Қазақ тілінен эссе жазудың ҚҰрылымы



бет21/35
Дата29.11.2022
өлшемі127,45 Kb.
#160290
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Байланысты:
1545711824 4

Күз мезгілі
Табиғаттың маған ұнайтын мезгілі -күз.Күз суреті ерекше қайталанбас бояуларға толы.Жиі жауған жауынға да,суық ауа райына да қарамастан, күзді қатты ұнатамын.Ағаштар жапырақтарынан айырылып,мұңды күй кешеді.Жел ұшырған сары жапырақтар аяғыңның астына төселген оюлы кілемдей.Олар біріне- бірі ұқсамайды.Айналаң түгел сары алтынға малынған,әсіресе орман ішіне кірсең,керемет бір ертегілер әлеміндегі алтын сарайда тұрғандай әсер аласың.Мүмкін сол алтын сарайдың іші де күздің суығындай салқын болған шығар сырты сұлу болғанмен,кім білсін...
Жаз түні
Орман,тоғай,тау мен тастың барлығы да адамзат үшін жаратылған.Сонда да жаз түні мен үшін жаралғандай.Неге десеңіз,жаздыгүні түнгі аспанға қараудан еш жалыққан емеспін.Жұлдыздар жымыңдасып,көңілімді серпілтеді.Ай болса,айналаның бәрін өзінің күміс нұрына аямай орап,дүниенің сұлу екендігіне әлемнің көзін жеткізуге жалықпастан, таң атқанша тапжылмастан дөңгеленеді де тұрады.Осы әдемі сұлулықты қимағандықтан ба екен,жаздың онсыз да қысқа түні мен үшін тіптен аз. Себебі өзіме ең қымбат әрі аяулы бейтаныс аруыммен сырласып үлгермей қалғандай күй кешемін.
Көктемім
Көктем - табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуы.Бірақ күн райы құбылмалы:жаңбыр жауып,бұлт қара үңгірдей болып тұрса,бір адамның қатты ренжіп,жылап отырғанына ұқсайды.Ал күн жарқырап,адамның бәрі күн шуағына шомылып жатса,менің де көңілім жадырай түседі.Күнмен бірге ерте оянып,күн сәулесінен ерекше қуат алып,осы өмірде аман жүргеніме риза бола түсемін!Оның үстіне көктем мезгілі- менің жарық дүниеге келгенде,табиғат-анамен алғаш танысқан сүйікті мезгілім.

Түнгі Астана көркі
Астананың әсемдігін тамашалайтын уақыт –түн.Түнде Астана жарқырап тұрады. Осы уақытта далаға серуендеуге шықсаң,түнгі Астананы тамашалауға болады.Бұл сұлулықты бояуы ең керемет суретке теңеуге болады. «Гүлсағаттың» қасында әжем тұрады.Маған әжемнің үйіне қыдырып бару екі есе қуаныш сыйлайды,бірі: асыл әжемнің баға жетпес құшағына еніп, қызықты әңгімелерін тыңдау болса, екіншісі: әсем Астанамыздың түнгі келбетін армансыз тамашалау. Есілдің жағалауында тұру да, жүру де бақыт қой, шіркін!Кешкі самал, баяу толқыған су беті, жамыраған шамдар,бақытты ғашықтар- бәрі де нақ бір киноның көңілді эпизодын түсіру кезіндегідей. Бірақ - бұл шындық . «Бәйтерекке» шығып тамашаласақ, қаламыздың сұлу бейнесінің шынайы келбетіне толық көз жеткіземіз. Қала алақандағыдай айқын әрі көзді арбағандай әдемі. Ару Астана қазақтың әлемді таңғалдырар хас сұлуларындай батыл да еркін жүрісімен өркениетке дара сипатымен асығып бара жатқандай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет