда мысалдары да жеткілікті.
Баста білімі болмаса да, сатып алған дипломы бар. О да өзін инженермін дей алады. Жүргізушінің куәлігі бар, бірақ машина жайын ұқпайды. Ел құрметі жоқ болса мейлі, сатып алған «құрметті азамат» атағы бар. Ел басқара алмаса несі бар, жауап берер орынбасары бар.
Абай кейіпкерлерінде ақылды кім үйренбейді, насихатты кім тыңдамайды? Алғашқылары болып болыс пен би аттары аталыпты. Солардың соңына ұры-залым мен сұм-сұрқия тіркеліпті.
«Қой жүнді қоңыршалар күнін көре алмай жүр. Білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ» деп назырқайды.
9
Абайдың тоғызыншы қара сөзінде, өзінің қазақ екенін, бірақта сол қазақты жақсы көретіндігін, не жек көретіндігін білмегенін жазған. Жақсы көрсем жақтар едім және жақсы нәрселерін көрер едім, ал жек көрсем араласпай, сөйлеспей “не қылды? не болды?” демей жата берер едім, яки Қазақтардың ортасынан көшіп кетер едім деген.
Өзінің тірі бола тұра, ішінің өліп қалғанын айтқан. ( Менің ойымша, Қазақты түзетуге, яки көмек беруге қауқары н/е күші деймін бе, билігі дейін бе жетпеген сияқты. )
Өзінің қайратты күнінде, қазақты тастап кетпек түгіл, жақсы көріп, үміттеніпті. Әбден Қазақтан күдерін үзіп, өзге жаққа кеткісі келгенде, әлі қашып, қауқары сөніп қалған екен.
10
10 қара сөз
Адамдар Алла Тағаладан артынан қалар ұрпақ тілейді. Себебі ұрпағым жалғассын, ізімді бассын, артымнан қалған дүниеге ие болсын және бақилық болған кезде құран оқып еске алып отырсын деп. Балаң жақсы болса - асылың, жаман болса - күйігің болады. Сол себепті тәрбиені өзіңнен баста. Егер өзіңнің жасаған игі істерің көп болса балаң түгілі кез келген адам сен үшін құран бағыштайды. Жасағаның тек жаманшылық болса балаңның оқыған құранының да саған пайдасы болмайды. Тірі кезінде өзің кәсіп қылмаған істі, өлген соң балаң кәсіп қылуы екіталай.
Қартайған кезде балам асырасын дейсің, бірақ сол қартаюға жете аласың ба? Балаң мейірімді болып, қартайған кезіңде асырай алса. Мал-мүлкің болса кез келген адам асырайды. Алладан сұрап алған балаң мал табарлық болары, мал шашарлық болары - ол да екі талай. Балаңа құрғақ уәде берме. Жастайынан өтірік айтуды үйретпе. Ешкімнің ала жібін аттамауға үйрет. Балаңа ешкімді жамандама.
Алла тағаладан дүние-мүлік, мал сұрасаң береді, бірақ Алла Тағала күш беріп тұрған кезде, неге өзің еңбек етіп таппасқа. Білім ізде, себебі Алла Тағала соны ұғарлық ақыл берді. Біреуді қорқытып, біреуден жалынып, біреуден алдап алғанша өз еңбегінмен тап.
Бай-дәулетті өмір сүргің келсе, ең әуелі - ғылым ізде. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Білімді болсаң алар асуың биік болады. Ешқашан мақтанба!!!
11
11-қара сөз:
Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі - ұрлық, ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып, тағы да байимын деп жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып пайдаланам деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші - бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең кеп боласың, бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп, ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр. Кім азса, мен соған керек боламын деп, к...н қыздырып алып, өзін бір ғана азық қылайын деп жүр.
Ұлықтар пәлі-пәлі, бұл табылған ақыл деп, мен сені бүйтіп сүйеймін деп, ананы жеп, сені бүйтіп сүйеймін деп, мынаны жеп жүр. Қара халық менің сонша үйім бар, сонша ауыл-аймағыммен сойылыңды соғайын, дауыңды айтайын деп, қай көп бергенге партиялас боламын деп, құдайға жазып, жатпай-тұрмай салып жүріп басын, ауылын, қатын-баласын сатып жүр. Осы бір ұры, бұзақы жоғалса, жұртқа ой да түсер еді, шаруа да қылар еді. Бай барын бағып, кедей жоғын іздеп, ел секілденіп талапқа, тілеуге кірісер еді. Енді жұрттың бәрі осы екі бүлік іске ортақ, мұны кім түзейді? Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме? Ұрыны тыю да оңай болар еді, бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын, азатұғын байларды кім тыяды?
Мағынасы:
Яғни бұл қара сөзде ұрлықшылар мен бұзақылар туралы айтылған.Жəне осы қара сөз:Ұрлықпен Бұзақылықпен байымайсыз нан тапайсыз-осылай айтқандай."Ұрлық түбі Қорлық"-дегендей əрі ұрлықтың беті ашылады.
12
12 қара сөз
Кімде-кім жақсы-жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Ләкин, сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Әуелі - иманның иғтиқатын махкамлемек керек, екінші - үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене берсе керек. Кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды. Уа-ләкин, кімде-кім иманның неше нәрсе бірлән кәмәләт табатұғынын білмей, қанша жерден бұзылатұғынын білмей, басына шалма орап, бірәдар атын көтеріп, оразашыл, намазшыл болып жүрген көңілге қалың бермей тұрып, жыртысын салғанға ұқсайды. Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласыменен өзін-өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды.
13 қара сөз
Иман деген - алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ. Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі - не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел - испат қыларға жараса, мұны якини иман десе керек. Екіншісі - кітаптан оқу бірлән яки молдалардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалық берік боларға керек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып, көңілі қозғалмастай берік болу керек. Бұл иманды иман таклиди дейміз.
Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен. Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, таклиди иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті шын деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Құдай тағала өзі сақтасын. Әрнешік білмек керек, жоғарғы жазылмыш екі түрліден басқа иман жоқ. Иманға қарсы келерлік орында ешбір пенде құдай тағала кеңшілігімен кешеді дағы демесін, оның үшін құдай тағаланың ғафуына яки пайғамбарымыздың шафағатына да сыймайды, мүмкін де емес. «Қылыш үстінде серт жоқ» деген, «құдай тағаланың кешпес күнәсі жоқ» деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрысын.
14 қара сөз
Абайдың 14-қара сөзінде жүрек тек адамның өмір сүруін қамтамасыз етіп қана қоймай, адамдың рақымдылық, мейірімділік , жақсылық жасауы, аяушылық танытуы да осы жүректің әсерінен болатынын түсіну
15
Абайдың он бесінші сөзі
Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.
Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен.
Достарыңызбен бөлісу: |