а. шейін, дейін, соң ә. қана, ғой, ақ б. бірақ, және, бірде
3.Демеулік шылауды тап.
а. шейін, дейін, соң ә. қана, ғой, ақ б. бірақ, және, бірде
4.”Ды” шылауы қай сөзде нақтылау мәнді демеулік болып тұр?
а. Қараған/ды/ жер ә. Бар/ды бағалай біл б. Ол көргенін айтқан/ды/
5. Болымсыз демеулікті көрсет
а. - мыс ә. түгіл б. - ды
6.Өкіну мәнін білдіретін одағай қайсысы?
а. қане ә. әттең б. әйда
7. Еліктеу сөз қай сөйлемнің қай мүшесінің қызметінің атқарып тұр?Мысық әрі – бері зу-зу етіп өте шығады.
а. пысықтауыш ә. толықтауыш б. анықтауыш
8. Қарсылықты жалғаулықтарды көрсет.
а. мен, бен, пен, және, да, де ә. дегенмен, алайда, бірақ, сонда да б. өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін
9. Талғаулықты жалғаулықтарды көрсет.
а. мен, бен, пен, және, да, де ә. дегенмен, алайда, бірақ, сонда да б. не, кейде, біресе, немесе
10.Себеп -салдар жалғаулықтарды көрсет.
а. мен, бен, пен, және, да,де ә. дегенмен, алайда, бірақ, сонда да б. өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін
11. Шартты жалғаулықтарды көрсет.
а. егер, онда, әйтпесе ә. дегенмен, алайда, бірақ, сонда да б. өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін
12. Өзінің алдындағы сөздің белгілі бір септікте тұруын қажет ететін шылау?
а. Демеулік ә. Жалғаулық б. Септеулік
13. Шығыс септігінен кейін тұратын шылауды ата?
а. соң, әрі, кейін, бұрын ә. қатар, бірге б. шейін, дейін, қарай
14. Атау септігінен кейін тұратын шылауды ата?
а. жөнінде ә. қатар, б. шейін
15.Барыс септігінен кейін тұратын шылауды ата?
а. соң ә. бірге б. қарай
16. Сұраулық демеулікті көрсет.
а. ақ, ғана ә. ай, ау б. ма, ме, ба, бе, па, пе
17. Шектік демеулікті көрсет.
а. ғана ә. ай, б. ма, ме
18. Күдіктік демеулікті көрсет.
а. мыс, міс, ә. ай, б. па, пе
19. Септеулік шылауды көрсет
а. Біз сабақ туралы сөйлестік ә. Қыста және көктемде күн суық болады б. Бұл менің ағам ғой
20.” Қылт – сылт” сөзі қай сөз табына жатады?
а. Одағай ә. Үстеу б. Еліктеу сөз
21. Еліктеу сөз қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр? Торғайдың үні шыр – шыр етеді.
а. баяндауыш ә.пысықтауыш б. анықтауыш
22. Одағай сөйлем мүшесі болады ма?
а. иә ә. жоқ
Адамның көңіл – күйін білдіретін сөз табын ата?
а. Шылау ә. Одағай б. Еліктеу сөздер
24. Өзіндік мағынасы жоқ, сөз бен сөзді байланыстырушы қызметін ғана атқаратын сөз табы қайсы?
а. одағай ә. шылау б. еліктеу сөз
25.Жекіру одағайларды тап.
а. жә, кәне, тәйт, тек ә. алақай, бәрекелді, әттеген- ай, уһ б. шөк, кә -кә, құру - құру, кіс – кіс
26. Көңіл-күй одағайларды тап.
а. жә, кәне, тәйт, тек ә. алақай, бәрекелді, әттеген- ай, уһ б. шөк, кә -кә, құру- құру, кіс – кіс
27. Бейнелеуіш сөзді тап
а. қисаң ә. тарс б. күмп
28. Асты сызылған сөз қай сөз табына жатады? Жерде бірдеме қыбыр - қыбыр етеді.
а. Шылау ә. Одағай б. Еліктеуіш сөздер
29. Еліктеуіш сөздердің сөйлемдегі негізгі қызметі .......................
а. Пысықтауыш ә. Анықтауыш б. Бастауыш
30.Одағайлар сөйлем мүшелерінен ................. бөлінеді.
а. Үтір, леп белгісі ә. Қос нүкте, сұрау белгісі б. Үтір, сызықша
31.Үстеу дегеніміз...........................
а. Іс- қимылдың әр түрлі сапасын, мезгілін білдіреді ә. Заттың сапасын, сынын білдіреді б.Заттың іс- қимылын білдіреді
32.Үстеудің сұрақтарын ата.
а. Қайда?, қашан?, қанша? ә. Қайда?, қашан?, қандай? б. Қашан?, қанша?,қай?
33. Үстеулер құрамына қарай нешеге бөлінеді?
а. 2 ә. 3 б. 4
34. Асты сызылған сөз сөйлемнің қандай мүшесі екенін айт.
Ол мұғалімді мұқият тыңдады.
а. Анықтауыш ә. Толықтауыш б. Пысықтауыш
35. Бастауыш болып тұрған үстеуді тап.
а. Ол сабаққа кешігіп келді ә. Ертең сенбілік болады б. Бүгін – ағамның туған күні
ІІ нұсқа
1.Одағайларда дербес лексикалық мағына болады ма?
а. иә ә. жоқ б. мүмкін
2.Септеулік шылауды тап.
а. шейін, дейін, соң ә. қана, ғой, ақ б. бірақ, және, бірде
3.Демеулік шылауды тап.
а. шейін, дейін, соң ә. қана, ғой, ақ б. бірақ, және, бірде
4.Жалғаулық шылауды тап.
а. шейін, дейін, соң ә. қана, ғой, ақ б. бірақ, және, бірде
5.Шылаулар сөйлемде қандай қызмет атқарады?
а. Сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды ә. Тұрлаулы сөйлем мүшесінің қызметін атқарады
б. Тұрлаусыз сөйлем мүшесінің қызметін атқарады
6.Жалғаулық шылаулар нешеге бөлінеді?
а. 5 ә. 4 б. 3
7. Тіркес түрінде жасалған үстеуді тап.
а. Құр босқа, жай әншейін ә. Бостан – босқа, оп- оңай б. Жылдам, баяу, қазір
8. Қосарлану арқылы жасалған үстеуді көрсет.
а. Құр босқа, жай әншейін ә. Бостан – босқа, оп- оңай б. Жылдам, баяу, қазір
9.Үстеулер ең алдымен қай сөз табының алуан түрлі белгілерін білдіреді?
а. Етістік ә. Есімдік б. Сан есім
10.Себеп -салдар жалғаулықтарды көрсет.
а. мен, бен, пен, және, да,де ә. дегенмен, алайда, бірақ, сонда да б. өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін
11. Шартты жалғаулықтарды көрсет.
а. егер, онда, әйтпесе ә. дегенмен, алайда, бірақ, сонда да б. өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін
12. Өзінің алдындағы сөздің белгілі бір септікте тұруын қажет ететін шылау?
а. Демеулік ә. Жалғаулық б. Септеулік
13. Шығыс септігінен кейін тұратын шылауды ата?
а. бұрын ә. бірге б. шейін
14. Атау септігінен кейін тұратын шылауды ата?
а. үшін ә. қатар б..қарай
15.Мөлшерлік үстеулерді көрсет.
а. Жоғары, төмен, арты ә. Сонша, азғантай, неғұрлым б. Тіпті, нағыз, ең
16. Үстеудің қай түрі іс - қимылдың сапасын күшейтіп көрсетеді?
а. Мезгіл ә. Мөлшерлік б. Күшейткіш
17.Мөлшерлік үстеулер қандай сұраққа жауап береді?
а. Қанша? ә. Қайда? б. Қалай?
18.Үстеу сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр? Оның келетін күні – бүгін.
а. Баяндауыш ә. Пысықтауыш б. Анықтауыш
19. Мекендік үстеулер қандай сұраққа жауап береді?
а. Қанша? ә. Қайда? б. Қалай?
20.Күшейткіш үстеуді көрсет.
а. Раушан шайды тым асықпай ішетін. ә. Артынан Әлия келді. б. Бүгін сабаққа ерте келуіміз керек.
21. Демеулік шылаулы сөзді тап
а. үйге дейін ә. келеді екен б. өзі айтыпты - мыс
22. Мекен үстеуді белгіле.
а. Жоғары ә. Әдейі б. Қазақша
23. Еліктеу сөз сөйлемнің қай мүшенің қызметін атқарып тұр? Ол сылқ етіп құлай кетті.
а. анықтауыш ә. пысықтауыш б. баяндауыш
24. Шығыс септігінің көнелуінен жасалған үстеуді көрсет.
а. Бекерге ә. Шалқасынан б. Күні бойы
25.Дұрыс жазылған үстеуді тап.
а. Күздікүні ә. Күзді – күні б. Күздігүні
26. Қате жазылған үстеуді тап.
а. Ертелі – кеш ә. Неқұрлым б. Соғұрлым
27. Біз кешке жаяу асықпай қайттық деген сөйлемде неше үстеу бар?
28. Демеулік шылауды көрсет
а. Біз сабақ туралы сөйлестік ә. Қыста және көктемде күн суық болады б. Бұл менің ағам ғой
29.Қос сөз түріндегі еліктеу сөзді көрсет
а. бірте - бірте ә. Тап - таза б. маң - маң
30. Туынды үстеуді белгіле.
а. Орысша ә. Бұрын б. Дереу
31. Мақсат үстеуді тап
а. бірталай ә. қасақана б. артта
32.Барыс септігінен кейін тұратын шылауды ата?
а. соң, әрі, кейін, бұрын ә. қатар, бірге б. шейін, дейін, қарай
33. Сұраулық демеулікті көрсет.
а. -ақ ә. ау б. ба, бе
34. Шектік демеулікті көрсет.
а. ғана ә. - ай б. ма, ме
35. Күдіктік демеулікті көрсет.
а. - ды ә. - ау б. па, пе
ІІІ нұсқа
1. Жекіру одағайды белгіле
а. тәйт ә. уһ б. кә -кә
2.Септеулік шылауды тап.
Достарыңызбен бөлісу: |