14
бірінің орнына айтса лұғат дәлдігіне кемшілік келтіреді», –
деп жазады
[2, 153].
Тіл көрнектілігі туралы А. Байтұрсынұлы:
«Сөздің дұрыс, таза,
анық, дәл айтылуының үстінде талғау сөздің көрнекі болуын да керек
қылады. Адамға дерексіз заттан гөрі деректі зат түсініктірек, жансыз
заттың күйінен жанды заттың күйі танысырақ. Сондықтан адам
сөйлегенде сөзі толық түсінікті болу үшін дерексіз заттарды деректі
затша, бернесіз заттарды бернелі затша сипаттайды, жансыз затты
жанды заттай ғамалдайды. ... Осы сиқты өң берілген сөздер, көрнекі
тіл делінеді», –
деп жазады [2, 154].
А. Байтұрсынұлы тіл көрнекі болуы үшін түрлі әдістердің
қолданылатындығын айта келе, ол әдістерді негізгі түріне қарай үш
тапқа бөледі: 1.
Көріктеу. 2.
Меңзеу. 3. Әсерлеу.
А. Байтұрсынұлы
атап көрсеткен үш таптың ішінен
әсерлеуге
арнайы тоқталмақпыз.
Себебі
әсерлеу
біздің пайымдауымызша қазіргі тіл біліміндегі
эмоцио
-
налдылық
-
экспрессивтілік
термині.
Экспрессивтілік термині латын тілінен аударғанда
«айқындылық»
мағынасын беретін
expressio
сөзінен қалыптасқан. Экспрессивтілік
термині қазіргі тіл білімінде сөйлеушінің сөз мазмұнына немесе
адресатқа субъективті көзқарасын беруді қамтамасыз ететін белгілі бір
тілдік бірліктердің жиынтық қасиеті мағынасында қолданылады.
Сонымен қатар, осындай тілдік бірліктер негізінде қалыптасқан
сөйлеудің немесе мәтін қасиеттерінің жиынтығы деген мағына да
береді. Экспрессивтіліктің пайда болуына эмоция мен сезімді білдіруге
және оларды қабылдауға байланысты психологиялық заңдылықтар
негіз болды.
Қазақ тілі лексикологиясында мәнерлеу «экспрессивтілік» және
«эмоционалдылық» түсініктерінің байланыстары арқылы түсіндіріледі,
А. Болғанбаевтың пікірінше, оның кейбір жағдайларда шектелуі,
қандай да бір қиындықтар туғызады [11, 178]. Ж.А. Нюсупова орыс
және қазақ тілдеріндегі мәнерлегіш құралдар турасында
жазған
мақаласында орыс тіл біліміндегі және қазақ тіл біліміндегі
экспресивті лексиканың берілуінің бірнеше түрін бөліп көрсетеді
Достарыңызбен бөлісу: