27
сияқты тіркестерді топтастырады.
Аталған тіркестердегі эмоционал
-
дық фразеологизм құрамындағы
көз жасы, ашу, араз, қуану, қайғы,
зарлау, боздау, еңіреу, егілу
сөздерінің
тірек мағынаға ие болуынан
байқалады. Бұл жөнінде: «2. Эмоционалдық фразеологиялық тіркес
құрамына еніп тұрған жекелеген лексикалық бірліктердің семанти
-
касынан
-
ақ көрініп тұрады», –
деп түйіндейді [23, 56]. Үшінші негізге
қатысты: «3. ФТ мағынасына эмоциялық бояу үстеуге фразеологизм
құрамына, тілдің эволюциялық жолмен дамып, өрбіген, соның негізі
-
нде туындаған, символдық мәнге ие сөздердің енуі де себепші болады.
Бұл
жерде нақтылай кететін фактор, сөздің жаңа мағынаға ие болуы
емес, оның белгілі бір ситуацияда немесе контексте жаңа қолданысқа
түсуі.
Әдетте нақты денотаттың қолданылу үрдісі әр халықта әр түрлі.
Мәселен, қазақ халқы адам болмысындағы қатты қиналысты
жан, қан,
жүрек
сияқты символ сөздер арқылы береді», –
деп жазады [23, 57].
Бұл жердегі автор пікірі қазақ тіліндегі
жанын жегідей жеу, жаны
көзіне көріну, жан алқымға келу; жүрегі қарс айрылу, жүрегі аузына
тығылу, жүрегі өрт (от) боп жану; қан жұту, қанына қараю
сияқты
тіркестермен дәлелденеді.
Эмоционалдылық мәселесіне қатысты орыс және қазақ тіл білімін
-
дегі жинақталған теория
кез келген эмоцияның астарында бағалауыш
-
тық сипат жататындығын дәлелдеп отыр. Сондықтан эмоционалды
-
лықтың лингвистикалық категориясы
тілдің бағалауыштық, қарқын
-
дылық, бейнелілік, экспрессивтілік сияқты категорияларымен байла
-
нысты қарастырылады. Автор эмоцияны
бейнелейтін фразеологизм
-
дердің семантикалық ерекшеліктерін синонимдік қатардағы фразеоло
-
гизм қарқындылығының басқышты (градациялы)
болып келуімен,
мағынаның қосымша реңкімен, стильдік ерекшелігімен байланыстыра
қарастырады. Автордың пікірінше эмоциялық толғанысты бейнелейтін
фразеологизмдердің қарқындылық деңгейі эмоциялық күйдің құбыл
-
малы болуын бейнелейтін фразеологизмдерге қарағанда жоғары.
Стилистика тілдік құралдардың мәнерлегіштік мүмкіндіктерін,
қолданылу заңдылықтарын қарастырады. Стилистикада тілдің барлық
деңгейіндегі құралдар жұмсалады. Көп жанрлы көркем әдебиет туын
-
дыларындағы, публицистикалық материалдардағы, әр сала бойынша
жазылып жатқан ғылыми еңбектердегі, ресми құжаттардағы,
ауызекі
сөйлеу тіліндегі тілдік құралдардың қолданылу ерекшеліктерін
зерттеудің маңызы зор. С.Б. Қоянбекованың докторлық диссертация
-
сында экспрессивтіліктің тілдік құралдар арқылы берілу мәселесі сөз
болады.
Аталған зерттеулерден қазақ тіл білімінде эмоционалдылық
мәселесін лексикалық және стилистикалық деңгейде зерттеу дәстүрге
28
айналғандығын байқауға болады. Қазақ тіл білімінде жазылған еңбек
-
терде эмоционалдылық пен экспрессивтілік негізінен бірге қарас
-
тырылып келген болса, жоғарыда аталған арнайы зерттеу жұмыстары
-
нан 2006 жылдан бергі кезеңде эмоционалдылық
пен экспрессив
-
тіліктің бөлек
-
бөлек
зерттеу нысаны ретінде алынуы, ара жігінің
айқындала бастағандығының көрінісі болса керек.
Қазақ тіл біліміндегі
эмоционалдылық мәселесі семантиканың, стилистиканың негізінде
айтылғаны болмаса, морфологиялық және синтаксистік деңгейде
арнайы зерттеу нысанына айналмаған. Эмоционалдылық мәселесін
жүйелі түрде қарастыру қазақ тіл біліміндегі
өзекті мәселелердің бірі
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: