13. Үтірдің қойылу себебін анықта. Мезгіл кешкіріп кетті, амалсыз қонуға тура келді
а. себеп – салдар ә. бірыңғай сөйлем мүшесі б. ыңғайлас салалас в. Қарсылықты салалас
14. Тек қана жалғаулықты түрінде кездесетін салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін көрсет
а. талғаулы, кезектес ә. қарсылықты, кезектес б. талғаулы, түсіндірмелі в. себеп- салдар, қарсылықты
15.Жалғаулығы жоқ салаластың түрін тап
а. түсіндірмелі ә. ыңғайлас б. талғаулы в. кезектес
16. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді тап.
а. Мен бұл арада үндемедім және үндеуді қажет те көрмедім ә. Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз б. Теңіз беті біресе тып - тыныш болады, біресе бұйра толқындар жағаға секіріп жатады в. Мұндай ретте реніш білдіру орынсыз: барлық жайды дәлелімен баяндап тұр
17.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді тап.
а. Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады. ә. Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз б. Теңіз беті біресе тып - тыныш болады, біресе бұйра толқындар жағаға секіріп жатады в.Мен үндемедім , бірақ өз пікірімде қалдым
Достарыңызбен бөлісу: |