51
формасы. Адам көңілінің табиғаты
қуаныш, қайғы, сабырлылық
өлшемдері арқылы таразыланады. Олардың барлығы тілде көрініс
табады. Қазақ тілінде
көңілдің түрлі күйін сипаттайтын
көңілдің
көншуі, көңілге алу, көңілінен шығу, көңілін қалдырмау, көңілге
қону, көңілі орнына түсу
сияқты ұғымдар қалыптасқан.
Көңілдің көншуі
–
адамның ой, тілегінің, ниетінің орындалуына
орай қалыптасатын мамыражай күй.
Көңілге алу –
айтылған сөзге немесе істелген әрекетке
разы болма
-
ғандығын, ренжігендігін білдіретін адамның ішкі күйі
Көңілінен шығу
–
басқа адамның тілегін, ниетін түсініп, оның
ойынан шыққан кездегі адамның күйі. Басқа адамның ниетін
айтқызбай түсіне білу, оның көңілінен шығу сезімталдық қасиетпен
тығыз байланысты.
Көңілін қалдырмау –
адамның өзіне ыңғайлы болу
-
болмауына
қарамастан
басқа адамның көңіл
-
күйіне сай әрекет жасау. Біреудің
көңіліне қарау, оның көңілінен шығуға тырысу, басқа адамның көңілін
жараламау –
қазақ этикасының түп қазығы болып табылады. Қазақ
халқының кісі көңілін қалдырмауға тырысып, бар жанын салатын
табиғи мінезі бірде бағаланса, бірде зиянын да тигізіп жатады.
Көңілге қону
–
адамның өзі қалайтын іспен айналысқандағы
немесе өзіне ұнайтын, жағымды сөзді естігендегі күйі. Белгілі бір істің,
ойдың адамға ұнауы.
Достарыңызбен бөлісу: