Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет18/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

Жырда 
айтылатын
 
бүкіл уақиғалар көз алдында тіріліп елестеп жүрегі 
лүпіл қақты
 
(С. Елубаев).
А.И. Леонтьевтің пікірінше адамның 
әрқилы психикалық әрекеттерінде бір ғана процестің дараланып жеке 
кездесуі мүмкін емес. Ондай процестер бір бағытпен, арнамен өзара 
ұштасып, араласып жатады.
 
Солардың ішінен адам әрекетінде бір
-
екеуі жетекшілік қызмет атқарады. 
Эмоцияның бір адамнан екінші адамға немесе бір адамнан 
көпшілікке де берілетіндігі туралы А.И. Леонтьев
 
еңбегінде төмендегі
-
дей пікір айтылады: «Эмоций, как и чувства, воспринимаются чело
-
веком в качестве его собственных внутренних переживаний, передают
-
ся другим людям, сопереживаются
» [24, 112]
. Мысалы, 
Аяттың орта 
тұсында ахун үні бұзылып, қалтырап сала берді. 
Шал орамалымен 
көзін сүртеді. Сол
-
ақ екен, қаптап отырған қалың жұрт әйелі
еркегі бар түгел бырсылдап жылауға көшсін
 
(С. Елубаев).
 
Эмоцияға байланысты
аффект және көңіл
-
күй терминдері де қарас
-
тырылады. Аффект дегеніміз көңіл толқытатын жағдайдың нәтиже
-
сінде туындайтын эмоциялық жарылыс. Яғни, адамның еркінен тыс 
болатын, ырық бермейтін, басқаруға көне бермейтін сезім толқуы. 
Көңіл
-
күй дегеніміз ұзаққа созылатын эмоциялық қалып. Сезімге 
қарағанда эмоцияның белгілі бір нәрсеге немесе бір адамға байланыс
-
ты тууы міндетті емес, жалпы жағдайға да байланысты бола береді. 
Мәселен, 
«Мен қорқып тұрмын»,

бұл эмоцияны білдіру. Егер бір 
мәселеге байланысты жақсы я жаман болса, ол мәселені нысан деп 
атауға болады, ал сол нысанға байланысты жүретін процестер көңіл
-
күй болады.
Эмоцияға байланысты қарастырылатын ұғымдардың бірі –
стресс.
«Стесс» сөзі ағылшын тілінен аударғанда –
зорлану, қысым жасалыну
деген мағынаны білдіреді. Стрестік жағдайдың тууының көптеген 
себептері бар. Олардың ішіндегі негізгісі жиі қайталанатын жағымсыз 
эмоциялық жағдай, ұзаққа созылған жаман көңіл
-
күй. Жағымсыз 
эмоция мен жаман көңіл
-
күйдің адамның отбасындағы, жеке басын
-
дағы, жұмыс орнындағы келеңсіздіктерден туатыны белгілі. Бұлар өз 
кезегінде ағзаның сыртқы күшті тітіркендіргіштері болып табылады. 
Стресс тудырушы тітіркендіргіштер мен стрестік жағдай туралы 
психолог Ә. Алдамұратов былай деп жазады: «Мұндай тітіркендір
-
гіштердің организмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның 
денесіне, жүйке жүйесіне, психикасына да күшті әсер етіп, сезімдік
-
эмоциялық жағдайын шиленістіреді. Стрестік жағдай адамның мінез 
құлқына да күшті әсер етіп, қалыпты жағдайларды ауытқуға ұшыра
-


30 
тады, ол бей
-
берекет қимыл
-
қозғалыстар жасайды. Адамның психика
-
лық процестері –
қабылдау мен ес, зейін әдеттен тыс қателіктер 
жібереді. Адам ашушаң, қызба болады. Мұндай күй адамның күш
-
қуатын, ақыл
-
ойын қожыратып, оған теріс ықпал етеді» [25, 204]. 
Бұл жөнінде А.Р. Леонтьев: «Слишком сильные эмоции, не зави
-
симо от их валентности, являются стрессорами

утомляют организм и 
вводят его в состояние стресса.
При продолжительном воздействии это 
приводит к различным проблемам, в том числе и физиологическим
», 

деп жазады 
[24, 112]. 
«Стрестік күйді жеңу үшін адам өзінің бойындағы ерік
-
жігерін 
шыңдап, табандылық пен ұстамдылығын, өмір тәжірибесін молайтуға 
машықтануы керек» [25, 204]. Стрестік күй бұрын ғарышкер, ұшқыш
-
тардың, үлкен мекеме басшыларының басында жиі кездесетін болса, 
қазір экологияның қолайсыздығы, ғылым мен техниканың дамуы, 
жылдам, жауапты шешім қабылдайтын жағдайлардың жиілігі т.б. да 
факторлар
стрестік күйдің жиі кездесетін құбылыс болуына әкеп 
соқтырып отыр. Стрестік күй соңғы кезде жасөспірімдердің арасында 
да жиі кездеседі.
Эмоция дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының 
адамның қажеттіліктеріне сәйкес келу
-
келмеуінің, адамның органика
-
лық қажеттіліктерінің өтелу
-
өтелмеуіне байланысты туатын психика
-
лық процесс. Органикалық қажеттіліктерінің өтелуі адамда ұнамды 
сезім, көңіл
-
күй туғызса, оның өтелмеуі адамда ұнамсыз сезім мен 
көңіл күй туғызады. Осыған орай адам эмоциясы 
жағымды және 
жағымсыз
болып бөлінеді. Ұнамды көңіл
-
күй туғызатын эмоция 
жағымды, ал ұнамсыз көңіл
-
күй туғызатын эмоция жағымсыз болып 
табылады. Мысалы, бір нәрсені немесе біреуді ұнату адамды қуантып, 
сүйсінтіп, шаттандырып, шабыттандырса, бір нәрсені немесе біреуді
ұнатпау жек көрініш, ыза, ашу сияқты жағымсыз эмоция тудырады. 
Жағымды/жағымсыз эмоцияның тууы адамның ойлаған нәрсесінің 
орындалу/орындалмауына, жағдайдың ол күткендей болу/болмауына 
да байланысты.
Адамдардың көңіл
-
күйіне, тыныс
-
тіршілігіне, физиологиялық жағ
-
дайына, психикалық жағдайына әсер ету күшіне қарай эмоциялар 
күшті және әлсіз
болып бөлінеді. Адам ағзасының қызметін қоздыра
-
тын эмоция күшті болып табылады да, ал керісінше адам ағзасының 
қабілетін төмендететін эмоция әлсіз эмоция деп аталады. Қарқыны 
күшті ашу, ыза, кек, шаттық, айбаттылық, қуаныш т.б. күшті эмоцияға, 
ал қарқыны, көрінісі әлсіз сағыныш, уайым, қайғы, енжарлық, елегізу 
т.б. әлсіз эмоцияға жатады. Күшті және әлсіз эмоцияның психоло
-
гиялық сипаты жөнінде Ә. Алдамұратов былай деп жазады: «Эмоция
-


31 
лық күй адамды іс
-
әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге 
жеткізеді немесе көңіл
-
күйін жабырқатып, іс
-
әрекетін бей
-
берекетсіз
-
дікке ұшыратады» [25, 195]. Адам ағзасы қызметінің қозуы немесе 
керісінше қабілетінің, белсенділігінің төмендеуі тек эмоцияның күшті
/әлсіздігіне ғана байланысты емес екендігі, оған адамның темпара
-
менті, тәрбиесі, ерік
-
жігері, сол сәттегі психологиялық жағдайы, сол 
ситуацияның ерекшелігі, қоршаған орта т.б. да факторлардың әсер 
ететіндігі де белгілі. 
Эмоциялар сапасына қарай 
күрделі және қарапайым
болып 
бөлінеді. Күрделі эмоцияларға көңіл, аффект және құмарлық жатады. 
Көңіл –
тереңдігімен, құмарлық тұрақтылығымен, аффект күштілігі
-
мен ерекшеленеді. Аталған үш эмоциядан басқа эмоцияның барлық 
түрлері қарапайым эмоцияларға жатады. Сонымен, эмоция –
адамның 
сезім күйін және оның қысқа мерзімді айқын көрінісін көрсететін 
психикалық процесс. Адам эмоциясы оның тіршілік ортасы мен 
әлеуметтік жағдайларына байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет