а. Өкінішке орай ә. Жоқ б. Тәйт в. Ойбай
27. Астыққа мол өлке
а. Шығыс Қазақстан ә. Солтүстік Қазақстан б. Оңтүстік Қазақстан в. Батыс Қазақстан
28.”Стиль” термині шыққан тілді белгіле.
а. Грек ә. Испан б. Итальян в. Орыс
29. Иелік формада тұрған сөзді көрсет
а. Баланың кітабы ә. Мұғлімнің үстелі б. Сызғыш досымдікі в. Қыздар үйге келді
30.Қай жылы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты?
а. 1991 ә. 1986 б. 2000 в. 1980
8- нұсқа
1.Көркем әдебиет стиліне тән белгіні көрсет.
а. Бейтараптық ә. Ауызекілік б. Ресмилік в. Образдылық
2.Заттың меншіктілігін білдіретін қосымшаны тап
а. Жіктік жалғауы ә. Септік жалғауы б. Тәуелдік жалғауы в. Көптік жалғауы
3. Топтық сан есімді тап.
а. Үйде екі –ақ адам отыр ә. Олар бір – бірлеп тасыды. б. Телефон - автомат бұзылып қалды в. Еңбек – жан рахаты
4. Дұрыс жазылған сөзді көрсет.
а. Класқа ә. Металлға б. Үлкен в. Граммы
5. Толықтауышты көрсет. Бұл әңгімені мұғалімге айттым.
а. Мен бұл ә. Әңгімені мұғалімге б. Мұғалімге айттым в. Мен айттым
6. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді тап.
а. Көктем болғанымен , күн әлі жылынып кете қойған жоқ. ә. Көктем енді келсе де, күн ысып кетті б. Абай араларынан кетісімен, сыбыр бұйрық елге жайылды. в. Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асықпады
7.Дефиспен жазылатын шылауды көрсет.
а. да, де, та, те ә. және, мен, пен б. ау, ақ, ды, ді в. ғана, сайын, тәрізді
8.Тұйық етістігі бар сөйлемді көрсет.
а. Бәрінен биік ұшу – менің арманым ә. Сұлу бойжеткен гүлмен тең
б. Судың ыстық буы бұрқырап жатыр. в. Темекі адам ағзасы үшін у сияқты.
9.Зерттеушісі деген сөздің жалғауын анықта.
а. тәуелдік ә. септік б. көптік в. жіктік
10.Сабақты етістікті тап.
а. Мен шығарма жаздым ә. Ол мектептен ерте келді б. Асқар қалаға кетті в.Ол үйден ерте шықты
11.Қолхат қай стильге жатады, тап.
а. Іс- қағаздар стилі ә. Ғылыми стиль б. Публицистика в. Ауызекі стиль
12.Тәуелдік жалғауының ІІІ жағында тұрған сөзді көрсет.
а. Аудармашылар ә. Мұнайшымен б. Ғарышкермен в. Ұстазы
13. Құрманғазының күйін белгіле.
а.” Сарыарқа” ә.” Бұлбұл” б.” Шалқыма” в.”Әсемқоңыр”
14. Қай қатарда туынды сын есім бар?
а. Айтыстым, көрістім, көмектес ә. Ойлан, тұзда,ақылдас б. Түнгі сапалы, ауылдық в. Айтыс, кір, тазала
15.Ә қандай дыбыс?
а. Ашық, еріндік, жіңішке, дауысты дыбыс ә. Қысаң, еріндік, жуан ,дауысты дыбыс
б. Ашық, жуан, езулік, дауысты дыбыс в. Ұяң ,еріндік, жіңішке, дауысты дыбыс
16.Тәуелдік жалғауының IІ жағынан кейін барыс септігінің жалғауын жалға.
а. а, е ә. на, не б. сы, сі в. мен, пен
17.Қай сөз жіктелмейді?
а. Күз ә. Егінші б. Ұстаз в. Қыз
18.Қай сөзге көптік жалғауы жалғанбайды?
а. Бес дәптер ә. Мұғалім б. Мемлекеттік мекеме в. Оқытушы
19.Президенттің жарлығында Ту, Елтаңба, Әнұран туралы не айтылған?
а. “Қазақстан Республикасы азаматтары.... қастерлеуге міндетті”
ә . “Қазақстан Республикасы азаматтары..... орындауға тиіс”
б. “Қазақстан Республикасы азаматтары..... білу аса қажет”
в. “Қазақстан Республикасы азаматтары..... білуге тиіс емес”
20.Қазақстанның рухани орталығы деп қай қаланы атайды?
а. Семей ә. Павлодар б. Өскемен в. Астана
21.Шұғылалы күн ненің белгісі?
а. Бақыттың ә. Бейбітшіліктің б. Бостандықтың в. Халықтың
22.Тіл туралы заң неше тараудан тұрады?
а. 8 ә. 7 б. 6 в. 5
23. Мына сөйлем салаластың қай түріне жатады. Көмірден май да шығады, темір қорытатын кокс те шығады.
а. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем ә. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
б. Кезектес салалас құрмалас сөйлем в.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
24 .Біріккен сөзді тап.
а. Әке, жолдас, аялдама ә. Әке- шеше, ауыл – аймақ, бала – шаға б. Екібастұз, кемпірқосақ, тасбақа в. Ата- ана, Ұлжан, Ұлық
25. Қазақ тілін зерттеген ғалымдар.
а. В. Радлов, В. Бартольд, Т. Суранбаев ә. А. Қайдаров, А. Байтұрсынов, М. Мақатаев
б. А. Құнанбаев, Қ. Аманжолов, В. Радлов в. В. Радлов, А. Қайдаров, М. Мақатаев
26. Іс- әрекеттің бағытын және мақсатын қай септік белгілейді?
а. Ілік септік ә. Табыс септік б. Барыс септік в. Жатыс септік
27.Үстеу қандай топқа бөлінеді?
а. Жалқы, жалпы ә. Деректі, дерексіз б. Сапалық, қатыстық в. Мезгілдік, мекендік
28. Туынды етістікті көрсет
а. Білім ә. Ойлан б. Оқы в. Әкет
29.Барлық стильдер элементі кездесетін стиль түрін белгіле.
а. Ауызекі ә. Ғылыми б. Көркем әдебиет в. Іс- қағаздар
30.Шешесінің әкесі балаға кім болады?
а. Ата ә. Нағашы ата б. Балдыз в. Бөле
9- нұсқа
1.Қазақ тілінің алфавиті неше рет ауысқан?
а. 2 ә. 3 б. 4 в. 1
2. Етіс категориясы қай сөз табына тән.
а. Сын есім ә. Сан есім б. Есімдік в. Етістік
3. “ Құтадағу білік” кітабының авторы кім?
а. Жүсіп Баласұғын ә. Махмұд Қашғари б. Әл Фараби в. Әбу Әли ибн Сина
4. Омоним бола алатын сөзді тап
а. мал ә. тау б. жылқы в. сал
5.Қазақ тілін зерттеген ғалымдарды ата.
а. Сәтбаев ә. Әубәкіров б. Михаэлис в. Радлов
6. Төрт томдық “Түркі тілінің сөздігінің” авторы кім?
а. Н. Сауранбаев ә. Ғ. Айдаров б. В. Радлов в. В. Бартольд
7.Қазақстан солтүстікте, шығысында қай мемлекетпен шектесіп жатыр?
а. Қытаймен ә. Қырғызстанмен б. Әзірбайжанмен в. Ресеймен
8.Қазақстан Мемлекеттік туының авторын ата.
а. Ш. Қалдаяқов ә. Ш. Ниязбеков б. Ш. Уәлиханов в. Ж. Мәлібеков
9. Етістіктің мақсатты келер шақ түрін тап
а. Жарыстым ә. Жарысқан б. Жарыспақшы в. Жарысамын
10.Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
а. 5 ә. 4 б. 3 в. 6
11.Тіл туралы Заң қашан қабылданды?
а. 1989ж ә. 1990ж б. 1991ж в. 1992ж
12.Жексенбілік мектептер кімге арналған?
а. Нашар оқитын балаларға ә. Дарынды балаларға б. Диаспораларға в. Ауылды мекенге
13. Туынды зат есімді тап
а. Жарыс ә. Тұзды б. Сұлтан в. Оқушы
14.Тәуке қай ханның баласы?
а. Жәңгір ә. Абылай б. Қазыбек в. Төле
15. Салыстырмалы шырайды тап
а. Сап- сары ә. Сарғылт б. Сары в. аса көп
16.Алакөл шайқасына қатысқан батыр?
а. Бөгенбай ә. Наурызбай б. Райымбек в. Қабанбай
17.Сақталған көне қаланы ата
а. Отырар ә. Торғай б. Тараз в. Семей
18.Қазақстанның рухани орталығы деп қай қаланы атайды?
а. Отырар ә. Астана б. Тараз в. Семей
19.Жеңге деген кім?
а. Әкенің баласы ә. Ағамның туысқаны б. Ағаңның әйелі в. Қыздың баласы
20.Мақалды аяқта. Әке- асқар тау.........
а. Ана- бауырындағы бұлақ. Бала – жағасындағы құрақ ә. Әке- балаға сыншы
б. Ана - бауырындағы бұлақ. в. Бала – жағасындағы құрақ . Әке- балаға сыншы
21.” Жеті ырысты” ата.
а. Ақ жаулық, көңіл, құмай тазы.. ә. Жүйрік ат, қыран бүркіт, денсаулық...
б. Денсаулық, ақ жаулық, қыран бүркіт..... в. Ит, жер, ой –сана, бала, көңіл...
22.Салт- дәстүрді көрсет.
а. Қырқынан шығару ә. Қамзол б. Ақ Сүйек в. Мәсі
23.Ұлттық киімді көрсет.
а. Қырқынан шығару ә. Сәукеле б. Ақ Сүйек в. Жоқтау
24. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсет
а. Ыдыс ә. Әшекей б. Таңертең в. Мылтық
25. Киіз үйдің сүйегін ата.
а. Бау, терезе ә. Уық, ыдыстар б. Текемет, шаңырақ в. Кереге, уық
26.” Тон жамылу” деген тұрақты тіркес қандай ұғымды білдіреді?
а. Жасырын істеу ә. Қуану б. Ренжу в. Момын адам
27. Мақсат үстеуді тап
а. Ұшқары ойлау ә. Әдейілеп келу б. Мүлдем ұмыту в. Аздап әкелді
28.Сарнамалы аспапқа қайсы жатады?
а. Домбыра ә. Сыбызғы б. Дабыл в. Ауызсырнай
29.Антонимдік жұп қайсысы?
а. Еркек-адам ә. Өмір - өлім б. Оқиды- тоқиды в. Құда- күйеу
30. Қазақстанда неше қорық бар?
а. 9 ә. 10 б. 11 в. 12
10- нұсқа
1.Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсет.
а. Әдейі танытпайын деп, ол бет – аузын таңып алыпты.
ә. Оның сөздік қоры мол боғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді
б. Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде Абай шешілі түсті.
в. Мен оқыған кітап қызық – ақ!
2.Сөз құрамы, сөз таптарын зерттейтін ғылым саласын белгіле.
а. Лексика ә. Фонетика б. Морфология в. Синтаксис
3.Күрделі сын есімнің дұрыс жазылу емлесін көрсет.
а. Аппақ қар ә. Аппәқ қар б. Әппақ қар в. Ап- пақ қар
4.Төмендегі өлең жолдарын жазған ақынды тап.
Түркістан - екі дүние есігі ғой.
Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.
а. С. Торайғыров ә. І. Жансүгіров б. М. Жұмабаев в. Абай
5.Салалас құрмалас сөйлемді анықта.
а. Қазан айы өтіп барады, бірақ әлі суық түспеді. ә. Сабақ біткен соң, оқушылар үйлеріне тарады. б. Ол тезірек жетейін деп, машинаға мінді. в. Асан мен Үсен тоғайға бет алды
6. Қазақтың батыр қыздары:
а. Ляззат, Айсұлу ә. Әлия, Маншүк б. Назым, Айсұлу в. Ғалия, Жанар
7.Сөйлемдегі пысықтауыш қай сөз табынан жасалып тұр. Жүрегім дүрс - дүрс қақты.
а. Одағай ә. Шылау б. Еліктеуіш в. Үстеу
8.Мемлекеттік елтаңбада не белгіленген?
а. Аспан, күн ә. Жұлдыз, уық б. Уық, күн в. Жұлдыз, кереге
9.Болымсыз есімдігі қайсы?
а. Қанша ә. Ештеңе б. Міне в. Әркім
10.Сын есімнің қанша шырайы бар?
а. 4 ә. 3 б. 2 в. 5
11.Демеулік шылауды тап.
а. ақ, ау ә. кейін, соң б. қарай, дейін в. егер, ендеше
12.Септеуліктерді көрсет.
а. ақ, ау ә. мен, себебі б. қарай, дейін в. егер, ендеше
13.”Жеті Жарғы” заң жобасын жасаған кім?
а. Абылай хан ә. Жәңгір хан б. Төле би в. Тәуке хан
14.Құрманғазының күйі.
а. ” Бұлбұл” ә. “ Жеңіс” б. ” Сарыарқа” в. “ Шалқыма”
15.Махмұд Қашғаридің еңбегі.
а. ” Диуани лұғат- ат- түрік” ә. ” Диуани хикмет” б. “ Оғыз наме” в. ” Қорқыт ата кітабы”
16.Берілген сөйлем іс қағаздардың қай түріне жатады?
Менің сабаққа кешігіп келген себебім, ұйықтап қалыппын
а. Өтініш ә. Түсініктеме б. Хаттама в. Бұйрық
17.Жамбылдың өзіне пір тұтқан ұстазы.
а. Сүгір ә. Сүйібай б. Абай в. Ыбырай
18.Есімшенің жұрнағын көрсет.
а. дай, дей ә. у б. ған, ген в. ып, іп, п
19. Қазақтың тұңғыш ғалымы.
а. Қ. Сәтбаев ә. Ш. Уәлиханов б. А. Байтұрсынов в. Т. Әубәкіров
20. Алғаш қазақ тіліндегі газетті ата
а. «Қазақ» ә. « Түркістан уәлаяты» б. « Егеменді Қазақстан» в. « Серке»
21. Сарыарқа деп қай аймақты атайды?
а. Орталық Қазақстан ә. Солтүстік Қазақстан б. Оңтүстік Қазақстан в. Батыс Қазақстан
22.Қазақтың тұңғыш көркем фильмі.
а. ” Қыз Жібек” ә. ” Амангелді” б. “Банданы қуған Хамит” в. “ Атаманның ақыры”
23.Тоқтар Әубәкіров қай жерде туды?
а. Семей облысында ә. Қарағанды облысында б. Көкшетау облысында в. Павлодар облысында
24.Қосарланған зат есімді көрсет.
а. Отбасы ә. Бала-шаға б. Тарс- тұрс в. Кемпірқосақ
25. Омоним бола алатын сөзді көрсет.
а. Қайшы ә. Бала б. Ауыл в. Жасыл
26.Бастауышы болмайтын сөйлем.
а. Жақсыз ә. Атаулы б. Жақты в. Жайылма
27.Табыс септігінің жалғауын қажет ететін етістікті қалай атаймыз?
а. Сабақты етістік ә. Салт етістік б. Көмекші етістік в. Болымсыз етістік
28.Қысаң дауысты дыбыстарды көрсет.
а. ы, і, и ә. р, л, й б. а, ә, о в. ә, ө, е
29. Жалқаудың ертеңі бітпейді деген сөйлемнің бастауышын тап
а. Жалқаудың ә ертеңі. б. бітпейді в. бастауышы жоқ
30.Мақалды толықтыр.
Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды.......... тіленбей.
а. балаң ә. әкең б. қарның в. отбасың
11- нұсқа
1.Бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздерді қалай атайды?
а. Көп мағыналы ә. Бір мағыналы б. Тұрақты сөз тіркесі в. Синоним
2.Фразеологиялық тіркеске қай сөздер синоним болады?
Достарыңызбен бөлісу: |