Қазақ тілінен эссе жазудың ҚҰрылымы



бет30/35
Дата29.11.2022
өлшемі127,45 Kb.
#160290
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
1545711824 4

- Межелік бақылау – модуль қорытындысы бойынша (курс, семестр, жыл, тоқсан) студенттердің білім деңгейін анықтау құралдары.
Межелік бақылаудың нысандары (тәсілдері):
- портфолио, жоба (курстық немесе семестрлік жұмыс), реферат, мақала, сase-study тапсырмаларын жазбаша орындау, баяндама, талдау (аналитикалық) шолу жазу, сценарий дайындау, мақалалар жинағын дайындау,әдістемелік құрал дайындау, сабақ жоспарларының жинағын дайындау, т.б.
- Аралық бақылау – курс (жыл) немесе семестр (тоқсан) қорытындысы бойынша емтихан. Емтихан жазбаша өткізіледі. Емтихан сұрақтары Блум таксономиясы бойынша құрастырылады.
- Қорытынды бақылау – диплом жұмысын қорғау немесе мемлекеттік емтихандар тапсыру.
РУБРИКА
Рубрика – шәкірттер орындаған жұмыстардың қандай болуы керектігін (параметрлерін белгілеу) және қандай бағаға тұрарлық екендігін нақты түрде айқындау, бағалаудың дәл талаптарын (критерийлерін) таңдау және тағайындау.
Шәкірттердің жұмыстары субъективті тұрғыдан бағаланбауы үшін, жұмыстарға қойылатын талаптарды алдын-ала айқындап алу оқушылардың өз жұмысында озық үлгілерге сүйеніп, қалай жазу керектігін есте ұстап, жұмыстарды сол тұрғыдан орындауына жол береді. Бұл өз кезегінде шәкірт жұмыстарының сапасын арттырады.
Критерийлердің келесі ережелерге сай болғандығы дұрыс:

  • Критерийлер үшеуден кем болмауы керек.

  • Критерийлер оқушыларға алдын-ала белгілі болуы керек, яғни критерийлер шәкірттермен бірлесіп құрастырылуы керек.

  • Мұғалім ұсынған критерийлер оқушылар тарапынан толық қабылдануы керек.

  • Бағалаудың әрбір түрі мен әрекеті үшін бөлек критерийлер қажет.

- Критерийлер жазбаша түрде келтірілуі керек.
Критерийлерді алдын-ала жариялап, сонымен бірге сынып қабырғасына іліп қойған орынды.
Төменде қандай да болмасын тақырыпқа жазылған эссенің бағалау критерийлері келтіріледі.
Эссені бағалауға арналған әмбебап РУБРИКА
«Өте жақсыға» бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек:

  1. Өзіндік, соны пікірлер келтіру (мұғалімнің лекциясын немесе оқулықты қайталамай).

  2. Тезистерді ұтымды дәлелдермен растау (бұл жерде дәлелдердің санын нақты түрде көрсетуге болады).

  3. Өз тезистеріне қарсы дәлелдерді келтіру және соларды жоққа шығару.

  4. Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен құралу.

  5. Ұқыпты және қатесіз жазылу.

  6. Көлемі ХХ дейін сөздер (немесе ХХ дейін белгілерден, немесе Х бетке дейін) болуы.

«Жақсыға» бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек:
1. Өзіндік пікірлер келтіру (мұғалімнің лекциясын немесе оқулықты қайталамай).
2. Тезистерді нанымды дәлелдермен растау (мұнда дәлелдер «өте жақсыға» жазылған жұмыстан аздау болуы мүмкін).

  1. Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен құралу.

  2. Ұқыпты және қатесіз (немесе Х қатеден аспау) жазылу.

  3. Көлемі ХХ дейін сөздер (немесе ХХ дейін белгілерден, немесе Х бетке дейін) болуы.

«Қанағаттанарлыққа» бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек:

  1. Нақты тезистерден тұруы.

  2. Тезистердің тұжырымдармен дәлелденуі.

  3. Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен құралуы.

  4. Таза және белгіленген қате санынан аспай жазылуы.

  5. Көлемі ХХ дейін сөздер (немесе ХХ дейін белгілерден, немесе Х бетке дейін) болуы.

Төмендегідей болса, эссе «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады:

  1. Тезистік тұжырымдары жоқ.

  2. Өз пікірін растайтын дәлелдер келтірілмеген.

  3. Кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдер нақты айқындалмаған .

  4. Ұқыпсыз жазылған, грамматикалық және орфографиялық қателері бар.

5. Көлемі белгіленген сөздер немесе белгілерден (беттерден) кем болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет