Қазақ тілінен ожсб-ға арналган көмек материалдар Қазақ тілі мен орыс тілінің салыстырмалы ерекшеліктері



бет2/2
Дата28.01.2018
өлшемі0,5 Mb.
#35299
1   2

Туыстық атаулары


Ата-әкенің әкесі, ел-жұрт «ақсақал» деп құрмет тұтады. Мұндай кісілер төрден орын алады, әрқашан құрмет көрсетіледі.

Әже-әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын-ел анасы.

Әке-шеше, ата-ана- өзіңді өмірге әкелген ерлі-зайыпты адамдар.

Бала-ата-анадан тараған ұрпақтар, олар «ұл», «қыз» деп аталады. Ұл-шаңырақ иесі, ұрпақ жалғасы деп есептеледі.

Қыз- басқа елдің болашақ келіні, анасы.

Тұңғыш, ортаншы, кенже бала. Қазақ халқы бірінші туған баланы «тұңғышым», одан кейінгілерін «ортаншы», ең соңғы туғанын «кенже» деп атайды.

Немере-ұл-қыздың баласын «немере» дейді.

Шөбере-немеренің баласы.

Шөберенің баласы «шөпшек», шөпшектің баласы «немене» деп аталады.

Аға, апа-бір әке-шешеден туған(немесе туыстың) жасы үлкен жігіт- аға деп аталады.

Жеңге-ағаның әйелі. Жасы үлкендер үшін «келін», жасы кішілер үшін «жеңге» деп аталатын бұл адамның тәлім-тәрбиелік үшін орны бөлек.

Қайын іні, қайын сіңлі-жеңгелері үшін күйеуінен кіші ұл- «қайын іні», қыз -«қайын сіңлі» болады. Бұларды жеңгелері әрқашан еркелетіп ұстайды.

Іні, қарындас, сіңлі өзімен бірге туған жасы кіші ұл ағасы мен әпкесі үшін «іні», қыз бала «қарындас»(ұлға қатысты) не «сіңлі»(қызға қатысты) деп аталады.

Ағайындылар-бірге туған ағалы-інілі, апалы-сіңлілер.

Ағайын, туыс-бір рудың адамдары бір-біріне ағайын, туыс деп саналады. Бұлар бір-бірімен жеті атаға дейін қыз алыспайды.



Келін- інінің, баланың әйелі.

Күйеу- бір рудың қызын алған жігіт.

Нағашы-ананың туысы.

Құрдас-туысқандығы жөнінен алыс-жақынына қарамастан, бір жылғы туған адамдар.

Тамыр-екі ұлттың өкілі немесе ер адамдар бір-бірімен дос, сыйлас болып,алыс-беріс жасаса,құрмет тұтса, мұны «тамыр» деп атайды.Олардың бір-біріне сенімі мен достығы өте берік болады.

Дос – екі адамның бір-бірінен сыр жасырмай, сыйласып, қиын сәтте қол ұшын беріп пікірі мен мақсаты , арман-мүддесі бір жерден шығуы.
Мақал – мәтелдер


  1. Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ.

  1. Ата – ананың ақылы сарқылмайтын көлмен тең.

  2. Ана жақсылығын, ауырсаң білерсің.

  3. Ағаны көріп іні өсер,

Апаны көріп сіңлі өсер.

  1. Басыңа іс түссе ,

Жақсы көмектеседі,

Жаман күліп кетеді.



  1. Жаман дос көлеңке:

Басыңа күн шалса,

Қашып құтыла алмайсың.

Басыңды бұлт алса,

Іздеп таба алмайсың.



  1. Жаман аттан аяғым артық,

Жаман жолдастан таяғым артық.

  1. Адам досымен мықты,

Ағаш жапырағымен мықты.

  1. Отанды сүю отбасынан басталады.

  2. Ел – елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен жақсы.

11. Туған жердің қадірін

Шетте жүрсең білерсің.

12. Жері байдың – елі бай.

13. Сулы жер – нулы жер,

Бұлақты жер – тұрақты жер.

14. Көлдің көркі – құрақ,

Таудың көркі – бұлақ.

15. Егін ексең - тыңға ек,

Одан өнер өнім бар.

16. Сулы жер құрақсыз болмас,

Таулы жер бұлақсыз болмас.

17. Қоян көлеңкесінен қорқады.

18. Батар күннің атар таңы бар.

19. Бұтаға паналаған торғай да аман қалады.

20. Құс жеткен жеріне қонады.

21. Өнерлі өрге жүзеді.

23. Өнерлінің өрісі кең.

24. Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.

25. Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

26. Шебердің қолы көпке ортақ.

27. Ұста, ұстадан нұсқа.

28. Ұстамен жақын болсаң, ісің бітер.

29. Жеті рет пішіп,

Бір рет кес.

30. Ұста пышаққа жарымас,

Етікші етікке жарымас.

31. Ерлік білекте емес, жүректе.

32. Ел ұлсыз болмас,

Жер гүлсіз болмас.

33. Көз- қорқақ, қол- батыр.

34. Туған жердей жер болмас ,

Туған елдей ел болмас.

35. Батыр туса- ел ырысы,

Жаңбыр жауса- жер ырысы.

36. Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

37. Бейнетсіз рахат жоқ.

38. Ел іші - алтын бесік.

39. Бейнетсіз бірлік жоқ.

40. Ер қанаты – ат.

41. Еңбексіз тапқан мал,

Есепсіз кетер.

42. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

43. Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

44. Жер – қазына,

Су – алтын,

Мал – байлық.

45. Өнер алды- қызыл тіл.

46. Бес саусақ бірдей емес.

47. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.

48. Екеу болсаң, бір-біріңмен кеңес.

Біреу болсаң, қабырғаңмен кеңес.

49. Уәде алтыннан да қымбат.

50. Теңге үнемді сүйеді.



Лексикалық тақырыптар бойынша жауап - кілттер

1. Астана қай жылға дейін Ақмола деп аталған? / 1998 жыл

2. Астана қаласының бұрынғы аты / Ақмола

3. 1 қыркүйек қандай күн? / Білім күні

4. Шахматты қашан, кім ойлап тапты ? /5 ғ. Үндінің ақылгөйі өзінің қожасы үшін ойлап тапқан.

5. ЭЕМ секундына қанша амалды шешеді?/ 1 млн.

6. Қазіргі ЭЕМ қанша мамандықты игерген?/ 2500-ден астам

7. Кәдімгі күн жарығы неше түстен тұратын жарық сәуле?/ жеті

8. Сансызбай Сарғасқаевтың қандай кітаптары бар?/ «Сұлутор балалары», «Біз төртеу едік»

9. Бір аптада неше күн бар?/жеті

10. «Ұжым» дегеніміз не?/ адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, оқуы

11. Ұжым түрі/ шағын және үлкен

12. Бірінші тәрбиеші/ ана

13. Екінші / мектеп, еңбек ұжымы

14. Ертіс өзенінің жағасында орналасқан қала/ Семей

15. Ең асыл бұйым не? / кітап

16. 1934 жылы Риддер қаласында елді таңғалдырған әнші кім?/ Әміре Қашаубаев

17. Небары 2 сыныптық білімі бар суретші кім?/Әбілхан Қастеев

18. Әбілхан Қастеевке суретшілік әліппесін үйретіп, қамқорлық жасаған суретші кім?/ Н.Г.Хлудов

19. Қазақтың атақты суретшісі/ Әбілхан Қастеев

20. Қазақ елінің бірінші ғарышкері кім?/ Тоқтар Әубәкіров

21. Екіншісі / Талғат Мұсабаев

22. Іле өзені қайда құяды?/ Балқашқа

23. Іле қайдан басталады?/ Тянь-Шань тауларынан

24. Ертістің ұзындығы / 4331 км

25. Ертіс ағып өтетін жерлер/ Шығыстан солтүстігіне қарай: Шығыс Қазақстан және Павлодар облысы арқылы Батыс Сібір ойпаты.

26. Қара Ертіс /Зайсан көліне құйғанға дейін

27. Ертіске құятын өзендер/ Кендірлік, Күршім, Нарын,Бөкен, Бұқтырма,Үлбі

28. Компас пен карта не үшін керек?/ бағыт беруге

29. Тұңғыш Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрін ұйымдастырған кім? / Ахмет Жұбанов

30. 1936 жылы Мәскеуде өнер көрсеткен оркестр/ Құрманғазы атындағы оркестр

31. Ахмет Жұбанов кім?/ музыка зерттеушісі, сазгер, дирижер

32. Ғазиза Жұбанова кім? /қазақ композиторы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

33. Қазақтың музыкалық аспаптары/ шертер, шаңқобыз, домбыра, дауылпаз, жетіген, даңғыра, қылқобыз,сырнай, сазсырнай, асатаяқ, сыбызғы, адырна

34.Нұрғиса Тілендиев қандай оркестрді ұйымдастырған?/ «Отырар сазы»

35. Берлинде сымды мойнына галстук, беліне белбеу сияқты ораған қай палуан?/ Қажымұқан

36. Парижде түйені мойнына салып көтеріп шыққан кім?/Қажымұқан

37. Сахнаға 75 пұт жүгі бар арбаны тісімен сүйреп шыққан кім?/ Қажымұқан

38. Көп ақша жинап, соғысқа ұшақ сатып алған кім?/ Қажымұқан

39. Оқу жылы қашан аяқталады? / маусымда

1. Күз айларын ата / қыркүйек, қазан, қараша

2. Жыл мезгілдері / қыс, көктем, жаз, күз

3. Күнпарақ түрлері/ қабырға күнпарағы, үстел, қалта

4. Бір жылда неше күн бар? /365

5. Бір айда неше апта бар/ 4

6. Бір аптада неше күн бар/7

7. Бір тәулікте неше сағат бар?/24

8. Бір сағатта неше минут бар / 60

9. Бір минутта неше секунд бар/ 60

10. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы / Астана

11. Ол қайда орналасқан / Есіл өзені бойында, Сарыарқа

12. Елбасы Резиденциясы Парламент үйі қайда /Есіл өзені бойында , Астана

13. Астана қаласы тұрғындарының саны / 518 мың

14. Парламент үйі алдына кімдердің ескерткіштері қойылған / Төле би , Әйтеке би, Қазыбек би

15. «Тұлпар» деген метро станциясы қайда салынып жатыр/ Алматыда

16. Алматыда 25 қабатты, биіктігі 107 м, 942 орындық, 472 қонақ бөлмесі бар мейманхана / «Қазақстан» қонақ үйі

17. Алматы қаласының іргетасы қашан,қай өзен бойында қаланған/ 1854, Кіші Алматы бойында

18. «Медеу» спорт кешені қашан ашылған ?/ 1972

19. Мұз айдынның көлемі қанша метрдей?/ 11000м2

20. Трибуналары қанша мыңнан астам көрерменге арналған / 12000

21. ҚР Президенті болып Н.Назарбаев қашан, қай жылы сайланды?/ 1991,1.12

22. Қазақстан қайда орналасқан?/ Орталық Азияда

23. Халқының саны қанша? /17 млн.

24. Қазақстанның жер көлемі қанша?/ 27173 км -2,7 млн км2

25. Оның қанша пайызы өзен, көл, теңіз?/ 40

26. Қанша пайызы шөл мен шөлейт?/ 50

27. Таулы жері қанша пайыз?/ 10

28. Республика жері батыстан шығысқа қарай қанша километр?/ 3000

29. Солтүстіктен оңтүстікке қарай ше?/6000

30. Батыста,солтүстік –батыс және солтүстікте қай елмен шектеседі?/Ресей

31. Оңтүстік және оңтүстік-батыста шекараларымыз/ Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, батыста-Каспий арқылы Әзірбайжан.

32. Республикада қанша ұлт өкілдері тұрады?/131

33. Әкімшілігі жағынан қанша облыстан тұрады?/14

34. Республикалық маңызы бар қанша қала бар?/ 2

35. Қазақстанда қанша қала, неше аудан, қанша ауылдық мекендер бар?/ 85 қала, 160 аудан,7719 ауылдық елді мекен бар

36. ҚР мемлекеттік тілі / қазақ тілі

37. Ұлттық валюта/ теңге

38. Жылдың ең қысқа күні мен ұзақ түні қай айда болады?/желтоқсан

29. Тәуелсіздік күні/ 16 желтоқсан

30. Көкшетаудағы әдемі көл/ Бурабай

31. Суы тұщы, айналасы қарағайлы, қайыңды орманды көл/Бурабай

32. Аңшылық түрлері/кәсіптік, спорттық-әуесқойлық, ғылыми

33. Дүниедегі ең өсімтал құс/ кекілік

34. Бұлан(лось) қайда кездеседі?/ Солтүстік Қазақстанда

35. Оның биіктігі неше метр?/ 2 м

36. Бұқаларының мүйіздері қашан түседі?/ қаңтар мен ақпанда

37. Жаңа мүйіз қашан шығады?/сәуір

38. Дүние жүзіндегі ең үлкен кит/көк кит, блювал – ұзындығы 28,7, салмағы 140

39. Көктемде қандай мерекелер бар?/ 8, 22 наурыздар мен 1-Ынтымақ күні және 9 мамыр- Жеңіс күні.

40. Күн мен түн теңелетін кез/ наурыз айында

41. Қанша қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды?/518

42. Тұңғыш рет Батыр атағын алған қазақ қыздары/Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова

43. Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие болған қазақстандықтар/Талғат Бигелдинов, С.Д.Луганский, И.Ф.Павлов

44. Қазақтың басты ұлттық тағамы не/ет

45. Жылқының етінен не дайындайды?/ қазы-қарта, жал, жая

46. Ұлттық сусындар/қымыз, айран, шұбат



47. Қазақстанда қымызбен емдейтін санаторий қайда орналасқан?/Көкшетау облысы, Бурабай

48. Ұлттық ойындар/Қыз қуу, асық ойнау, алтыбақан
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет