Классикалық эссе
– бұл еркін тақырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан азат
қысқа көлемді шығарма
. Эссенің мақсаты
– әр түрлі тезистер,дәлелдер келтіре
отырып берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп,мысал
келтіріледі.
Эссеге тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз тәжірибесіне негізделген
жеке позицияның еркін мазмұндалуы тән. Мұнда стиль маңызды роль ойнайды.
Әр түрлі эссе байқауларында (оқуға пайдаланудың алдындағы сынақтарда,
сондай-ақ өзіндік шығармашы-лық байқауларда) мәселен, 500 сөздің көлемінде
эссе жазу тапсырылады.
Қолыңа не үшін қалам алғаныңды ең алдымен өзің түсініп ал.
Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу
дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар.
Ең алдымен өзіңнің хабарлайтын, жазатын, ой тол-ғайтын, талқылайтын нәрсең
туралы анық білуің керек. Сондай-ақ, эссе жазуға итермелеген не нәрсе, эссені
кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын,
мүмкін болса қарсы жауап реакция-сын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді,
көңіл-күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай
білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін меңгеруі,
басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза
білу.
Достарыңызбен бөлісу: |