Грамматикалық минимум
Барыс септік: -ға/-ге -қа/-ке
Шығыс септік: -дан/-ден -тан/-тен
Есептік сан есім.
Жіктеу есімдіктері: мен, сіз.
Жіктік жалғау
Қысқарған создер (аббревиатуры)
Лексикалық минимум
Терминдер және терминдік сөз тіркестері Номенклатуралық атаулар Жалқы есімдер Ай аттары
НЕГІЗГІ СӨЗДІК
заявление -өтініш
прошу -сұраймын
проживающий -тұратын
прилагается -тіркелген
8. Арыз.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды адамдардың аттарына хабарламалар (обращение) жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген лауазымды адам немесе мемлекеттік өкімет пен басқару органының басшысы хабарламаны дер кезінде карауға, ол жөнінде тиісті шешім қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауабын беруге міндетті.
Хабарламаның үш түрі бар: арыз, өтініш және ұсыныс. Олар мазмүны жағынан әртүрлі болъш келеді: мысалы, өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеқе қүқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама жасалады. Жеке адам өзіне берілген қүқықтарды пайдалану үшін өтініш жазады, сонымен қатар өзі жүмыс істейтін үжымдарда, мекемелерде, өзі түратын түрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған кемшіліктерді атап жазады.
Арызда - азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке қүқықтары мен мүдделерінің бүзылу фактісі туралы хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылады, хабарламаижасаушының ойынша іс-қимылы дүрыс жүргізілмейтіндіктен өзінің қүқықтары мен мүдделерін бүзып отырған мемлекеттік органдардың, мекемелердің, үйымдардың, лауазымды адамдардың атына сын айтылады.
Ұсыныс - белгілі бір мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің жүмысын жақсартуға жетілдіруге назар аударатын, осыған байланысты қойылған міндеттердің шешудің жолдары үсынылатын хабарлама түрі.
Хабарламаның барлық түрі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың кеңсесінде тіркеуден өтеді. Арнайы тіркеу карточкасы, аннотациялык парақ толтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |