Критерийлердің келесі ережелерге сай болғандығы дұрыс:
Критерийлер үшеуден кем болмауы керек.
Критерийлер оқушыларға алдын-ала белгілі болуы керек, яғни критерийлер шәкірттермен бірлесіп құрастырылуы керек.
Мұғалім ұсынған критерийлер оқушылар тарапынан толық қабылдануы керек.
Бағалаудың әрбір түрі мен әрекеті үшін бөлек критерийлер қажет.
- Критерийлер жазбаша түрде келтірілуі керек.
Критерийлерді алдын-ала жариялап, сонымен бірге сынып қабырғасына іліп қойған орынды.
Төменде қандай да болмасын тақырыпқа жазылған эссенің бағалау критерийлері келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |