Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет2/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

 ISB
N
 978-601-247-206-6 
Иманалиева Ғ.Қ, 2011
 
Әл
-
Фараби атындағы ҚазҰУ 
 



АЛҒЫ СӨЗ
 
 
 
 
 
 
 
 
Тіл білімінің бүгінгі даму деңгейі тұрғысынан саралағанда адам 
факторының тілдегі көрінісі, яғни тілдік тұлғасы 
деген мәселелер өте 
өзекті. Тілдің коммуникативтік және танымдық қызметтерін оның 
сезім білдірушілік қызметімен диалектикалық бірлікте қарастырғанда

тілдің жалпы құрал ретіндегі қызметінің мәні жан
-
жақты ашыла 
түседі. Тіл адамзатқа қызмет ететіндіктен адамның дүниетанымы, 
түрлі сезімдік күйі, көркемдік әлемі, ұлттық болмысы т.б. тілден өз 
көрінісін табады. Адам қоғамда биологиялық, әлеуметтік, қоғамдық, 
тарихи, мәдени тұлға ретінде өмір сүреді, өзінің органикалық, рухани, 
әлеуметтік т.б. да қажеттіліктерін қанағаттандыруға талпынады. Сол 
қажеттіліктерінің қанағаттандырылу, қанағаттандырылмауына байла
-
нысты түрлі сезімдік күй туады. Яғни адам түрлі эмоциялық күйді 
бастан кешіреді. Сыртқы дүние адам миында түйсік, қабылдау, сезіну, 
елестету арқылы бейнеленеді.
Адам өзін қоршаған ортадағы түрлі 
құбылыстардың жақсысына қуанады, сүйсінеді, шаттанады

жаманы
-
нан жиренеді, күйінеді, ашуланады, мұңаяды, қайғырады. Бұлардың 
барлығы адамның қайғы, қуаныш, сағыныш, күйініш, шаттық, 
жиреніш, ашу сияқты түрлі эмоциялары болып табылады.
 
Эмоция 
адамның тіршілік жағдайында түрлі іс
-
әрекетке, қарым
-
қатынас пен 
құбылысқа қанағаттануы немесе қанағаттанбауына байланысты туа
-
тын психологиялық күй.
Адам өзін қоршаған ортадағы түрлі іс
-
әрекетке, өзіне немесе өзгеге деген қарым
-
қатынасқа т.б. жағдайларға, 
құбылыстарға қанағаттанған кезде жағымды, ал қанағаттанбаған кезде 
жағымсыз эмоция туады. Эмоцияның тіл арқылы бейнеленуі, тілдік 
құралдар арқылы берілуі әрдайым қиындық тудырады. Себебі бір 
эмоция түрлі тәсілдермен берілуі немесе бірнеше эмоция бір дыбыс
-
пен, бір сөзбен, бір қимылмен білдірілуі мүмкін. Сондай
-
ақ, эмоцияны 
білдіру мен бейнелеудің механизмін анықтау да түрлі жағдаяттарға 
байланысты қиындық тудырады. Адам эмоциясы тілден қалай көрініс 
табады, яғни ол қандай тілдік бірліктер мен тәсілдер арқылы жүзеге 
асырылады деген мәселе зерттеу жұмысында мүмкіндігінше жан
-
жақты қарастырылады. 
Тіл білімінде эмоционалдылықты білдіретін тілдік құбылыстарды 



зерттеудің өзіндік қиындықтары мен проблемалары бар. Олардың 
негізгілері: эмоция мен сезім, көңіл, көңіл күй сияқты ұғымдардың 
ара
-
жігінің ашылмауы; эмоционалды лексиканың құрамына, оны 
жіктеуге қатысты бірауыздан мойындалған ғылыми тұжырымның 
жоқтығы; эмоцияны бейнелейтін және білдіретін тіл мәселесі; эмоцио
-
налдылық пен экспрессивтілік мәселесіне байланысты қарама
-
қайшы
-
лық, эмоционалдылық пен оған жуық экспрессивтілік, қарқындылық, 
образдылық, бағалауыштық сияқты категориялардың байланысы т.б. 
Әрине, ғылыми еңбектерде бұл мәселелердің қай
-
қайсысына қатысты 
ғалымдар көзқарасының бар екендігі, аталған мәселелер туралы жасал
-
ған тұжырымдардың да аз емес екендігі белгілі. Соған қарамастан әлі 
де дискуссияның
жалғасып келе жатқандығы, эмоцияның лингвис
-
тикалық теориясының әлі де өте өзекті екендігін көрсетеді. Бұл зерттеу 
жұмысында қазіргі қазақ тіліндегі эмоционалды құрылымдар тілдік 
тұрғыдан қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет