Қазақ тілінен 9 – сынып оқушыларын мемлекеттік аралық бақылауға дайындауға арналған тест жинағы


Еліктеу сөзбен тұрған тіркесті көрсет



бет171/222
Дата15.05.2020
өлшемі0,73 Mb.
#68565
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   222
Байланысты:
00046d9a-8b5a48d2
1414550903295
8.Еліктеу сөзбен тұрған тіркесті көрсет.

а. Үй - үйімізге тарадық ә. Күз басталды б.Қиқаң – қиқаң етті в. Жан – жануар аз.



9.Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді анықта.

а. Уәделі ә. Қазір б. Үлкендеу в. Шөбере



10.Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді көрсет.

а. – Бұл біздің қойшы баланың әні, - деді анам. ә. – Бұл , біздің қойшы баланың әні: деді анам.

б. – Бұл біздің қойшы баланың әні , деді - анам. в. – Бұл - біздің қойшы баланың әні,- деді анам.

11.Ұяң дауыссыздан басталатын “Бес Арыстың” бірін ата.

а. Жүсіпбек ә. Мағжан б. Бейімбет в. Ғабит



12.Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді ата.

а. Сен одан қорық /па/ ә. Жабырқа /ма/, сабыр ет б. Сен асық /па/ в. Күн бұлттанып тұр /ма/



13.Күрделі үстеуді көрсет.

а. Қазір ә. Тез б. Бұрын в. Ендігәрі



14.Синоним қатарды анықта.

а. Байсалды, сабырлы, салмақты ә. Ақ, қара, аз, көп б. Бүгін, кеше, ерте в. Мінезді, орнықты, ұшқалақ



15.“Орнықты” деген сөзге антоним тап.

а. Байсалды ә. Салмақты б. Ұшқалақ в. Мінезді



16.Толымды сөйлемді тап.

а. Не істеп жүрсің? ә. Қаладан келдім б. Сендерді іздеп келдім в. Абай балаға бар денесімен шұғыл бұрыла қарады.



17. Мақал - мәтелді тап.

а. Досы көппен сыйлас ә. Ит жеккен жер б. Жүрегінің түгі бар в. Асықпай барды.



18. Септеулік шылауларды көрсет.

а. Осы- ақ елді менсінбей жүреді екен. ә. Үйіне дейін шығарып салдым.

б. Сен ғашық болыпсың – ау. в. Оқушылар мен мұғалімдер сенбілікке шықты.

19.Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді тап.

а. Көктем болғанымен , күн әлі жылынып кете қойған жоқ. ә. Көктем енді келсе де, күн ысып кетті. б. Абай араларынан кетісімен, сыбыр бұйрық елге жайылды. в. Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асықпады.



20. Әлемнің екі дүркін чемпионы, балуан

а. Жақсылық Үшкемпіров ә. Бекзат Саттарханов б. Дәулет Тұрлыханов в. Серік Қонақбаев



21.Ма, ме- шылауы қандай грамматикалық тұлғамен ұқсас келеді?

а. Етіс қосымшасы ә. Шартты рай қосымшасы б. Есімше қосымшасы в. Болымсыз етістік



22.Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді тап.

а. Көктем енді келсе де, күн ысып кетті ә. Абай араларынан кетісімен, сыбыр бұйрық елге жайылды. б. Кеше үйірмеге жазылмақ болып, оқушылар сарайына бардым. в. Ол кеше Алматыдан пойызбен келді.



23.Қате жазылған сөзді көрсет.

а. Класқа ә. Металға б. Килограммдап в. Грамы



24.Анықтауышты тап. Мен бұл әңгімені мұғалімге айттым.

а. Мен ә. Бұл б. Мұғалімге в. Әңгімені



25.Тура толықтауышты көрсет. Мен бұл әңгімені мұғалімге айттым.

а. Мен ә. Бұл б. Мұғалімге в. Әңгімені



26.Қыстырма сөзді тап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет